Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Аюханов Б.Ғ.

Аюханов Болат ҒазизұлыАюханов Болат Ғазизұлы (1938-2022) - биші, балетмейстер, педагог

1938 жылы 13 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. Алматы хореографиялық училищесін А.Селезневтің класы бойынша, Санкт-Петербордағы А.Ваганова атындағы би академиясын, ГИТИС-тің балетмейстерлік бөлімін тәмамдаған. Биші, педагог, балетмейстер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

1957-1959 жылдары Қазақ опера және балет театрының бишісі болған. 1964 жылы Алматы хореография училищесінің басшылығына тағайындалды. Үш жылдан соң «Алматының жас балеті» ұжымын құрды, бұл - қазіргі Мемлекеттік академиялық би театры. Сол жылдан бастап осы ансамбльде билер мен хореографиялық миниатюраларды, композицияларды («Аққу», «Айтыс», «Аңшылар биі», «Жайдарман»), бір, екі актылы балеттерді (М.Равельдің «Болеросы», В.Булгаровскийдің «Қазақ сувенирі», А.Исакованың «Гамлет», «Жарыс», «Батырлары», Т.Қажығалиевтің «Керуені», Н.Закировтың «Мәңгүрті», Бизе-Щедриннің «Кармен-сюитасы») сахнаға қойды. Сондай-ақ Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» (Ш.Жиенқұловамен бірге), Д.Шостаковичтің 4-ші симфониясы бойынша «Қылмыс пен жаза», П.Чайковский мен М.Плетневтің «Евгений Онегин», Ф.Шопеннің «Шопениана», «Пахита» балеті негізінде қойылған гран па (жеке өзінің хореографиялық болжамдары) тәрізді жұмыстары қазақ балетінің ғана емес, дүние жүзілік балет тарихына енген жаңалықтар болды. 1997-1998 жылдары А.Мелоди-Кузьминнің музыкасына «Әлі ымырт емес», француз композиторларының әуендеріне «Эдит Пиаф - Францияның рухы», А.Бестібаевтың «Азия дауысы» балеттерін жұртшылық назарына ұсынды. Әсіресе, «Эдит Пиаф - Француз рухы» спектаклі сыншылардың, мамандардың жоғары бағасына ие болды. Хореографиялық шешімі аса сәтті бұл спектакль ансамбльдің жоғары кәсіптік деңгейін көрсетті. «Алматының жас балетінің» шын мәнінде Мемлекеттік академиялық классикалық би ансамбліне айналып, репертуарының бай, шеберліктерінің жоғары болуында Аюхановтың үлесі ерекше. Оның қолтаңбасына ізденіс, музыкалық биік мәдениет, классикалық көркем би тәсілдерінің таусылмайтын қазынасын меңгеруге ұмтылыс, жаңалыққа құштарлық тән. Отыз жылдан астам Аюханов жетекшілік етіп келе жатқан ансамбль дүние жүзіне кеңінен танымал болып, хореографиялық өнерді игеруі жөнінен әлемдік балет ұжымдарының ең үздігі саналатын алғашқы ондығына енген. Оның «Менің балетім», «Сезімдер өмірбаяны» атты кітаптары бар. Еуропа мәдениетінің ХХ ғасырдағы 60 жарық жұлдызы туралы шығатын 25 кітаптың біреуі Аюхановтың өмірі мен өнеріне арналған (авторы австралиялық өнер зерттеушісі Юри Рюнтю). Ол отандық балет әртістерін тәрбиелеп шығаруға да көп үлес қосты. Аюханов арнайы шақырумен Түркияда «Махаббат аңызы», Ташкентте «Алдар Көсе» балеттерін қойған.
«Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған.

Аюханов Болат туралы:

Бөкей О. Өнерге өлердей-ақ ғашық едім. [Мәтін] : Очерктер, көсемсөздер, эсселер / Бөкей О. - Алматы : Санат, 1995. - 304 б.

Ізім Т. Өркені өскен би өнері [Мәтін] : оқу құралы / Т. Ізім. - Астана : Фолиант, 2009. - 136 б.

Қазбалинов, Тоқтарбай. Би өнерінің Болаты [Мәтін] / Т. Қазбалинов // Ертіс өңірі. - 2009. - 18 наурыз.- Б.13.

Аюханов, Болат. Балетке барын берген [Мәтін] / Б. Аюханов // Семей таңы. - 2009. - 17 қыркүйек.- Б.9.

Аюханов Б. Қатыгез адам билей алмайды [Мәтін] / Аюханов Б. // Ақ желкен. - 2002. - №7.- Б.228-229

Садақбайұлы О. Аққулар аспанда емес [Мәтін] : [би өнерінің жұлдызы Б. Аюханов туралы] / О. Садақбайұлы // Лениншіл жас. - 1972. - 21 июнь

Бөкеев, Оралхан. Қазақ сувенирі [Мәтін] : [би өнерінің жұлдызы Б. Аюханов туралы] / О. Бөкеев // Лениншіл жас. - 1972. - 19 январь

Интернет- ресурстар:

Источник 1

Источник 2

1964 жылы Алматы хореография училищесінің басшылығына тағайындалды. Үш жылдан соң «Алматының жас балеті» ұжымын құрды, бұл - қазіргі Мемлекеттік академиялық би театры.