Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Бикетов М.Ф.

Biketov Mhl Flp pkosБикетов Михаил Филлипович (1923-2002)«Даңқ» Орденінің толық иегері

Михаил Бикетов 1923 жылы 1 мамырда Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданының Соловьево селосында дүниеге келген.

1942 жылдан Қызыл Армия қатарында. 1944 жылдыңнаурызынан майданда. 120-шы гвардия атқыштар полкінің (39-шы гвардия атқыштар дивизиясы, 1-ші Белоруссия майданы) қатардағы гвардияшы жауынгер Бикетов 20.07.1944 жылы алғы шептегі отряд сапында Западный Буг (Польша, Хелм қаласының шығыс жағы) өзенінен өтерде алғашқылардың бірі болып арғы бетке шыкты, басқа жауынгерлермен бірге жау шабуылына тойтарыс беріп, адам күшін сақтап қалуға ықпал етті.

1944 жылы 24 шілдеде Люблин қаласындағы көше ұрысында жаудың 10 солдатын өлтірді, жаралы рота командирін ұрыс алаңынан алып шықты.

1944 жылы 5 тамызда  ІІІ- дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1945 жылы 31 қаңтарда Познань қаласының түбінде жау шебіне жасырын барып, автоматпен доттағы 3 пулеметшіні атып өлтірді. Бұдан соң басқа доттағыларды кұртуға қатысты. Осы шайқаста жараланса да, ұрысты тоқтатпады.

1945 жылы 11 ақпанда ІІ- дәрежелі Даңк орденімен марапатталды.

1945 жылдың 25-30 сәуір аралығында Берлин үшін болған шайкаста гранатаметпен төрт пулемет нүктесін жойды, гитлершілер бекінген үйді өртеп жіберді, жаудың 20 солдаты мен офицерін құртты.

1946 жылы 15 мамырда 1- дәрежелі Даңк орденімен марапатталды.

1945 жыл старшина Бикетов әскер қатарынан босады. Зырян ауданында тұрып, ауылшаруашылығы саласында еңбек етті.Кейін Иркутск облысы Казачинско-Ленский ауданы Улькан селосына қоныс аударды. 2002 жылы қайтыс болған.

Бірінші дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен марапатталған.

М. Ф. Бикетов туралы әдебиет

Литература о М. Ф. Бикетове

 

Андреев Г.И., Вакуров И.Д. Солдатская слава. Кн. 3. - М., 1971.

Белан П.С., Потапов А.В., Честнов С.И. Доблесть солдатская. – А, 1974.

Есть в памяти мгновения войны  = Отты жылдар есімізде / сост. Л. В. Аксенова. - Усть-Каменогорск, 2010.

Кавалеры ордена Славы трех степеней: Краткий биографический словарь. — М., 2000. — 703 с.

Рухы күштілер=Сильные духом. – Усть-Каменогорск, 2015.

 

М. Ф. Бикетов туралы мерзімді басылымдардағы жарияланымдар

Публикации о М. Ф. Бикетове в периодических изданиях

Сосновская, О. Помнить славные дела земляков [Текст]: сразу три сельские школы в Зыряновском районе будут названы в честь земляков-героев, храбро сражавшихся за нашу свободу в годы Великой Отечественной войны / О. Сосновская // Рудный Алтай. - 2015. - 25 сент. - С. 5.

Тургусунов, Степан. Школе - имя фронтовика [Текст] / С. Тургусунов // 7 дней. - 2016. - 22 декабря. - N 51. - С. 2.

Сосновская, Оксана. Школам - имена героев [Текст] / О. Сосновская // Вести Семей. - 2015. - 6 октября. - С. 4.

 

Интернет-ресурстар:

Миноборона России