Косенков Иван Васильевич (1923-2015) - Кеңес Одағының Батыры.
Иван Васильевич Косенков – Оңтүстік Батыс майданы, 12 Армия, 333- атқыштар дивизиясы, 1118 атқыштар полкінің нысанашысы, сержант.
1923 жылы 30 желтоқсанда Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Бородлиха ауданы Богословка селосында шаруа отбасында туған. Жетіжылдықты бітіріп, колхозда моторист болып істеген.
1941 жылдың желтоқсанынан Қызыл Армия қатарында, бірден майдан шебіне түскен.
Днепр өзенінен өту кезінде көзге түскен. ((Черниговско-Припять операциясы. 1943)
Оңтүстік Батыс майданы, 12 Армия, 333- атқыштар дивизиясы, 1118 атқыштар полкінің нысанашысы, сержант Иван Васильевич Косенков 1943 жылдың 26 қыркүйеігне қараған түнде біріктірілген екі қайыққа қаруларды тиеп алып, шабуылшы отряд құрамында Днепр өзенінен өте бастайды. Днепропетровск облысы Солонянск ауданы Войсковое селосы тұсында арғы жағалауға өткен артиллеристер жауға қарсы тура нысанамен оқ атты. Сөйтіп полктік атқыштар бөлімінің өткелден өтуіне жағдай жасады. Плацдармды басып алып кеңейту барысында отряд Войсковое селосының оң жақ шетіне келіп кірді. Жаяу әскер мен танктің 2 шабуылына тойтарыс берген зеңбірекшілер 2 пушка, 2 автокөлік, бір топ фашистердің көзін құртты. Нгеізгі күш келгенше плацдармды ұстап тұрды.
КСРОЖоғарғы Кеңесі Президиумының 1944 жылы 22 ақпандағы Жарлығымен Косенков Иван Васильевичке КеңесОдағының Батыр атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын жұлдыз» (№2688).
медалі қоса тапсырылды. 1944 жылы И.В. Косенков әскер қатарынан босатылды. Алматы облысы Үштөбе қаласында тұрады, Зейнеткерлікке шыққанға дейін тракторшы, Алматы орман өсіріу станциясында мастер болып қызмет істеген.
Ленин, 2 рет 1- дәрежелі Отан соғысы ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Әдебиеттер:
Интернет-ресурстар: