Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Аралбай Т.

Аралбай Т. Аралбай Төлеубек, (1950) – актер, режиссер.

Төлеубек Мұхамеджанұлы Аралбай - 1950 жылы 16 наурызда Семей қаласында теміржолшының отбасында дүниеге келді. Семей облыстық музыкалық драма театры жанындағы студияны 1966ж. бітірген соң театрдың қазақ тобына қабылданған.
Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының драма және кино режиссурасы факультетін бітірген (1996), драма және кино режиссері.
1964 жылдан 1970 жылға дейін - Абай атындағы Семей облыстық Қазақ драма театрының актері. 1972 жылдан 1974 жылға дейін - М. Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театры жанындағы студияның актері. М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының актері және режиссері, ҚР еңбек сіңірген қайраткері. Төлеубек Аралбайдың фильмографиясы сан-алуан. Ол «Саранча», «Жас Ұлан» телехикаяларына, «Лейланың зары» драмасы мен «Азиат» шытырман оқиғалы фильміне түседі. Сондай-ақ Аралбай Ақан Сатаевтың тұңғыш толықметражды фильмі «Рэкетир» бас кейіпкер Саянның әкесінің бейнесін сомдайды.
"Айдаһар жылы", "Шоқан Уәлиханов", "Азиат", "Қызжылаған", "Саранча", "Көшпенділер", "Періште", "Мұстафа Шоқай", "Ликвидатор" секілді отандық кино туындыларына түсті.
1993 жылдан бері Республикалық Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде "актерлік шеберлік" пәнінен сабақ береді.
Алматы қаласының М.Әуезов атындағы Қазақ драма театрының актері және режиссері. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. "Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі" (1995ж.)
"Құрмет" ордені (2005ж.)

Аралбай Төлеубек туралы:

Сығай, Ә. Сахна саңлақтары [Мәтін] / Сығай Ә. - Алматы : Жалын, 1998. - 512 б.