Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Никифоров И.Д.

Никифоров И. В. Никифоров Иван Дмитриевич (1939 ж.), өлкетанушы.

1939 жылы 14 маусымда Шемонаиха ауданы Убинка ауылында дүниеге келген. Убинка жеті сыныптық мектебін, Өскемен педагогикалық училищесін тәмамдайды. Үлкен Нарын ауылына жұмысқа жіберіледі. Бір жылдан соң Предгорное аудандық комитеті комсомолының нұсқаушысы болып тағайындалады.
Ауылға оралған соң, мектеп мұғалімі кейін директор орынбасары қызметтерін атқарады. 1965 жылы колхоздың партия ұйымының хатшысы болып сайланады. Өскемен педагогикалық институтының тарих-филология факультетін, ауыл шаруашылық техникумын, колхоз бен совхоздарға жетекшілік ету курстарын аяқтайды.
1969 жылы Қазақстан колхозшылары ІІ съезінің делегаты болады. 1973 жылы партия ұйымының беделді хатшысы Қазақстан компартиясының Шемонаиха аудандық комитетінің идеологиялық бөліміне жұмысқа шақырылады. Кейінірек И.Д.Никифоров аудандық Кеңестің депутаты және еңбекшілер аудандық кеңесі депутаттарының орындаушы комитеті төрағасының орынбасары болып, осы қызметте 17 жыл аянбай еңбек етеді. Бұл ауданның белсенді түрде салынып, өнеркәсіп дамып, жол құрылысы, сауда мен тұрмыстық қызмет бой көтеріп келе жатқан кезең еді.

1988 жылы И.Д.Никифоров кандидаттық диссертация қорғап, тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алды.
1990 жылы №2 Шемонаиха орта мектебінің директоры болып тағайындалады. 10 жыл бойы осы жетекшілігімен бірге ұстаздық қызметті бірге алып жүреді. Құрметті демалыста болса да, тарих пәнінің мұғалімі болып жұмыс істейді. №2 орта мектепте «Поиск» клубын ұйымдастырады. Төрт жыл ішінде ұлдарымен бірге Алтай, Колывань, Змеиногорск, Алматы, Астана, Семей, Рулиха, Уба, Санкт-Петербургке экспедиция жасаған.