Известные имена

Қалтаев Қ.М.

Калтаев Калел Молдагалиевич Қалтаев Қалел Молдағалиұлы (1961-1982) - қатардағы жауынгер, танк оқтаушысы.


1961 ж. 3 шілдеде Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысы, Бесқарағай ауданы, Большая Владимировка (қазіргі Бесқарағай ауылы) селосында дүниеге келген. Әскерге шақырылғанға дейін Қарағанды облысы, Саран қаласындағы жылжымалы механикаландырылған колоннада жұмыс істейді.
1981 ж. 7 сәуірде Саран қалалық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1981 ж. маусымда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1982 ж. 25 қаңтарда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Бесқарағай ауданы, Бесқарағай ауылында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 112-113.

Катаев Ю.Т.

Катаев Юрий Тимофеевич Катаев Юрий Тимофеевич (1963-1983) - қатардағы жауынгер, жүргізуші.

1963 ж. 8 маусымда Семипалатинск (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы) қаласында дүниеге келген. №1 автопаркте жүргізуші болып еңбек етеді.
1981 ж. 5 қазанда Семипалатинск қаласындағы Киров аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1981 ж. желтоқсанда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1983 ж. 1 ақпанда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында жерленген.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 98.

Коледаев В.А.

Коледаев В.А. Коледаев Владимир Алексеевич (1962-1982) - қатардағы жауынгер, минометші.


1962 ж. 25 қарашада Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, титан-магний комбинатында слесарь болып жұмыс істейді.
1981 ж. 5 сәуірде Өскемен қалалық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1981 ж. 29 қарашада Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1982 ж. 7 маусымда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1982 ж. 15 маусымда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында жерленді.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 100.

Қожанов М. О.

kojanov Қожанов Мұрат Озанұлы (1953-1984) - майор, штаб бастығы, мотоатқыштар батальоны командирінің орынбасары.


1953 ж. 12 сәуірде Шығыс Қазақстан облысы, Таврия (қазіргі Ұлан) ауданы, Привольное селосында дүниеге келген. 1970 ж. орта мектепті, 1974 ж. И.С.Конев атындағы Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін аяқтайды. Қырғызстанда әскери борышын өтейді.
1983 ж. сәуірде Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1984 ж. 17 қыркүйекте жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты. 1984 ж. 22 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы, Ұлан ауданы, Привольное селосында жерленді.
1985 ж. 18 ақпандағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен (№ 3743864) (қаза тапқаннан кейін), 1985 ж. 5 сәуірдегі КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Ту орденімен (№484805) марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Әдебиеттер:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. - Б. 114-115.

Қондыбаев Қ.Қ.

Қондыбаев Қайрат Қапанұлы  Қондыбаев Қайрат Қапанұлы (1965-1985) - қатардағы жауынгер, жүргізуші-май құюшы.


1965 ж 28 шілдеде Шығыс Қазақстан облысы, Таврия ауданы (қазіргі Өскемен қаласының территориясы), Ахмер селосында дүниеге келген. №71 кәсіптік-техникалық училищені аяқтайды.
1984 ж. 5 мамырда Таврия аудандық әскери комиссариатынан КСРО Қарулы Күштері қатарына шақырылады.
1984 ж. 19 тамызда Ауғанстанға әскери борышын өтеуге жіберіледі.
1985 ж. 30 қаңтарда жауынгерлік тапсырманы орындау барысында қаза тапты.
1985 ж. 8 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Ахмер селосында жерленді.
1985 ж. 20 маусымдағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталды (қаза тапқаннан кейін).

Литература:
Азалы кітап : ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) = Книга памяти : воины - восточнокахстанцы, погибшие во время боевых действий в Афганистане (1979-1989 гг.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : [б. и.], 2014. – Б.116-117.