Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Көкенай батыр

Үмбетейұлы Көкенай ([1648]-[1728]) – батыр

Көкенай Үмбетейұлы – батыр. Орта жүз құрамындағы арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан. Көкенай “Ақтабан шұбырынды, "Алқакөл сұлама” жылдары қол бастаған ірі тұлғалардың бірі. Әнет баба өнегесін алған.
Ел басына күн туып, қалың жұрт бас сауғалай қашқанда, ша­ңы­ра­ғы­­на қарлығаштың салған ұя­сын бұз­­­бай­мын деп әулие Әнет ба­ба жұрт­та қалған деседі. Ал Кө­ке­н­ай ба­тыр бас­таған әскер қалың жұрт Қа­ра­таудан асып, көшіп кет­кенше жау­дың алдын алып, тос­қа­уыл қою­ды ұйым­дас­тырады. Осын­дай ала­сапыран шақ­та Әнет ба­ба­ның ат жа­лын тарт­қан бес бірдей ұлы жау қо­лынан қа­за табады. Бес ба­ла­сы­ның қазасын ес­тігенде «елі үшін құр­бан болған ұлдың арманы жоқ» деп, Әнет баба қайғыға мо­йы­май­ды. Әнет баба 1723 жылы Қаратау-Қошқарата деген жерде қайтыс болған. Шек-қарнын, өкпе-бауырын сол Қошқар-атаға көміп, сүйегін сөрелеп Көкенай батыр Түркістанға, Қожа Ахмет Яссауи мавзолейінің қасына әкеп жерлеген екен.
“Қалқаман-Мамыр” дастанында Көкенай батыр, мінезі қатты кісі тұлғасында суреттелген. Көкенай батыр мәйіті Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи кесенесіне жерленген.

Дереккөздер:
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.402.
Қазақ Энциклопедиясы, 11 – том
Кемелбаева, А. Көкенай мен Қалқаман [Текст] / А. Кемелбаева // Абай. - 2012. - №1-4. - б. 188-195.