Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Берестов Ф.С.

Berestov Fd SrgБерестов Федор Сергеевич (1922-1944) – Кеңес  Одағының  Батыры.

Кеңес Одағының Батыры, 201-гвардиялық атқыштар полкы бөлімшесінің командирі, гвардия сержанты.

1922 жылы 10 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы Глубокое поселкесінде дүниеге келген. Білімі бастауыш. «Прогресс» колхозында алдымен  егісте, кейін киномеханик, май құюшы  жұмыстарын істеді. 1941 жылы тамызда әскер қатарына шақырылды.

Федор Берестов 1941 жылдың қыркүйегінен Ұлы Отан соғысына қатысты. 201-гвардиялық атқыштар полкында бөлімше командирі  (67-гвардиялық атқыштар дивизиясы, 6-гвардиялық  армия, 1-Прибалтика майданы). Комсомол, гвардия сержанты Федор Берестов Ратьков деревнясы (Шумилов ауданы Витебск облысы) маңындағы ұрыста ерекше көзге түсті.

Белоруссия мен Прибалтиканы азат етуде ерен ерлік үлгісін  көрсетті. 1944 жылы маусымда сержант Федор Берестов 1-Прибалтика майданы  6-гвардиялық  армиясы,   67-гвардиялық атқыштар дивизиясының 201-гвардиялық атқыштар полкы бөліміне басшылық етті. 

1944 жылы 23 маусымда Витебск облысы Шумилин ауданы Ратьков деревнясы маңындағы ұрыс кезінде Берестов өз бөлімшесімен жау қорғанысына кіріп, пулеметті дзотты  гранатамен жойды. 24 маусымда полкта алғашқылардың бірі болып Батыс Двина арқылы өтіп, 8 жау солдатымен бетпе-бет айқасқа түсіп, олардың көзін жойды. Осы ұрыстар үшін Берестовқа  Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. 

Кейін Берестов кіші лейтенант, сондай-ақ  батальон комсоргы болды. Шяуляйдың солтүстігіндегі соғыста Берестов ротаның жарақат алған командирінің орнына  жауынгерлерді  шабуылға көтерді. Ұрыс кезінде рота Дарменкай деревнясын, 2 жүк тиегіш, 1 жеңіл автокөлік, 2 шабуылдаушы зеңбірек пен тұтқындарды қолға түсірді.  

1944 жылы 27 қазанда Ф.С. Берестов Латвия ССР-інің  Приекул қаласын жаудан азат ету кезінде қаза тапты.

1945 жылы 24 наурызды КСРО Жоғарғы Кеңесінің Президиумының Жарлығымен неміс-фашист басқыншыларымен ұрыста әскери тапсырманы үздік орындап, ерлік пен батырлықтың үлгісін көрсеткені үшін гвардия сержанты Федор Берестовқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Ф. Берестов  Приекуле қаласында (Латвия) бауырластар зиратында жерленген. Батырдың туған отанында, Шығыс Қазақстан облысы, Глубокое поселкесінде мемориалды тақта орнатылған.

Ф. Берестов туралы әдебиеттер

Литература о Берестове Ф.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – С.14.

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с. – Библиогр.

***

Потапов, А. Отзовитесь друзья однополчане [Текст] / А. Потапов // Знамя коммунизма. - 1963. - 4 июня. 

Бормотов, Д. Бессмертие: о Герое Советского Союза восточноказахстанце Ф. С. Берестове  [Текст] / Д. Бормотов // Знамя коммунизма. - 1964. - 25 февраля.

Фролов, П.Высокой награды достоин [Текст] / П. Фролов // Рудный Алтай. - 1968. - 10 января.

Герои Советского Союза - казахстанцы [Текст]. - Алма-Ата:Казахстан. - 1968. - Т. 2. - С.131.

Фролов, П. Он не погиб тогда [Текст] : [о Герое Советского Союза О. Ф. Берестове] / П. Фролов // Огни Прииртышья. - 1976. - 17 янвваря.

Навечно в памяти народной [Текст] : [о Герое Советского Союза, уроженце п. Глубокое Ф. С. Берестове] // Огни Прииртышья. - 1980. - 8 мая

Герои Советского Союза [Текст] : историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др.; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 157.

 

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

Берестов Федор Сергеевич [Электронный ресурс] // Герои страны: сайт. - Режим доступа: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=8009 (дата обращения: 20.09.2016)
Герои страны http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=5838

Биографии Героев и писателей СССР 

Герои страны 

Ветеран ВКО