Известные имена

Есімдер

Купить новостройку с отделкой. Где купить однокомнатную квартиру в новостройке? Купить новостройку недорого. Оценка стоимости недвижимости. Какая рыночная оценка недвижимости? Принципы оценки недвижимости. Теплый пол своими руками. Как сделать теплый пол в доме. Монтаж водяного теплого пола. Не включается ноутбук. Скажите почему не включается ноутбук. Ноутбук включается и сразу выключается. Быстрый кредит наличными. Где быстро взять кредит без справок. Оформить быстрый кредит. Топ wow сервера. Где скачать последний клиент wow? Самый лучший сервера world of warcraft. Ленточная пилорама цена. Ленточная пилорама своими руками чертежи. Скачать чертежи ленточной пилорамы. Аренда квартир без посредников. Длительная аренда квартир без посредников и прочих. Аренда однокомнатной квартиры.
Қателік
  • JFolder::create: Could not create directory Path: /sites/esimder.pushkinlibrary.kz/cache/tpl-esim

Өлмесеков К. Р.

 Өлмесеков Келденбай РаузаұлыӨлмесеков Келденбай Раузаұлы (1953-2011)

Келденбай Өлмесеков 1953 жылы 25 мамырда Шығыс Қазақстан облысыКүршім ауданы, Құйған ауылында дүниеге келген.

Қаратоғай орта мектебін бітіріп, әскер қатарындағы міндетін өтейді.
Бала кезінен әнге әуес, өнерге құмар Келденбай жұмыс істеген жерлерінде көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысып, көзге түседі. Ақыры тәуекелге бел буып, Алматыға оқуға аттанады. Жолы болып Республикалық эстрада студиясының әншілер бөліміне оқуға түсіп, оны 1977 жылы бітіріп шығады.
Қазақ өнерінің қос бәйтерегі, халық әртістері Жүсіпбек Елебеков пен Бекен Жылысбаевтан дәріс алып, олардың баулуынан өтеді.

Еңбек жолын Өскемен филармониясынан бастап, 1978 жылы Семейдің Әміре Қашаубаев атындағы филармониясына қызметке келді.

Содан бері ширек ғасыр уақыт өтіпті. Бүгінде репертуарында 300-ге тарта халық әндері, Абай, Ақылбай, Ақан, Біржан, Ағашаяқ, Үкілі Ыбырай, Мұхаметжан, Майбасар, Уәйіс, Міржақып, Жаяу Мұсаның және бүгінгі композитордан Т.Базарбаевтың, Ш.Қалдаяқовтың Т.Рахимовтың т.б. әндері бар.

Бұлардың арасында Шәкәрім, Шәкір әндері бір төбе.
Шәкәрім ақталмаған сонау бір жылдарыдың өзінде, келешекке сенім артып, ағалық ақыл-кеңесін беріп, ұлы тұлғаның ән-мұрасымен табысуына себеп болған Төкен Смайылұлы Ибрагимов.
Сөйтіп 1988 жылдан бастап, өнер жолының алтын өзегін Шәкәрім әлеміне бұрып, тыныс артты.
Шәкәрім әндері мен күйлері өзіндік өлшемімен, сезім тереңдігімен, нақыш-әуенімен ерекшеленеді. Өзегіне бойламай, жадағай орындауға келмейтін асыл дүниелер. Тума талант әнші осыны жүрегімен түсіне білді.
Сол кезден бастап, мұражай қорындағы Ахаттың, Шәкірдің, Ниязбектің, Қабыштың орындауындағы сақталған Шәкәрімнің ән қазынасы Келденбайға аманат етілді.

Келденбай осы жолда Шәкір Әбеновтей ғасыр куәсі болған Әулие ақынмен табыстырған тағдырына риза. Шәкәрім әндерін алғаш Шәкірден естіді.
Оның үстіне Ахат Құдайбердиев, Ниязбек Алдажаров, Қабыш Керімқұловтай Шәкәрімнің ән мұрасы мұрагерлерінің алдын көріп, сол асылдардың өнер мектебінде дәріс алу бақытына ие болды.

Қазір Келденбай Шәкәрімнің жиырмадан астам ән-күйлерін орындайды. Тек орындаушы ғана емес, терең білімді Шәкәрімтанушы, әрбір әннің шығу тарихын, туу себебін тыңдаушыға жете түсіндіре алатын тамаша насихатшы. «Шәкәрімнің музыкалық мұрасы» және «Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» атты лекция-концерттерімен кең байтақ елімізді еркін аралады.

Келденбай - бүкіл республикада Шәкәрім әндерінің бірден бір орындаушысы.
Шәкәрім әндерінің ноталық негізін алғаш қағазға түсірген Талиға Бекхожина болса, олардың түпнұсқаға ең жақын орындаушысы Ниязбек Алдажаровтан кейін – Келденбай. Бұл шындықты Шәкір , Ниязбек, Ахаттардың өздері мойындап, ақ батасын берген. Ниязбек ағасы: «Шәкәрімді енді саған сеніп тапсыруға болады,» - деп әншінің маңдайынан сүйген.
Әншінің 25 әні Ілия Жақановтың редакторлығымен шыққалы жатқан лазерлі дискілі қазақ әндерінің антологиясына енді. Бұл үлкен жетістік.

Келденбай Өлмесеков Республикалық Әміре Қашаубаев атындағы халық әндерін орындаушылар конкурсының лауреаты, (1980 ж)
Алматыда өткен музыкалық–зерттеушілер конкурсының дипломанты (1990 ж)
Алматыда Шәкәрімнің 140 жылдығына арналған К.Өлмесековтың жеке шығармашылық кеші өтті. (1998 ж)
Қазақстанның өнеріне сіңірген еңбегі үшін, 2001 ж. Қазақстан Республикасы Президнтінің граматасымен, «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталды.

2011 жылы 29 шілдеде Алматы қаласына барған іс-сапарында кенеттен қайтыс болды. Семей қаласына жерленген.

Келденбай Өлмесеков туралы әдебиет:

Литература о К. Улмесекова:

Кітаптар - Книги

Шәкәрім. Энциклопедия. /Бас ред. Е.Б. Сыдықов. – Семей, 2008 – Б. 598. Өлмесеков К.: -Б.598.

Семей әншілері [Мәтін] : био-библиографиялық портрет, 2006. - 32 б.

Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия./ бас ред. Б. Жақып.-Алматы:Қазақ энциклопедиясы, 2014.-848 б.- Өлмесеков К.: Б. 605-606.

Сұраған жанға сәлем айт [Электрондық ресурс] : [жинақта әнші өмірімен қатар нотаға түсірілген Шәкәрім әндері берілген.] / К. Өлмесеков ; құраст. Е. Шүкіман, 2018. - 396 б. с.

Сұраған жанға сәлем айт... [Мәтін] : әндер, мақалалар сыр-сұхбаттар, естеліктер арнау өлеңдер /, 2018. - 396 б.

Тарихқа толы Тарбағатай IV [Мәтін], 2019. - 274 б.-Өлмескеов К.:Б.166-172.

Мұхаметқалиұлы, Кәрібек. Уақыт иірімдері [Текст] / К. Мұхаметқалиұлы, 2021. - 230 б.- Өлмесеков К.: Б:47-55.

Мақалалар - Статьи

8-11 сыныптарда "Қазақ тілі" оқулығына арналған жергілікті жер материалдарын қосымша пайдалану [Мәтін] // Сынып жетекшісі. - 2003. - №6.- Б.31-40

Ахметбекова А. Шәкәрім әндерін орындаушы Өлмесеков [Мәтін] : [Ш.Құдайбердиев әндерін орындаушы өнерпаз әнші К.Өлмесеков туралы] / Ахметбекова А. // Семей таңы. - 1998. - 20-26 тамыз.- Б.

Әлиакпаров М. Т. Шәкәрімнің композиторлығы жайында бір үзік сыр [Мәтін] / Әлиакпаров М. Т. // Шәкәрім әлемі. - 2007. - №1.- Б.41-43.

Зекенұлы Қ. Көшелі әншілер ізбасары [Мәтін] / Зекенұлы Қ. // Семей таңы. - 2003. - 12-18 қыркүйек.- Б.15

Сәрсенбайқызы Ғ. Шәкәрім әнінің мұрагері [Мәтін] / Сәрсенбайқызы Ғ. // Дидар. - 2003. - 22 сәуір.- Б.3

Сейсенұлы Д. Қажы әндері [Мәтін] / Сейсенұлы Д. // Ертіс өңірі. - 2008. - 10 қыркүйек.- Б.12.

"Шәкәрім әлемі" - Парижде [Мәтін] // Ертіс өңірі. - 2008. - 19 қараша.- Б.29.

Келденбай Раузанұлы Өлмесеков: Қазанама [Мәтін] // Семей таңы. - 2011. - 2 тамыз.- Б.7

Кәкімұлы, Қ. Шәкәрімнің соңғы әні [Мәтін] / Қ. Кәкімұлы // Семей таңы. - 2011. - 30 тамыз.- Б.6

Кәкімұлы , Қ. Аяқталмаған ән [Мәтін] : [Әнші, шәкәрімтанушы Келденбай Өлмесеков туралы бір үзік сыр.] / Қ. Кәкімұлы // Ертіс өңір. - 2011. - 7 қыркүйек.- Б.8.

Найман , Р. Қазақ Келденбайынан айрылды [Мәтін] : [Әнші К. Өлмесеков 58 жасында дүниеден озды] / Р. Найман // Менің өлкем. - 2011. - 11 тамыз.- Б.9.

Иманбаева , А. Шәкәрім мұрагері [Мәтін] : [Әнші Келденбай Өлмесеков туралы] / А. Иманбаева // Ертіс өңір. - 2011. - 12 қазан.- Б.10.

Шүкіманов , Е. Шығыс өңірінде дәстүрлі ән мектебін ашатын кез келді [Мәтін] / Е. Шүкіманов // Дидар. - 2011. - 5 желтоқсан.- Б.5.

Кәкімұлы , Қ. Келденбай жоқ, енді Шәкәрім әндерін кім шырқайды? [Мәтін] : [Белгілі әнші, шәкерімтанушы Келденбай Өлмесековтың туған күні.] / Қ. Кәкімұлы // Дидар. - 2012. - 25 мамыр.- Б.13.

Сейсембаева Ш. Келмеске кеткен Келденбайын еске алды [Мәтін] : [Семей қаласында әнші, шәкәрімтанушы Келденбай Өлмесековты еске алу кеші өтті.] / Ш. Сейсембаева // Дидар. - 2012. - 4 қазан.- Б.24.

Сейсембаева Ш. "Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек..." [мәтін] / Ш. Сейсембаева // Семей таңы . - 2012. - 23 қазан.- Б5

Сейсенұлы, Д. Әуелете ән салса әнші Әсет [Мәтін] / Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2012. - 14 қараша.- Б.12.

Кәкімұлы , Қ. Аяқталмаған ән [Текст] : [Әнші, шәкәрімтанушы марқұм Келденбай Өлмесеков туралы)] / Қ. Кәкімұлы // Аягөз жаңалықтары. - 2013. - 2 ақпан.- б.5.

Талғатұлы, Н. Бұл кеш бұрынғы кештен өзгерек [Мәтін] : [Шәкәрім әндерін насихаттаушы, әнші Келденбай Өлмесековты еске алу кеші өтті.] / Н. Талғатұлы // Ертіс өңірі . - 2013. - 29 мамыр.- б.9.

Өлмесеков, Б. Аға рухымен сырласу (Келденбайға) [Мәтін] : [Әнші, шәкәрімтанушы Келденбай Өлмесековке арналады.] / Б. Өлмесеков // Ертіс өңірі . - 2013. - 29 мамыр.- б.19.

Мұхтарханқызы З. Бұл кеш бұрынғы кештен өзгерек [Мәтін] : [Әнші, белгілі шәкәрімтанушы Келденбай Өлмесековты еске алу кеші өтті.] / З. Мұхтарханқызы // Менің өлкем. - 2013. - 25 шілде.- б.21.

Төлеуов , С. Келденбай Өлмесеков ширек ғасыр Шәкәрім әндерін әуелетті. [Мәтін] / С. Төлеуов // Дидар. - 2014. - 16 мамыр.- б.24-25.

Кәкімұлы , Қ. Қажы әндерінің байқауын қашан өткіземіз? [Мәтін] : [Шәкерім әндерін насихаттаушы К. Өлмесеков туралы.] / Қ. Кәкімұлы // Дидар. - 2017. - 15 маусым.- Б.27.

Зәкәрия , Х Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек... [Мәтін] : [Күршімде әнші, шәкерімтанушы К. Өлмесековты еске алу кеші өтті.] / Х. Зәкәрия // Дидар . - 2018. - 11 қаңтар.- Б.14.

Шәмерхан, К. Қалғұтыдан ұшқан қаршыға [Мәтін] : [Белгілі шәкәрімтанушы, әнші Келденбай Өлмесеков туралы.] / К Шәмерхан // Рауан . - 2018. - 10 тамыз.- Б.12.

Тума талант иесі [Мәтін] : [Күршім ауылында белгілі әнші, шәкәрімтанушы К. Өлмесековтың туғанына 65 жыл толуына орай ас беріліп, жаңа кітаптың тұсауы кесілді.] // Менің өлкем . - 2018. - 23 тамыз.- Б.20.

Шүкіман , Е. Қар бұзып, қара үзген Келденбай [Мәтін] : [Әнші, шәкәрімтанушы Келденбай Өлмесековтің 65 жасқа толуына орай] / Е. Шүкіман // Қазақ әдебиеті . - 2018. - 27 шілде.- Б.12-13.

Шопатов, К. Тума талант еді [Мәтін] : Шәкәрімнің әндерін зерттеп, зерделеп, кейінгі ұрпаққа жеткізуші Өлмесеков Келденбай Раузаұлы туралы бір үзік сыр / К. Шопатов // Семей таңы. - 2019. - 5 ақпан.- Б6

Шүкіман, Е. Қара шал [Мәтін] : [Өнер зерттеуші, абайтанушы Т.С. Ибрагимов жайлы] / Е. Шүкіман // Қазақ әдебиеті . - 2019. - 15 ақпан.- Б.10.

К. Өлмесековтың мерзімді басылымдардағы жарияланымдары

Публикации К. Улмесекова в периодических изданиях

Өлмесеков К. Мұхиттай терең мұра [Мәтін] : [Ш.Құдайбердиевтің туғанына 140 жыл] / Өлмесеков К. // Үш анық. - 1998 – тамыз

Өлмесеков К. Шәкәрім ән мектебінің құрдымға кеткені ме? [Мәтін] / Өлмесеков К. // Қазақ әдебиеті. - 2005 - 18 ақпан.- Б.12

Өлмесеков К. "Сахна мәдениетін сыйлау - әншінің басты міндеті" [Мәтін] / Өлмесеков К. // Ертіс өңірі. - 2008 - 30 қаңтар.- Б.10.

Өлмесеков К. Шәкәрім өлеңдерінің мәнін түсіну үшін адамға үлкен ой керек [Мәтін] / К. Өлмесеков // Дидар. - 2009 - 14 шілде.- Б.5.

Өлмесеков, К. "Кейде мен де "халық әндері өліп кете ме" деп қорқамын" [Мәтін] / К. Өлмесеков // Ертіс өңірі. - 2010 - 28 шілде.- Б.13.