Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Белібаев З.

belibaevБелібаев Закария (1917-1982) – Кеңес Одағының Батыры.

Орталық майдан 60-Армия, 3-понтон-көпір бригадасы, 18-жеке понтон-көпір батальоны көпір салғышы, қызыләскер.

1917 жылы 9 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданы Арқат ауылында туған. Аяқталмаған орта білімді. Совхозда жұмыс істеп, 1939 жылы қызыл Армия қатарына шақырылған. Майдан даласында 1941 жылдың маусым айынан.

Зәкәрия Белібаев 1943 жылы қыркүйек айының аяқ кезінде Днепр өзенінен (Украина астанасы Киев қаласының солтүтігі) өту кезінде ерекше көзге түскен.

Қызыләскер Белібаев қызмет ететін батальон Қызыл Армияны  өзеннен өткізетін өткелмен қамтамасыз ету туралы бұйрық алады. 1943 жылдың 24 қыркүйегі күні түнде жауынгерлер мен техниканы тиеген өткел жау жағына қарай жылжиды. Өткелді байқап қалған немістер қырған атысты бастайды. Понтонерлер бірінен соң бірі ажал құшады. Бөлімше командирі ауыр жараланады. Қызыләскер З. Белібаев басшылықты өз қолына алып, адамдар мен техниканы құтқару үшін барлық жағдай жасауға тырысады. Асқан сабырлық пен ержүректіліктің арқасында понтонның тесілген жерін  өңдеп өткелді іске қосады. Нәтижесінде ержүрек понтонер арғы жағаға алғашқылардың бірі болып десант өткізеді. Қарша бораған оқ астында батыр жерлесіміз бірнеше тәулік бойы жауынгерлер мен техниканың өткелден үздіксіз өтуін қамтамасыз еткен. Бүлінген өткелді қолма-қол жөндеп іске қосып отырған.

1943 жылғы 17 қазандағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін қызыләскер Белібаев Закарияға Кеңес Одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» (№ 1765) медалі қоса тапсырылды. Соғыстан кейін ержүрек жауынгер өз ауылына оралып, «Арқат» совхозында жұмыс істеген. 1982 жылы 5 маусымда қайтыс болды. Ленин, 2-дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.

З. Белібаев  туралы әдебиеттер

Литература о Белибаеве З.

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др.; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - С. 140.

Герои Советского Союза - казахстанцы: В 2 т. - Алма-Ата : Казахстан, 1968. – С. 117.

Герои Советского Союза – семипалатинцы / Сост. Перебеева М.И. – Семипалатинск: Семей - печать, 2004.- С. 10

Отан батырларын мадақтайды : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

Семипалатинску 285 лет / Сост. К.А.Байгужинов, М.А.Галиев.- Семипалатинск, 2003.- С.53.

Мусин М. Ш. Две войны за спиной, и ни одной царапины: [о Герое Советского Союза из Абайского р-на Закарии Белибаеве] // Рудный Алтай. - 2010. - 10 авг. - С. 5.

Шарипханулы Е. Если не мы, то кто же? : [о Герое Советского Союза из Абайского р-на Закарии Белибаеве] // Спектр. - 2014. - 22 окт. 

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Герои страны http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=5838

Биографии Героев и писателей СССР 

Герои страны 

Ветеран ВКО