Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Ақбаев Ж.

Ақбаев Жақып – ғалым, тарихшы, қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысының белді өкілі, заңгер, бірінші құқықтану магистріАқбаев Жақып (1876-1934) – ғалым, тарихшы, қоғам қайраткері, «Алаш» қозғалысының белді өкілі, заңгер, бірінші құқықтану магистрі.

1876 ж. дүниеге келген. 1886 ж. Ж. Ақбаев Қарқаралы мектеп-интернатында оқыды. 1889 жылы Омбы гимназиясында оқиды, сол жылы Томск гимназиясына оқуға түсіп, 1898 ж. бітіріп шығады. Гимназияны бітірген соң Санкт-Петербург университетінің заң факультетіне түсіп, 1903 ж. алтын медальмен аяқтайды. Университеттің үшінші курсында оқып жүргенде Санкт-Петербург археология институтына түседі. Ол патша өкіметінің әділетсіздігін, отаршыл саясатын сынайды. Студент кезінде қазақ интеллигенция өкілдері  Б. Құлманов, Р. Мәрсеков, Н. Айдарханов, Ж. Сейдалин, М. Тынышбаевпен т.б. тығыз байланыста болады. 

1903 ж. Ж. Ақбаев Омск сот ведомствосында, 1904 ж. осы ведомствоның хатшысы, 1905 ж. әлемдік сот қызметтерін атқарды. 1905-1907 жж. төңкеріс Ж. Ақбаевтың саяси белсенділігінің оянуына ықпал етті: осы жылдары ол митингілер мен жиындарда сөз сөйлеп, Омск, Петропавл, Семей, Павлодар, Баянауыл және Қарқаралы қ. көтерілістерге қатысты. “Степной край” (Омск) газетінде жариялаған мақалаларында патша билігі, полицияның өктемдігі,  шенеуніктердің парақорлығын әшкерелеп, халықты патша өкіметінің отаршыл саясаты мен қанауына қарсы бас көтеруге үндеді. 1907 ж. Ж. Ақбаевтың ғылыми қызметінің маңызды кезеңі болып табылады. Осы жылы  «Наброски по обычному, в частности, брачному праву киргизов» диссертациясы негізінде ғылыми еңбегі жарық көрді.

1906-1918 жж. Ж. Ақбаев Семей округтік сотында қызмет етті. 1906 ж. оны мемлекеттік қылмыстық ісі, императорға тіл тигізгені, мемлекеттік құрлысқа қарсы үгіт және насихат жұмыстарын жүргізгені үшін тұтқындалды. 1908 ж. Омскіге, кейін Якутияға жер аударылды. 1910 ж. патшаға қарсы үгіт жұмыстарын жалғағаны үшін, қайтадан Тобылға жер аударады. Ол 1917 ж. Якутияда ақпан демократиялық төңкерісіне қатысқан.       

1917 ж. саяси үндеулер таратқаны үшін Уақытша үкімет тұтқынға алды. 1917 ж. Ж. Ақбаев Алашорда үкіметінің мүшесі болып сайланды. 1917 ж. шілде айында ол Орынбор қ. Жалпықазақ сьезіне қатысады. Алашорданың 2-съезінде тұрақты әскер (26,5 мың адам) құру идеясын ұсынады. Алашорда үкіметіндегі қызметінен кейін Қарқаралы қазақ комитетін басқарады. 

1919 ж. 7 шілдеде Колчак әскери-дала соты Ж. Ақбаевты халықты колчак билігіне қарсы көтеріліске бастағаны үшін ату жазасына кесті. Кейін жазадан құтылған соң, 1919-1927 жж. Семей облысында сот мекемелерін ұйымдастыруға белсенді қатысты. Семей губревкомының заң бөлімінің төрағасы, Семей губерндік халық соттары кеңесінің мүшесі, заң бөлімінің меңгерушісі және Сырдария округтік адвокаттар коллегиясының мүшесі болды. 1921-1924 жж. ол Қарқаралы уезі халық ағарту бөлімінің инспекторы және фольклор жинау жөніндегі комиссия хатшысы қызметін атқарды. 1929 ж. соңында Ж. Ақбаев заңсыз репрессияға ұшырап, Воронежге жер аударылды. 1934 жылы денсаулығына қарай мерзімінен бұрын босап, Алматыға оралады. Сол жылы 60 жасында қайтыс болды. 1958 ж. 28 ақпанда Қазақ ССР-і Жоғарғы сотының шешімімен ақталды.      

Ж. Ақбаев әдет-ғұрып заңдарын, соның ішінде, қазақтардың отбасы құқығын зерттеп,  мерзімді басылымдарда публицистикалық материалдар жариялады.

 

Ж. Ақбаевтың еңбектері

Труды Акбаева Ж.

 

Ақбаев, Ж. Сырым тағдыры - ел тағдыры [Мәтін] / Ж. Ақбаев. - Орал, 1992.- 51 б.

Ақбаев,  Ж. Жанша [Мәтін] : күнбатыс Алашорданың төрағасы Ж. Досмұхамедұлы туралы тарихи әңгiме / Ж. Ақбаев. - Орал, 1994. - 220 б.

***

Ақбаев, Ж. Әдiлетсiз салықтар [Мәтін] / Ж. Ақбаев // Дала уалаятының газетi. - 1901. - 25 март.

Ақбаев, Ж. Қазақтардың отбасылық-неке қатынастары туралы ойлар [Мәтін] / Ж. Ақбаев // Парасат. - 1992. - № 10. - Б. 23-25.

Ақбаев, Ж.  Қазақ халқының шығу тегi туралы тақырыптағы баяндама [Мәтін] : [1923 ж. 23 қаңтарда Семей мем. геогр. қоғамында жасаған] / Ж. Ақбаев // Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагерi. - Алматы : Жетi жарғы, 1996. - Б. 158-181.

Ақбаев, Ж. Қырғыздардың дағдылы, атап айтқанда неке құқықтары жөнiндегi нобайлар [Мәтін] / Ж. Ақбаев // Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагерi. - Алматы : Жетi жарғы, 1996. - Б. 148-156.

Ақбаев, Ж. Қысқаша өмiрбаяным [Мәтін] / Ж. Ақбаев // Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагерi. - Алматы : Жетi жарғы, 1996. - Б. 144-147.

Ақбаев, Ж. Граф Паланге [Мәтін] / Ж. Ақбаев // Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагерi. - Алматы : Жетi жарғы, 1996. - Б. 181-223.

Ақбаев, Ж. Қазақтың әдет құқы, оның iшiнде неке құқы туралы жазбалар [Мәтін] / Ж. Ақбаев // Құл-Мұхаммед М. Алаш ардагерi. - Алматы : Жетi жарғы, 1997. - Б. 81-86.

 

Ж. Ақбаевтың өмірі және қайраткерлігі туралы әдебиеттер

Литература о жизни и деятельности Ж. Акбаева

 

Кітаптар - Книги

 

Құл-Мұхаммед, М. Алаш ардагері [Мәтін] : Ж. Ақбаевтың саяси-құқылық көзқарастары / М. Құл-Мұхаммед. - Алматы : Жеті жарғы, 1996. - 224 б.

Тайшыбай, З. Жақып Ақбаев [Мәтін] : күрескерлік өмірбаяны. Монография / З. Тайшыбай, Н. Дулатбеков. - Алматы : Жеті жарғы, 1997. - 90 б.

Құл-Мұхаммед, М. Алаш қайраткерлері [Мәтін] : саяси-құқықтық көзқарастарының эволюциясы / М. Құл-Мұхаммед; Қазақстан Республикасы Ғылым министрлігі, ғылым академиясы. - Алматы : Атамұра, 1998. - 359 б.

Алаш арыстары - Мұхтар Әуезов [Мәтін] / Абайдың мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық мұражайы. - Семей, 2007. - 28 б.

Ескендірұлы (Әбдешев), М. "Алаш Орда" министрлері [Мәтін] = Министры "Алаш Орды" / М. Ескендірұлы (Әбдешев). - Алматы, 2008. - 113 б. - (Алтынбек Сәрсенбайұлы қоры). - Ақбаев Жақып: б. 10-14.

Төлепберген, Б. Мәңгі жас-Алаш идеясы [Мәтін] / Б. Төлепберген. - Алматы : Алматы баспа үйі, 2008. - Жақып Ақбаев: б. 301.  

Дулатбеков, Н. Алаш ардақтылары: Санк-Петербург іздері [Мәтін] / Н. Дулатбеков. - Алматы : Таймас, 2013.

Бөкейхан, Ә. Мақалалар, сын-зерттеулер және тергеудегі жауаптар [Мәтін] : ғылыми басылым / Ә. Бөкейхан, Ж. Ақбаев, Ә. Ермеков; ақылдастар алқасы Б. Әбдішев; ред. Қ. Асанов; Қарағанды облысының әкімдігі. - Астана : Фолиант, 2013. - 320 б. - (Сарыарқа кітапханасы).

 

Мақалалар – Статьи

 

Қашқынов, Ж. Ақтоғайдан бой көтерген алаштың үш асқары [Мәтін] : [Ә. Бөкейханов,  Ж. Ақбаев, Ә.Ермековтар туралы] / Ж. Қашқынов // Түркістан. - 1997. - 28 мамыр. - Б.2.

Рахымбек, С. Гулаг "архипелагында" [Мәтін] : [Ж.Ақбаев туралы] / С. Рахымбек // Егемен Қазақстан. - 2007. - 30 мамыр. - Б. 7.

Мағауина, З. Рухы биік тұлға [Мәтін] : [алаш арысы, қазақтың тұңғыш құқық магистрі Ж. Ақбаев туралы] / З. Мағауина // Мәдениет жаршысы Мәдениет жаршысы = Вестник культуры. - 2011. - № 6. - Б. 12-13.

Абдрахманова, Ж. Жақып Ақбаев - білікті заңгер [Мәтін] / Ж. Абдрахманова // Заң. - 2012. - № 8. - Б. 34-35.

Тұрабаев, Р. Заңдар - мемлекет дамуының шежіресі [Мәтін] / Р. Тұрабаев // Заң. - 2012. - № 8. - Б. 38-39.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ресурсы

 

Акбаев Жакып (1876-1934) [Электронный ресурс] : [биография] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. – Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=2828&lang=ru (08.02.2017)

Юрист с большим именем [Электронный ресурс] : [биография Акбаева Жакыпа] // el.kz : сайт. – Режим доступа : http://old.el.kz/blogs/entry/content-47869(08.02.2017)

Акбаев Жакып (1876-1934) [Электронный ресурс] : [биография] // Алаш Орда : сайт. – Режим доступа : http://alash.semeylib.kz/?page_id=214&lang=ru (08.02.2017)

Дулатбеков, Н. Санкт-Петербургские страницы Жакыпа Акбаева [Электронный ресурс] : [биография] / Н. Дулатбеков // nomad.su : сайт. Режим доступа : http://www.nomad.su/?a=15-201203190014 (08.02.2017)