Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Иевлев П.А.

Иевлев Павел Антонович (1906-1988) - өлкетанушы, журналист

Павел Иевлев 1906 жылы 17 наурызда Алтай өлкесінің (Ресей) Чарыш селосында туған.

17 жасынан тайгадағы Татарка селосында ауылдық Кеңес секретары болып қызмет істеген.  Әдеби шығармашылығы «Риддерский рабочий», «За Большой Риддер» («Ульбастрой»), «Прииртышская правда» газеттерінен басталған.

1938-1940 жылдары «Қазақстанда зерттеу қоғамының»  Риддер басқармасы аудандық бөлімінің секретары болып сайланды. 1940 жылы «Жиырмасыншы жыл» атты комсомолдық жыр жинақта  өлеңдері жарық көрді.  

П.А. Иевлев – Ұлы Отан соғысына қатысқан. «Қызыл Жұлдыз», І-дәрежелі Отан соғысы  ордендерінің, «Ерлігі үшін»  медалінің т.б. көптеген  марапаттардың  иегері. Соғыстан кейінгі  жылдары «Алтай большевигі», «Лениногорская правда» т.б. өңірлік баспасөзде қызмет етті.

П.А. Иевлев- КСРО Журналистер Одағының мүшесі. Лениногорск қаласының тарихы туралы жазылған алғашқы еңбек - «Риддер-Лениногорск» кітабының авторы. Кітаптың құжаттарын автор 27 жыл бойы жинаған.

1978-1984 жылдары Павел Анатоьевич Иевлев «Лениногорская правда» газетінің жанындағы «Родник» әдеби бірлестігін басқарды. Оның мақалалары «Ленинская смена», «Рудный Алтай», «Лениногорская правда» газеттерінде жүйелі түрде басылып тұрды.

Литература:

Немцев М. С. Иевлев (Алтайский Горный) Павел Антонович // Немцев М. С. Лениногорск литературный. - Лениногорск, 2002. - С. 53-54.
Павел Антонович Иевлев [Электронный ресурс] // Архивная служба Восточно-Казахстанской области. Фонды личного происхождения госархива г. Риддер.
Творчество не знает старости // Рудный Алтай. - 1986. - 17 апр.