Известные имена

Есімдер

Как сделать потолок из гипсокартона. Как сделать подвесной потолок в доме. Какой потолок лучше сделать. Отделка ванной комнаты. Быстрая отделка ванных комнат панелями. Отделка ванной комнаты пластиковыми панелями. Кровля крыши профнастилом. Качественные материалы для кровли крыш. Крыша из мягкой кровли. Самоделки для сада. Успешные самоделки для сада своими руками. Самоделки для сада и огорода. Ванная мебель для ванной комнаты. Купить мебель для ванных комнат недорого. Заказ мебели для ванной комнаты. Бизнес малое производство. Самый малый бизнес идеи производство. Новый бизнес производство. Монтаж дверей своими руками. Быстрый монтаж входных дверей. Легкий монтаж пластиковых дверей. С чего начать ремонт квартиры. Быстрый ремонт дома с чего начать. Ремонт своими руками для начинающих.

Белослюдов В. Н.

Белослюдов Виктор Николаевич – суретші, өлкетанушы, этнограф.Белослюдов Виктор Николаевич (1883-1916) – суретші, өлкетанушы, этнограф.

1883 жылы Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласында дүниеге келген. Әкесі ерте қайтыс болып, ағаларымен бірге анасы Варвара Васильевнаның тәрбиесін көрді. Анасы бүкіл өмірін ұлдарына арнап, төрт ұлының білім алуына жағдай жасады.

1891 жылы күзде Виктор Белослюдов 5-кластық қалалық училищеге түсіп жақсы оқыды. Ол жастайынан сурет салуға ынталанады. Уақытының көбін қолына альбомын алып тал, қамыс, теректері жайқалған Ертіс жағалауында өткізетін. Виктордың бейнелеу өнерінде дарыны байқалып, бала кезде салған суреттері Париж көрмесіне, кейін, бүкілресейлік және Қазан вернисаждарына қойылады. Семейдің ерлер гимназиясының мұғалімдері Викторға көркемөнер училищесіне түсуге кеңес береді. 1899 жылы Виктор Белослюдов Мәскеу қаласындағы Строганов училищесіне оқуға түсіп, бірден оқытушылардың назарына ілігеді.Мұнда оған С. В. Иванов, Н. А. Андреев, К. К. Первухин әсер етеді. С. В. Ивановтың жетекшілігімен Виктор Николаевич натура класында екі жыл, сондай-ақ, К. К. Первухин, Андреев кластарында оқыды. Мәскеуде оқып жүргенде жиі жоқшылық көрді. Белгілі орыс суретшісі және мүсінші Н. Н. Андреевтің ұсынысымен Третьяков галереясының кіреберісін безендіруге арналған орыс суретшісі В. М. Васнецовтың "Георгий Победоносец" картинасын үлкейтуге қатысты.

Строганов училищесін бітірген соң 1906 жылы Виктор Белослюдов Семейге оралып, бастауыш училищеге мұғалім болды. Сурет, сызу, көркем жазу, графика өнерін оқытты. Оқушыларының салған суреттері Омск қаласында ұйымдастырылған алғашқы Батыс-Сібір көрмесіне қойылды. Виктор Николаевич өз оқушыларымен бірге Кенді Алтай өңіріне саяхат жасап, Алтай тауларының көрікті келбетін полотноға түсірді.

В. Н. Белослюдов Орыс Географиялық Қоғамының Семей бөлімшесі және тарихи-өлкетану музейінің жұмысына белсенді қатысты. 1914 жылы Семейдің қысқаша тарихи очеркін құрады, бұл еңбек Қазақстан Ғылым Академиясы Орталық Ғылыми кітапханасының қолжазба бөлімінде сақталған.

Омск, Иркутск, Томскідегі Сібір суретшілерінің көрмелеріне қатысқан кезде, оның картиналары көпшілік назарын аударды.

"Семипалатинск", "Юрта", "Казашка", "Верблюд", "Казахи с кумысом", "Крестьянская мельница" картиналары, "Томск", "Старый Семипалатинск", "Водовоз", "За чаем", "Табун лошадей", "Городская улица" этюдтерінің авторы,

суреттер циклының көпшілігі қазақ ертегілері мен эпостық жырларды безендіруге арналған.

1916 жылы қаңтарда мобилизация туралы жарлықпен Барнаул қаласына жіберіледі, кейін суық тиіп қатты сырқаттанады.

1916 жылы 23 наурызда Барнаул қаласында қайтыс болды. 1916 жылы 28 наурызда Семей қаласында жерленді.

 

 

 

 

В. Н. Белослюдов туралы әдебиеттер

Литература о Белослюдове В. Н.

 

 

Джуманбаева , А. Они стояли у самых истоков [Текст] : к 130-летию областного историко-краеведческого музея / А. Джуманбаева // Вести Семей. - 2013. - 12 марта. - С. 3.

Дурново, И. Исследователь Прииртышья [Текст] / И. Дурново // 7 дней. - 2013. - 4 июля. - С. 9.

Дьяконова, О. Его вдохновляла родина [Текст] : [о художнике и краеведе В. Н. Белослюдове] / О. Дьяконова // Голос народа. - 1998. - 7 мая.

Жуков, П. "Бывают странные сближенья..." [Текст] / П. Жуков // Казахстанская правда. - 2006. - 17 февр. - С. 11.

Жуков, П. "Бывают странные сближенья..." [Текст] / П. Жуков // Рудный Алтай. - 2006. - 21 марта. - С. 21.

Турсумбекова, Р. Гребенщиков и Белослюдовы [Текст] / Р. Турсумбекова // ЛЗ: Сегодня. - 2003. - 11 июня. - С. 2.

 

 

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Белослюдов Виктор Николаевич [Электронный ресурс] : [биография] // Восточно-Казахстанская областная универсальная библиотека им. Абая : сайт. - Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=10780&lang=ru (06.02.2018)