Известные имена

Звание
"Герой Советского Союза"

zvezda

Герой Советского Союза - высшая степень отличия СССР. Звание, которого удостаивали за личные или коллективные заслуги перед Советским государством и обществом, связанные с совершением геройского подвига или выдающихся заслуг во время боевых действий, а также, в виде исключения, и в мирное время.

Звание впервые установлено Постановлением ЦИК СССР от 16 апреля 1934 года, дополнительный знак отличия для Героя Советского Союза - медаль "Золотая Звезда" - учреждена Указом Президиума Верховного Совета СССР
от 1 августа 1939 года.

Қателік
  • Failed deleting 370e60667826456f97e54bbf244c76b4.png

Мехнин Ф.М.

Мехнин Федор МихайловичМехнин Федор Михайлович  (1923-1944) - Кеңес Одағының Батыры.

2-ші Украин майданының 2-ші танк армиясының 3-ші танк корпусының 50-ші танк бригадасының Т-34 танкінің механик-жүргізушісі, старшина.   

1923 жылы Шығыс Қазақстан облысыГлубокое ауданыТарханка ауылында туған. 1939 жылы тракторшылар курсын бітіріп, МТС-те жұмыс істеді.

1942 жылы Қызыл Армия қатарына шақырылды. Оқу-жаттығу полкінде танк жүргізушісі мамандығын алып, біліктілігін алды. 1943 жылдан Орталық, 1-ші және 2-ші Украин майдандарында фашистік басқыншылармен шайқастарға қатысты. Әскери ерліктері үшін 1943 жылы Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. Ол 1944 жылы күзде Украинаның оң жағалауын азат ету кезінде ерекше көзге түсті.
Мехнин 1-жəне 2-Украина майданы 50-танк бригадасында (2-танк армиясы, 3-танк корпусы) ұрыстарға қатысты. Ол Винница жəне Киев облыстары шекарасындағы Терновка елді мекені үшін болған ұрыста ерекше көзге түсті. Мехниннің Т-34 танкісі Терновка ауылына бірінші болып кіріп, жаудың өздігінен жүретін 2 зеңбірек, 4 танкісін, оқ-дəрісі бар 23 автокөлікті жəне 100-ден астам жауынгерін жойды. 1944 жылы Оңтүстік Буг өзенінің өткелін басып алып, бригаданың негізгі күші келгенше ұстап тұрды. Сол жағалаудағы жау əскерін жойғаннан кейін, өткелдің арғы жағалауына шығып, ұрыста үлкен ерлік көрсетті.

Наурыз күні старшина Ф. Мехнин экипаж құрамында Джулинка селосы (Бершадский ауданы Винница облысы) үшін болған ұрыста Оңтүстік Буг өзеннің өткелін тартып алып, оны бригаданың басты күші келгенше ұстап тұрған.  Сол жағалаудағы фашистерді құртып, Мехнин өз танкісімен өткелден өтеді. Қарсы жағалауға жетпестен танк минаға түсіп жарылады да  бүкіл экипаж қаза табады. 

КСРО Жоғарғы Кеңесі Президумының 1944 жылғы 13 қыркүйектегі Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін Мехнин Федор Михайловичке   Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ленин, Қызыл Жұлдыз орденімен марапатталған. 1944 жылы 5 наурызда Украина Винница облысында Бершадский ауданында Березки селосында қаза тауып, сонда жерленген.

Өскемен қаласында жəне Тарханка селосында Батыр атында көше бар.  Тарханека селосында мектеп Мехниннің есімімен аталады.

Ф. М. Мехнин туралы әдебиет

Литература о Ф.М. Мехнине

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.4.

Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай- қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. – Б. 171.

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін]:энциклопедия.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 531 б.

                                                                 Интернет-ресурстар 

                                                                   Интернет-ресурсы

Помни про электронный мемориал

Герои страны

Бессмертный полк