Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Кузнецов А.М.

Кузнецов Александр Михайлович (1909 - 1988) –«Даңқ» Орденінің толық Иегері.

Александр Кузнецов 1909 жылы 23 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Жаңасемей ауданы Талица селосында туған. 1939 жылға дейін колхозда, содан кейін Ертіс өзенінде бәкенші болып істеген. 1931-1934 жылдан –Қызыл Армия қатарында. Армияға қызмет етіп жүрген кезде сауат ашу мектебінде оқыған.

1941 жылдың қыркүйек айынан майданда. 837-атқыштар полкі пулемет бөлімшесінің командирі (238-атқыштар дивизиясы, 50-армия, 2-Белорус майданы).

1944 жылдың 23 маусымында кіші сержант Кузнецов шабуыл барысында Скварск деревнясы тұсында, Бася өзенінен  (Белоруссия, Могилевская обл. Чаусский район) өтіп, алғашқылардың бірі болып жау траншеясына келіп,  8 гитлершілдердіі көзін жойды.

1944 жылы 27 маусымда Могилев қаласының түбінде Днепр өзенінен өтіп, өткелден атқыштар бөлімінің шығынсыз өтуін қамтамасыз етті.  1944 жылы 28 маусымдағы қаладағы көше соғысы кезінде 12 жау әскерт жоқ қылды.

1944 жылы 4 қыркүйекте ІІІ-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды. 

1945 жылы 28-30 қаңтар аралығында сол полк пен дивизияның (49-армия, 2-Белорус майданы) 45-зеңбірекшілер командирі кузнецов Ридбах елді мекені мен Бишофсбург қаласы (Бискупец қаласы, Польша) үшінболған ұрыста тура нысанамен оқ жаудырып, 3 пулемет ошағының үнін өшірді.

1945 жылы 7 наурызда ІІІ- дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1971 жылы 24 желтоқсанда қайтадан І-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1945 жылы 10 наурызда Картхауз (Данциг қаласынан 40 км оңт-батыста, қазіргі Гданьск қаласы, Польша) қаласын басып алу кезінде жаудың көптеген пулеметтері мен солдаттарының көзін құртты. 13 наурызда сол аудандағы биіктікті алу кезінде жаудың 4 оқ жаудырар ошағын ,15 гитлершілдердің көзін жойып жіберді.

1945 жылы 30 сәуірде ІІ-дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1945 жылы қараша айында әскер қатарынан босады. Семей қаласындақалалық су жүйесінде мсоторшы болып жұмыс істеді. І-дәрежелі Отан соғысы орденімен, медальдармен (оның ішінде «За  отвагу», «За боевые заслуги») марапатталған. 1988 жылы қайтыс болған.

Әдебиеттер:

  • Белан П. С, Потапов А. В., Честнов С. И. Доблесть солдатская. — Алма-Ата, 1974.
  • Кавалеры ордена Славы трех степеней: Краткий биографический словарь. — М., 2000.
  • Подвиги героев бессмертны. - Псков, 2005.
  • Полные кавалеры ордена Славы. Биографический словарь. Т.1. - М., 2010.
  • Рұхы күштілер/Сильные духом. – Усть-Каменогорск, 2015.

Интернет-ресурстар: