Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Кондратьев В.Н.

Kondratev Vas Nkl pkosКондратьев Василий Николаевич (1925-1988) - «Даңқ» Орденінің толық Иегері.

Василий Кондратьев 1925 жылы 14 қаңтарда Псков облысының Пушкиногорск ауданындағы Подберезье деревнясында дүниеге келген.

¥лы Отан соғысы басталғанда жасының  толмауына байланысты мобилизацияға ілікпеді, жау басып алған территорияда тұруға мәжбүр болды. Партизандар отрядына кірді. А.В. Герман атындағы үшінші Ленинград партизан бригадасы құрамында соғысты.1944 жылы армия бөлімшелеріне қосылғаннан кейін Ленинград облысының Гатчинск әскери комиссариаты Қызыл Армия қатарына жіберді.

Жауынерлік жолы түгелімен 80-ші атқыштар дивизиясы құрамында өтті. Карельск мойнағында, Польшада, Чехословакия, Германия жерінде соғысты.

Буско-Здруй, Домброва-Гурне (Польша) қалаларымаңында 1945 жылдың 18 қаңтарынан 1 ақпанына дейінболған шайқастарда аға сержант Кондратьев минометпен 10-нан астам фашистерге өлім құштырып, үш атыс нүктесін жойды, құнды мәлімет берген «тілді» қолға түсірді.

1945 жылы 17 ақпанда ІІІ- дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№294906).

1945 жылдың 3 наурызында Грос-Шиммендорф (Ополе каласы, Польша) елді мекеніне жакын жердегі жау шабуылын тойтарғанда Кондратьев 20 немісті жер жастандырып, өздігінен жүретін екі қондырғыны істен шығарды. Ол осылай батальонның командалық пунктін қорғап қалды. Осы жолы жарақат алды, сондада ұрыс даласын тастап кетпеді.

1945 жылы  11 сәуірде ІІ-дәрежелі Даңк орденімен марапатталды (№ 14613).

1945 жылдың 7 мамырында Наход қаласындағы жау қоршауын бұзуда (Карловецкий край, Чехия) Кондратьев алғашқылардың бірі болып жау орналаскан жерге басып кірді, үш жаяу әскерді өлтіріп, төртеуін түтқындады, гранатамен пулемет нүктесін талкандады.

1945 жылы 27 маусымда 1-ші дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды (№85).

1948 жылы старшина Кондратьев әскер катарынан босады. Семей каласында тұрды.1988 жылы  6 қыркүйекте қайтыс болды.

Әдебиеттер:

  • Белан П. С, Потапов А. В., Честнов С. И. Доблесть солдатская. — Алма-Ата, 1974. Кавалеры ордена Славы трех степеней: Краткий биографический словарь. — М., 2000.
  • Подвиги героев бессмертны. - Псков, 2005.
  • Полные кавалеры ордена Славы. Биографический словарь. Т.1. - М., 2010.
  • Рұхы күштілер/Сильные духом. – Усть-Каменогорск, 2015.

Интернет-ресурстар: