Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Капорин А.Е.

KaporinAleksEmelКапорин Александр Емельянович (1924-2007) - «Даңқ» Орденінің толық Иегері.

Александр Капорин 1924 жылы 12 желтоқсанда  Семей облысы Бородулиха ауданыньщ Шелехово селосында туылды. 1942жылдың тамызынан Қызыл Армия қатарында. 1942жылдың қыркүйегінен майданда.

286-шы артиллерия полкінің (111-ші атқыштардивизиясы, 52-ші армия, 2-ші Украина майданы) оқтаушысы болды. Қатардағы жауынгер Капорин 26.08.1944 жылы Герменешти (Румыния, Яссықаласынан 50 шақырым) елді мекеніндегі ұрыста туракөздеумен жаудың төрт пулеметі мен 15 солдатын жоқетті.

1944 жылы  18 қыркүйек ІІІәрежелі Даңқ орденіменмарапатталды.

Сержант Капорин осы полктің, дивизия мен армияның сапында (1 -ші Украина майданы) 10.02.1945 жылы Хашмер елді мекені маңындағы (Заган, қазіргі Жагань каласы, Польша) шайкаста тура көздеумен жаудың алты пулеметін, танкке қарсы қондырғысы мен 20 адамын жойып жіберді.

1945    жылы 24 ақпан ІІ-дәрежелі Даңк орденімен марапатталды.

1945    жылы  17 сәуір Нидер-Цодель (Герлиц каласы, Германия) елді мекені үшін болған шайкаста Капорин тура көздеу арқылы көптеген жау солдаттарын катардан шығарып, алты пулемет нүктесін жойды.

1945    жылы  27 маусым 1-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Старшина Капорин 1947 жылы әскер қатарынан босатылды. Шығыс Қазақстан

облысының Шемонаиха қаласында түрды. Бірінші дәрежелі Отан соғыс орденімен, медальдармен марапатталды. Ол Шемонаиха 2007 жылы кайтыс болды.

Әдебиеттер:

  • Белан П.С., Потапов А.В., Честнов С.И. Доблесть солдатская.-  А., 1974.
  • Кавалеры ордена Славы трех степеней: Краткий биографический словарь. — М., 2000. 
  • Капорин Александр Емельянович : [некролог] // Рудный Алтай. - 2007. - 29 авг.
  • Рұхы күштілер/Сильные духом. – Усть-Каменогорск, 2015.

Интернет-ресурстар: