Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Киселев Н.И.

Kiselev Nkl Al pkosКиселев Николай Иванович (1924-1980)- «Даңқ» Орденінің толық Иегері.

Николай Киселев 1924 жылы 20 желтоқсанда  Тверь облысыньщ Новинка селосында дүниеге келген. 1934 жылы ата-анасыменАқжал қорғасын кенішіне көшіп келген.Қызыл Армия катарына Семей облысыньң Жарма аудандық әскери комиссариатынан шакырылған. 1942 жылы саперлердің қыскаша дайындық курсынан өтіп, майданға жіберілген. 1943 жылдың ақпанынан майданда. Әуелі Орталық, одан кейін 1-ші жэне 4-ші Украина майданы кұрамында соғысқа қатысты.

1945 жылдың қаңтарында дивизия Краков бағытында ұрыс жүргізді. Саперлар шабуылдаушы топтың кұрамында алғы сапта жүріп, даланы миналардан тазартты, ұзақ уақытқа арналған корғаныс қүрылыстарын жермен жексен етті. 77-ші гвардиялык саперлар батальонының бөлімше командирі гвардия сержанты Н. Капорин өз бөлімшесімен 1945 жылдың 20-23 қаңтарында Бельско-Бяла (Польша) қорғаныс шебін бүзар кезде даланы миналар мен тікенек сымдардан арылтып, танктер мен жаяу әскелерге қарсы қолданатын 180 минаны залалсыздандырды.

1945    жылы  27 қаңтарда  ІІІ-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№247409).

1945 жылдың ақпанында дивизияның алдыңғы бөлімшелері Рыхульд елді мекені ауданында (Струмень каласынан 6 шакырым оңтүстік батыс жагында, Польша) Висла өзенінің томенгі сағасындагы плацдармды басып алды, жау қайта ұмтылғанда гвардия сержанты Н.И. Киселев ауыр жараланган командирдің орнына жауынгерлерді шабуылга көтерді. Қояма-қолтық ұрыс басталғанда саперлар 80 гитлершіні олтірді, олардың он бесі Киселевтің қолынан ажал құшты.

1945    жылы 29 мамырда  ІІ-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№19010).

1945 жылдың 1 мамырына қараған түнде Одер өзені бойындағы (Чехословакия) Витковице және Забржек елді мекендерінде гвардия сержанты Киселев взводтың қорғанысын баскарды. Гранатпен және автоматпен 10 фашист солдатын өлтіріп, жаудың атыс нүктесінің үнін өшірді. Атыс кезінде аяғынан жараланғанымен ұрысты жалғастыра берді. Бөлімшеге басшылык жасай жүріп, тағы да алты фашисті о дүниеге аттандырды. Ол жаудың беті кайтқаннан кейін ғана госпитальға баруға келісті

1946    жылы 15 мамырда 1-ші дәрежелі Данк орденімен марапатталды (№1567).

1980 жылы 5 маусымда  кайтыс болды. Қостанай облысыньщ Рудный қаласындажерленді. Николай Иванович Киселевтің есімі Томск каласындагы Жауынгерлік Даңқ аллеясындағы Ескерткіш тақтаға жазылған.     

Әдебиеттер:

  • Андреев Г. И., Вакуров И. Д. Солдатская слава // Очерки о полн. кавалерах ордена Славы. Кн. 3. — М., 1971.
  • Белан П. С, Потапов А. В., Честнов С. И. Доблесть солдатская. — А., 1974.
  • Кавалеры ордена Славы трех степеней: Краткий биографический словарь. — М., 2000.
  • Рұхы күштілер/Сильные духом. – Усть-Каменогорск, 2015

Интернет- ресурстар: