Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Синенко П.С.

Синенко Павел Сергеевич -  Даңқ Орденінің толық КавалеріСиненко Павел Сергеевич (1909-1985) - Даңқ Орденінің толық Кавалері.

1909 жылы 15 мамырда Алтай өлкесі Шипунов ауданы Быково селосында дүниеге келген. 4 кластан кейін еңбекке араласып, ұста, электр станциясы машинисі мамандықтарын меңгереді.

1941 жылдың қыркүйегінен Қызыл Армия қатарында болып, 1941 жылы қазан айында майданға аттанады.

1944 жылы ақпанда Псков облысы Пустошка қаласы маңындағы шайқаста Синенко жау пулеметін, танкке қарсы құралдарды жойды.

1944 жылы 19 наурызда ІІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1944 жылы 25 шілдеде сержант Синенконың жетекшілігіндегі миномет бөлімшесі Даугавпилс қ. (Латвия) солтүстігіне қарай жүргізілген ұрыста 10 шақты жау әскерін жойды. Жау әскерінің жойқын шабуылдарына Синенконың жауынгерлері тойтарыс берді.  

1944 жылы 8 қаңтарда ІІ дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

1945 жылы 24 сәуірде Берлин қаласы үшін Плетцензе ауданында болған ұрыста 780-артиллерия полкының 1-ші дивизиясының зеңбірек командирі сержант Синенко автоматшылар тобын жойды. 1945 жылы 30 сәуірде рейхстаг ауданында Синенко жаудың бақылау пунктін талқандады.

1946 жылы 15 мамырда І дәрежелі Даңқ Орденімен марапатталды.

1945 жылы қыркүйекте майданнан туған еліне қайтты. Шипунов совхозында токарь болып жұмыс істеді. Отставкадағы старшина. 1979 жылдан бастап Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында тұрды.

1985 жылы 30 маусымда қайтыс болды.

Синенко П. С. туралы әдебиет

 Литература о Синенко П. С.

Белан, П. С.. Доблесть солдатская [Текст] : [Очерки] / П. Белан, А. Потапов, С. Честнов. - Алма-Ата : Казахстан, 1974. - 335 с.

Кочетов, А. В. Солдатская слава / А. В. Кочетов. - 4-е изд., перераб. и доп. - Барнаул : Алт. кн. изд-во, 1985. - 287 с.

Кавалеры ордена славы трех степеней : Крат. биограф. словарь / М-во обороны Рос. Федерации. Гл. упр. кадров, Ин-т воен. истории. Центр. архив; [А.А. Бабаков (рук.) [ и др.]; Редкол.: Д.С. Сухоруков- пред. [и др.]. - М. : Воениздат, 2000..

Пуссеп, Г. Н. Почетные граждане Усть-Каменогорска [Текст] / Г. Н. Пуссеп, С. С. Грекова. - Усть-Каменогорск : [б. и.], 2008. - 133 с.

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы:

Синенко П. С.  [Электронный ресурс] : [биография] // Официальный интернет-ресурс Усть-Каменогорского городского маслихата : сайт. – Режим доступа : http://ukmaslihat.vko.gov.kz/ru/citizens_51.htm (18.04.2019)

Синенко П. С.  [Электронный ресурс] : [биография] // Ветераны Восточно-Казахстанской области : сайт. – Режим доступа : http://veteran-vko.kz/ru/glory.htm?id=24 (18.04.2019)