Известные имена

Байдалина Р.О.

Байдалина Р. Роза Байдалина Олжайқызы (1936-2012) – А. Кошаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының әншісі, ҚР Мәдениет қайраткері.

Роза Байдалина Олжайқызы 1936 жылы Семей қаласында туған. Семейдің педагогика училищесін бітіріп, 18 жасынан бастап еңбек жолын ән шырқауға арнаған. 1961 жылы саз колледжінің ән бөлімін бітіріп, сол жылы облыстық Әміре Қашаубаев атындағы филармониясына әнші болып өзінің еңбек жолын бастаған.

1969 жылы эстрада әртістерінің республикалық байқауында лауреат атағын алды. Осы уақытқа дейін 40 жыл бойы өз өнерімен Қазақстанның мәдениетін көтеруде өзіндік үлесін қосып келеді. Өзінің көңіліне қонған музыкалық шығармалаын нота арқылы үйреніп репертуарына енгізіп, толықтырып отырады. Ұзақ жылдар бойы лекторий тобын басқарып, алуан түрлі маңызды тақырыптарда лекция-концерттер өткізді.

Әншінің репертуары кең және әр салалы. Әлемдік классика, орыс және ТМД сазгерлерінің шығармаларын шебер меңгерумен бірге, қазақтың халық әндерін де келістре орындайды. Мысалы, орыс классиктерінен Доргомыжскийдің, Рахмановтың, Чайковскийдің, Римский-Корсаковтың романстарын шебер орындады. Шетел композиторларынан С. Мұхамеджановтың, М. Төлебаевтың, Т. Базарбаевтың Н. Тілендиевтің әндері мен романстарын шырқады. Бүкіл өмірін ән өнеріне арнаған әнші, еңбек ардагері республикамыздың түкпір-түкпірінде гастрольдік сапарда болды.

Тыңның 10 жылдық медалімен, Мәдениет министрлігінің грамотасымен және мақтау грамоталарымен марапатталды.

 

Мерзімді басылым беттеріндегі жарияланымдар

Публикации в периодических изданиях

 

Ахметжанов А. Өмірін әнге арнаған // Семей таңы. – 1991.- 3 қазан. Б. 4. Қашағанов Е., Есболатова М. Сыр сандықты ашып қара. – Алматы: Санат, 1998.- Б. 288 б.
Семей әншілері [Мәтін]: био-библиографиялық портрет / құраст. З. Мағауина; Абай атындағы ғылыми әмбебап кітапхана, хабарлама - библиографиялық бөлім.- Семей: б. ж., 2006.- 32 б.

Гузеева М. Сельский гостролер /https://time.kz/news/archive/2010/01/07/14140 // Время. – 2010. – 7 января.   

Гузеева М. Роза и Рафаэль /https://time.kz/news/archive/2012/06/16/rafayel-i-roza // Время.  – 2012. – 16 июня.

Иванченко, Яна.Ноты судьбы / Я. Иванченко . - Текст // Наше дело. - 2012. - 14 июня. - С. 13

Шакабаев  Р. Чтобы помнили / Р. Шакабаев // Наше дело. - 2013. - 25 апреля. - С. 9 : фото.

 

А