Известные имена

Есімдер

Купить новостройку с отделкой. Где купить однокомнатную квартиру в новостройке? Купить новостройку недорого. Оценка стоимости недвижимости. Какая рыночная оценка недвижимости? Принципы оценки недвижимости. Теплый пол своими руками. Как сделать теплый пол в доме. Монтаж водяного теплого пола. Не включается ноутбук. Скажите почему не включается ноутбук. Ноутбук включается и сразу выключается. Быстрый кредит наличными. Где быстро взять кредит без справок. Оформить быстрый кредит. Топ wow сервера. Где скачать последний клиент wow? Самый лучший сервера world of warcraft. Ленточная пилорама цена. Ленточная пилорама своими руками чертежи. Скачать чертежи ленточной пилорамы. Аренда квартир без посредников. Длительная аренда квартир без посредников и прочих. Аренда однокомнатной квартиры.

Айдаболов У.И.

Уәли Айдаболов (1930 – 2000 жж.) - композитор

Болашақ сазгер Уәли Айдаболов Жарма ауданының сұлу табиғатты Мариновка селосында дүниеге келген екен. Жасынан ауыр жұмысты басынан кешірген Уәли соғыс жылдары үзілген оқуын 1947 жылы қайта жалғастырады. Ауылдық кеңес оны Семей қаласындағы темір жол училищеcіне оқуға жібереді. Темір жол училищесінің слесарьлық бөлімін бітірген соң, бір жылдан кейін Аягөзде іс-тәжірибеден өтеді. Сонда көркемөнерпаздар үйірмесіне қатысады. Орта әсері өнерге құштарлығын қозғап, табиғатына біткен музыкалық дарынының көзін ашуына ықпалын тигізеді. Сырттай М.Төлебаев атындағы музыкалық учлищені оқып бітіреді.

Жарма ауданында автоклубта қызмет істей жүріп, домбыра мен баян тартуды үйренеді. Кейінгі жылдары мұғалімдік қызметпен қатар алғашқы әндері жарыққа шыға бастайды. Олардың төл басы - Қ. Алтынбаевтың өлеңіне жазылған «Туған жер» әні еді. Оның жалғасы ретінде К.Шалқаров, Т.Әбдірахманованың өлеңдеріне жазылған «Алыстадың арманым», «Дос қандай» өндері дүниеге келді.

1973 жылы Семейге көшіп келіп, 16-мектепке орналасып, ән сабағынан 20 жылдан астам дәріс берді. Осы мектепте қызмет істей жүріп өнер адамдары Т. Базарбаев, Д. Хайруллин тәрізді өнер адамдарымен шығармашылық қарым-қатынаста болды. Шығармашылықта тың серпілістер жасап Абай әлеміне жақындай түсті.

Уәли Иманғалиұлы Айдаболов халық ағарту саласындағы ұзақ жылғы еңбегі үшін "Халық ағартудың озық қызметкері" атағына ие болды. Мәдениет, оқу-ағарту министрліктерінің құрмет грамоталарымен марапатталды.

Уәли Айдаболов туралы әдебиет

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - Б. 187-188.

Мақалалар –статьи:

Шыңғысұлы, Б. Жас өнерпаздар ұстазы [Мәтін] / Б. Шыңғысұлы // Семей таңы.-1982.-12 май.
Шыңғысұлы, Б. Өмірін өнерге арнаған [Мәтін] / Б. Шыңғысұлы// Семей таңы.-1993.- 26 қаңтар.
Семей сазгерлері [Мәтін]: Био-библиографиялық естелік / Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапхана.Хабарлама - библиографиялық бөлім; құраст; З. Мағауина.- Семей, 2006.- 18 б.

***

Джанияров, О. Стала музыка его призванием [Текст] /О. Джанияров // Спектр.- 2000.- 28 января. – С.6

Кулев, И. Юбилей композитора [Текст] /И. Кулев // Рудный Алтай.- 2000.- 8 февраля.- С.4