Бочарников Петр Степанович (1907-1944) - Кеңес Одағының Батыры.
1907 жылы Алтай өлкесі Шаршин ауданының Ермачиха ауылында туған. Бастауыш білім алған.
1930 жылдан бастап Шығыс Қазақстанға қоныс аударып, Зырян (казіргі Алтай) кеніштерінде жұмыс істеген. Андижандағы жаяу әскер училищесін бітірген. 1943 жылдың ақпан айынан Қызыл Армия қатарында. 1943 жылдың қазан айынан бастап майдан шебінде болған.
1944 жылдың сәуір айынан бастап кіші лейтенант Петр Бочарников 3-Украина майданы, 57-армиясы, 52-атқыштар дивизиясындағы 429-атқыштар полкінің взводын басқарды. Днестр өзенінен өту кезінде ерлігімен көзге түскен сондай-ақ Кривой Рог, Николаев қалаларыне азат етуге қатысқан. 1944 жылы сәуірдің 12-нен 13-не қараған түні Бочарников Молдавияның Григориополь ауданы Бычок селосының тұсынан Днепр өзенінен өтті. Осы кезде Гура-Быкулуй селосының оңтүстік шығысына орналасып алған фашистің қос пулеметі совет әскерлерінің алға жылжуына мүмкіндік бермеді. Өз өміріне қауіп төнгеніне қарамастан П. Бочарников оқ жаудырып жатқан сарайға кіріп барып, 7 неміс әскерінің көзін жойып, өз бөлімшесінің алға жылжуына жол ашады.
1944 жылдың 14 сәуірінде кескілескен шайқаста қаза табады. Гура-Быкулуй селосының шығыс жағына жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылғы 14 қыркүйектегі Жарлығымен П.С. Бочарниковқа қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Зырян қаласының бір көшесіне батыр есімі берілген.
П. С. Бочарников туралы әдебиеттер
Литература о П. С. Бочарникове
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.
Шығыс Қазақстан облысы.Энциклопедия/ Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014.-Б.281.
***
Зыряновск [Текст]. - Алма-Ата : Казахстан, 1991. - 192 с.
Есть в памяти мгновения войны [Текст] / сост. Л. В. Аксенова. - Усть-Каменогорск : Медиа-Альянс, 2010. - 65 с.
Интернет-ресурстар
Интернет ресурсы
Победа 1945.kz
МБОУ "Мамонтовская средняя общеобразовательная школа" Мамонтовского района Алтайского края