Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Варепа И.И.

Varepa IvanIosifovich Варепа Иван Иосифович (1910-1981) - Кеңес Одағының батыры.

Иван Иосифович Варепа - орталық майданның 61-армиясының 77-гвардиялық атқыштар дивизиясының 218-гвардиялық атқыштар полкінің пулемет есебінің командирі, гвардияның кіші сержанты.

1910 жылы 19 сәуірде (1 мамыр) Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Шар ауданы (қазіргі Жарма ауданы) Перьятинка селосында шаруа отбасында туған. Бастауыш класты бітіріп, «Октябрьдің 30 жылдығы» атындағы колхозда ауылда тракторшы болып істеген.

1941 жылдың шілде айынан Қызыл Армия қатарында, ал 1943 жылдың тамызынан бастап майдан даласында болады. Орталық, Сталинград, Украина, 2-Белорус майдандарына қатысқан. Екі мәрте жараланған.  

1943 жылдың 27 қыркүйегінде Украинаның Чернигов облысы Неданчичи селосының тұсында 218 гвардия атқыштар полкінің (77 – гвардия атқыштар дивизиясы, Орталық майдан, 61 армия) пулеметшілер тобының командирі кіші сержант Иван Варепа қарша бораған оқтың астынанқаймықпай алдыңғылардың бірі болып, Днепр өзенінің оң жағалауына өтеді.

И. Варепа басқарған зеңбірекшілер тобы жаудың төрт шабуылының бетін қайтарып, 20 фашистті жер жастандырған, бірнеше пулемет ошақтарының көзін жойған. Сөйтіп 218 гв. атқыштар полкі бөлімшелерінің өткелден аман өтуін қамтамасыз еткен.

Днепр үшін болған шайқастың батыры И.И. Варепа кіші лейтенанттарды оқытатын армиялық курсты аяқтап, офицер атағын алды, пулеметшілер взводын басқарды. Әскери жорығын Берлинде аяқтап, 1945 жылы КПСС қатарына кірді.

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығы бойынша 1944 жылы 15 қаңтарда әскери тапсырманы орындау кезінде көрсеткен батылдығы мен ержүректілігі үшін гв. кіші сержанты Варепа Иван Иосифовичке Кеңес Одағының Батыры атағы, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» (№ 3070) медалі қоса тапсырылады.

Соғыстан кейін гвардия лейтенанты И.И.Варепа Қазақстанға оралды. Семей облысының Шар ауданында колхозда еңбек етті. 1981 жылы 15 наурызда қайтыс болды. Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы Әуезов кентінде жерленген.

И. И. Варепа туралы әдебиет 

Литература о Варепа И. И.

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – С. 23.

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др.; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - С. 239 – Т.1

***

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – С. 167-168.

Мақалалар – Статьи

Швец, П. Пулеметчик Иван Варепа / Швец П. // Рудный Алтай. - 1969. - 13 марта.

Керейбаев, К. Жарминцы в годы войны: [О подвигах жарминцев на фронте и в тылу во время Великой Отечественной войны] / Керейбаев К. // Рудный Алтай. - 2000. - 10 июня. - С. 3.

Интернет ресурстар 

Интернет ресурсы

Варепа, И. И [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : сайт . – URL: http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=10637 (дата обращения 19.03.2020)

Бессмертный полк