Ришат (1916-1988) пен Мүсілім (1916-1996) Абдуллиндер - әнші.
Ағайынды әншілер Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер 1916 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында дүниеге келген. Екеуінде де табиғи әдемі дауыс болды. Егіз болғандықтан ба екен екеуінің өмір жолы өте ұқсас. Екеуінің де музыкалық дарындылығы ерте байқалды. Мүсілім 1932 жылы 15 жасында Алматыда жаңадан ашылған музыкалы- драмалық техгикумға, бір жылдан кейін Ришат сол техникумға оқуға түседі. Ерекше дарынды ағайынды екі жігіт Мәскеу консерваториясы жанындағы музыкалық студияға, профессор А.И. Вишневскийдің класына оқуға жіберіледі. (Мүсілім 1935 жылы, Ришат 1936 жылы). Мәскеудігі оқуды бітірген соң әртістік өмірлері басталып, Абай атындағы мемлекеттік Академиялық опера және балет театрына (Мүсілім 1938 жылы, Ришат 1939 жылы) әнші болып орналасады.
Ағайынды Абдуллиндер орыс, батыс европа классиктерінің совет композиторларының операларында жетекші партияларды орындады. Мүсілімнің даусы – тенор болғандықтан, тенорлық партияларды –Ленский («Евгений Онегин»), ал Ришаттың даусы баритон болғандықтан Евгений Онегин, Демон (аттас опера), Жермон («Травиата»), Эскамильо («Кармен»), Киазо («Даиси») т.б. рольдерді сомдады. Ағайынды Абдуллиндер – қазақстан композиторлары опералық спектаклдерінің тұрақты әншілері болды. Олар орындаған Мүсілім-Төлеген («Қыз Жібек»), Қайрақбай («Жалбыр»), Балпан («Ер Тарғын»), Әзім («Абай»), Ришат орындаған Абай, Ер Тарғын, Қожағұл («Біржан-Сара»), Гүлмат («Назугум») образдары халық жүрегінде мәңгі қалып қойды. Ришат Абдуллин - Қазақ музыка мәдениеті тарихында Абай партиясының тұңғыш орындаушысы. 1948 жылы Мәскеу қаласында өткен Қазақ өнері мен мәдениетінің онкүндігі кезінде осы операмен ағайынды Абдуллиндер мәскеуліктер алдында қазақ өнерін көрсетті.
Үкімет ағайында Абдуллиндердің шығармашалығын жоғары бағалады. Мүсілім – Қазақ ССР-нің Халық әртісі (1947), Ришат – КСРО Халық әртісі (1967), Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Республикамыздың камералық вокальді музыкасының жарқын беттері ағайынды Абдуллиндермен тығыз байланысты. Абдуллиндер есімі аталғанда ең алдымен олардың орындауындағы қос дауысты әндер еске түседі. Ол - шындық. Әншілер шығармашылығынаң осы кезеңі бірегей. Ришат пен Мүсілім тек орындаушы ғана емес, тұтас бір ән әлемін насихаттаушы, тіптен құрастырушы десек те артық емес. Қос дауыста ән айту идеясынан бастап, шығарманы халыққа жеткізудегі ізденістері мен белсенділіктері композиторлармен бірлесе отырып жүзеге асты. Тіптен ағайынды әншілерді қосалқы авторлар десек те артық болмас. Вокальді дуэтке ән жазу композиторлардан асқан жауапкершілікті талап етті. Өйткені орындаушылар-ағайынды Абдуллиндер еді. Сондықтан оларға арнап ән жазу екінің бірінің қолынан келмеді. Евгений Брусиловский, Бақытжан Байқадамов, Сыдық Мұхамеджанов сияқты қазақ музыкасының майталмандары ғана олармен терезесі тең сөйлесе алатын. Ришат пен Мүсілім Абдуллиндер жеке камералық концерттермен жиі шыға бермейтін. Олардың әр концерті республика мәдени өмірінің маңызды оқиғасы еді. Олардың концерттеріне кіру де қиын еді. Үнемі зал лық толы, билет жоқ болатын. Ағайындылардың репертуарында көбінесе қазақ, татар халық әндері шырқалатын. Татар композиторы Рүстем Яхиннің әндері мен романстары – әншілер шығармашылығының жарқын беттері. Мүсілім Абдуллин тыңдармандар есінде Н.Римского-Корсакова, М.Глинки, П.Чайковский сияқты орыс композиторларының романстарын орындаушы ретінде қалды.
Ришат Абдуллин – Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығының иегері, (1978), Еңбек Қызыл Ту, Октябрь революциясы ордендерімен марапатталған.
Ришат Абдуллин 1988 жылы 12 қарашада, Мүсілім Абдуллин 1996 жылы 7 желтоқсанда қайтыс болған.
Абдуллиндер отбасының әншілік дәстүрі жалғасуда. Мүсілімұлы Заур опера және балет театрында әнші, немересі Карина Абдуллина «Мюзикола» дуэтінде әнші, Ришат пен Мүсілімнің үлкен апайлары Камиланың ұлы - әнші Әлібек Дінішев. КСРО Халық әртісі.
Ағайынды Абдуллиндер туралы әдебиет
Литература о братьях Абдуллиных
Кітаптар - Книги
Сағымбеков Р. Ақжар-Москва / Р. Сағымбеков, О. Малдыбаев - Алматы : Қазақстан, 1964. - 74 б.
Кенжетаев К. Дархан дарын / К. Кенжетаев ; ред. К. Уалиев. - Алматы : Өнер, 1980. - 152 б.
Мұхамеджанов Қ. Таңдамалы шығармалар. Т.2. : Пьесалар. Портреттер. Өнер жайлы ойлар, 1998. - 319 б.
Боранғалиұлы Т. Ғасырға сыр : Мақалалар. Толғаулар. Зерттеулер / Боранғалиұлы Т. – Астана : Елорда, 2001. – 308 б.
Кенжетаев К. Асылдар мен ардақтылар / К. Кенжетаев – Алматы : Өнер, 2002. – 295 б.
Қазақ өнері [Мәтін] : Энциклопедия. – Алматы : Білік баспа үйі, 2002. – 800б.
Қуандықов Қ. Қазақ театртану ғылымының дамуы. Т. 23 / Қ. Мұхамеджанов, Б. Құндақбайұлы. – Алматы : Әдебиет әлемі, 2013. – 418 б.
***
Хамиди Л.А., Хамиди Р.Л. Жизнь в искусстве: (Поют Ришат и Муслим Абдуллины).- Алматы: Жазушы, 1974.- 71 с.: ил.
Мацкевич О. Самые светлые ночи. / О. Маскевич. - Алматы: Жибек жолы, 2003.- С. 24-32.
Мақалалар – Статьи
Әлдиұлы, М. Қош келдіңіздер сахна бұлбұлдары : [Ағайынды әншілер Абдуллиндердің Күршімге келген ән сапары туралы.] / М. Әлдиұлы // Коммунистік еңбек. - 1966. - 27 август.- Б.2.
Мұқанов А. Ағайынды Абдуллиндер [Мәтін] : [Ришат,Мүсілім Абдуллиндер туралы] / А. Мұқанов // Қазақ әдебиеті. - 1996. - №19 наурыз.- Б. 12.
Асабаев З. Қос дауылпаз, қос жұлдыз немесе Ришат және Байғали / З. Асабаев // Жалын . - 2010. - № 4. Б.54-60
Асабаев З. Қос дауылпаз, қос жұлдыз Ришат және Мүсілім / З. Асабаев // Мәдениет. - 2012. - №10.- Б.32-36.
Мұқан, А. Ағайынды Абдуллиндер / А. Мұқан // Егемен Қазақстан . - 2016.- 12 наурыз (№ 47). – Б. 5
Анаш, Д. Ән көгінің қос қарлығашы / Д. Анаш // Егемен Қазақстан. - 2016.- 4 мамыр (№ 84). - Б. 5.
Абдуллина, Карина. Ришат Абдуллин менің есімде халық әртісі емес, қамқор ата ретінде қалыпты / К. Абдуллина // Дидар. - 2016. - 24 қыркүйек.- Б.11.
Есенжол, А. Ағайынды қоңыр қаз : саз өнерінің саңлақтары ағайынды Абдуллиндер туралы мақала / А. Есенжол. - Мәтін // Егемен Қазақстан. - 2023. - 19 қаңтар. - Б. 12
***
Сугирбаева М. Как две капли крови : Легендарным братьям Абдуллиным, основоположникам дуэтного пения в Казахстане, в следующем году исполнилось бы 95 лет / М. Сугирбаева // Страна и мир. - 2010. - 13 сентября. - С. 13.
Днишев, А. Все мы родом из детства : [воспоминания А. Днишева о Р. и М. Абдуллиных] / А. Днишев, Д. Шавлева // Рудный Алтай. - 2012. - 29 марта. - С. 17.
Пашке Е. Традиции Абдуллиных : [о II-республиканском конкурсе вокалистов, посвященный 100-летию братьев Абдуллиных] / Е. Пашке // Рудный Алтай. - 2016. - 16 апреля. - С. 1
Пашке Е. Великий век тенора и баритона : [о юбилейном вечере-концерте, посвященном братьям Р. и М. Абдуллиным] / Е. Пашке // Рудный Алтай. - 2016. - 19 апреля. - С. 1, 6
Питерцев, В. Мусеке / В. Питерцев // Мысль. - 2019. - №9. - С. 85-87.
Ким, Е. Продолжая яркий путь знаменитых земляков : в этом году в числе знаковых юбилейных дат - 105-летие наших земляков, основателей оперного искусства Казахстана, народных артистов братьев Ришата и Муслима Абдуллиных / Е. Ким // Рудный Алтай. - 2021. - 17 апреля. - С. 8.
Таргынский, К. Среди героев наши имена / К. Таргынский// Семь дней. - 2004. - 16 янв. - С. 4