Известные имена

Тұраров Қ.

Тұраров Қ.

Қабдолда Тұраров (1921-2003 жж.) – ақын, композитор, Қазақ КСР еңбек сіңірген мәдениет қызметкері.

1921 жылы Күршім ауданы, Қойтас ауылында дүниеге келген.
1939 жылы Маралиха ауылындағы орта мектепті бітірісімен ауыл мектебінде мұғалім болып орналасады. 1950-1953 жылдары Шірікаяқ кенішіндегі кешкі мектептің, 1953-1956 жылдары Ленинскі мектебінің директоры бола жүріп, 1956 жылы Өскемен мұғалімдер институтының матаматика факультетін сырттай бітіреді.1956-1960 жылдары Жолнұсқау мектебінің директоры қызметін атқарады. 1960-1964 жылдары Тарбағатай аудандық партия комитетінде инспектор болды. 1965 жылдан 1982 жылға дейін Күршім аудандық мәдениет бөлімін басқарады. Осы жылдар ішінде Ақсуат ауылында «Айдын» атты ән-би ансамблінің құрылуына ықпал жасады. Аудандағы үш ұжымға «халық театры» атағын әперді. Аудандық мұражай ашып, оның ғимаратын салдырды. Экспонаттардың жиналуына ықпал жасай отырып, мұражай жұмысының алға басып кетуіне сіңірген еңбегі ұшан теңіз.
Қ. Тұраров айтыс ақыны ретінде де танымал болған. Облыстағы өнер саласындағы еңбегі ерекше. Айтыстың тұралап жатқан шағында облыста ақындар мектебін ұйымдастырып, өзі басқарды. Ол тәрбиелеген әуесқой айтыс ақындарының саны 50-ден асады. Олар облыстық, республикалық айтыстарға қатысып, жүлделі орындарды жеңіп алып, елімізге танымал болды.
Қ. Тұраров кеудесінен ән қалқып, күй шалқыған жан. Өлең жазумен, ән шығарумен жастайынан айналысып, республикалық радио фонотекасына 20-дан астам әндері қабылданды. Өлеңдерінде туған жерін, елін тебірене жырлады.
      

1959 жылы «Алтай әуендері» атты жеке жинағы жарық көрген. 1984 жылы «Жазушы» баспасынан шыққан «Жайқоңыр» өлеңдер жинағындағы «Нұр Зайсан», «Жер жәннаты Күршім», «Түлегімін Күршімнің», «Толғаныс тарамдары» т/б. Күршімнің көрікті жерлерін, Зайсандай атақты көлін әнге қосып, туған жерге деген кең пейілін, ыстық ықыласын көрсетеді. Оның әнін шырқап, жырын жырлап, күйін күмбірлете тартып, өлеңін өлкеге танытып жүрген әншілер мен домбырашылар да көп.    

Композиторлар одағының мақұлдауымен «Өнер» баспасынан 1987 жылы шыққан «Жастық шақ әуендері» әндер жинағына Қабдолда Тұраровтың көп әндері кірген. Қазақ ССР Ғылым академиясының өнер зерттеу бөлімі мен республика Композиторлар Одағы Қабдолда Тұрарұлының әндерін жоғары бағалап, Бақытжан Байқадамов пен Құдыс Қожамияров жақсы пікір айтқан.
Аудан тарихы туралы көп жазған өңір шежірешісі. Шығармаларына туған жері оның тарихы, батырлары, азаматтары арқау болған. Еңбектері республикалық «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат», «Жұлдыз» журналдарында, республикалық «Қазақ батырлары» облыстық «Дидар» газеттерінде жиі басылды.

«Ер Күркебай», «Жаман батыр», «Шерубай сыбызғышы», «Шанақ сыбызғышы», «Күйші Шайқы» шығармаларының авторы. Жарияланбаған еңбектері қаншама.        

Күршім жерінде қазақтың өнері үшін саналы өмірін арнаған еңбегі еленіп ауданның «Құрметті азаматы» атағы берілген, Күршім ауылындағы бір көше және аудандық мәдениет үйі Қ. Тұраровтың есімімен аталады.  

«Мәдениет қайраткері», облысқа өнер саласында сіңірген еңбегі ұшан теңіз ақын-сазгер.
2003 жылы Алматы қаласында қайтыс болып, Алматыда жерленді.


 
Қ. Тұраровтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Турарова К.
Кітаптар - Книги
 
 
Қасымұлы, А. Алтайдан ұшқан ақиық : [Тұраров Қабдола туралы] / Қасымұлы А. - Өскемен : Шығыс Баспа, 1999. - 181 б. 
Жаны мен жады халықтың = Душа и память народа = SoulAnd Memory Of people: ШығысҚазақстан мәдениеті = Культура Восточного Казахстана =Eastezn Kazakhstan culture.- Усть-Каменогорск: Светоч, 2003.- 304 с.
Шығыс Қазақстанның мәдени мұралары (тарих, мәдениет,білім) / Шығыс Қазақстан облысының Мәдениет басқармасы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті.- Өскемен: ШҚМУ, 2006.- 432 б.
Ғажайып нәзік дүние [Тұраров Қабдола туралы]/ А. Иманбаева Т. 1. - Алматы : Асыл кітап, 2022. - 576 б.
 
Қ. Тұраровтің мерзімді басылымдарда мақалалар
Публикации Турарова К. в периодических изданиях 
 
 
Тұраров, Қ. Ақсуаттың "Айдыны" : [Күршім ауданы Ақсуат ауылының "Айдын" ансамблі туралы] / Қ. Тұраров // Коммунизм туы. - 1969. - 18 нояб. - Б. 4.
Тұраров, Қ. Күршім: [өлең] / Қ. Тұраров  // Коммунистік еңбек. - 1986. - 24 май. - Б. 4.
Тұраров , Қ. Сыбызғы сазы: [сыбызғышы Ш. Ауғанбаев туралы] / Қ. Тұраров  // Арай. - 1987. - 24 янв. - Б. 4
Тұраров, Қ. Жаман батыр  / Қ. Тұраров // Рауан. - 1992. - 18 ақпан
 
Қ. Тұраровтің өмірі мен шығармашылығы туралы әдебиеттер
Литература о жизни и творчестве Турарова К.
Мақалалар – Статьи
 
Шәкіров, М. Т. Туған жер әуендері: [Күршімдік сазгер Қ. Тұраров жайында] / М. Т. Шәкіров // Дидар. - 1999. - 30 қаңтар
Қайыров, Н. Қабдолла аға еске түскенде /Н. Қайыров // Дидар. - 2004. - 18 мамыр. - Б. 4
Қайыров, Н. Ел есіндегі есім / Н. Қайыров // Дидар. - 2008. - 3 шілде. - Б. 4.
Зәкәрия, Х. Есімі ел жадында: [Күршімдік сазгер Қ. Тұраров жайлы] / Х. Зәкәрия // Рауан. - 2012. - 3 қазан. - Б. 3
Иқамбаева, Ш. Талай таланттың бағын ашқан Қабаң еді:[Тұраров Қабдолда туралы] / Ш. Иқамбаева // Дидар. - 2018. - 10 ақпан. - Б. 4. 
Зәкәрия, Хасен. Мәдениет қайраткеріне ескерткіш қойылды : [Күршім ауылында аудан мәдениетінің дамуына үлес қосқан ақын әрі сазгер Қ. Тұраровқа ескерткіш мүсін қойылды] / Х. Зәкәрия // Дидар. - 2021. - 24 маусым. - Б. 20.
Қайыров, Н. Облыстағы алғашқы ақындар айтысын ұйымдастырушы : [күршімдік Қ. Тұраров туралы] / Н. Қайыров // Рауан. - 2021. - 24 қыркүйек. - Б. 5.
Қайыров, Н. Өнер көзі-халықта : Қ. Тұраровтың естеліктерінен / Н. Қайыров // Рауан. - 2023. - 20 қаңтар. - Б. 5.
Қайыров, Н. Өнер көзі-халықта : (Қабдолда Тұрардың естелігінен) / Н. Қайыров // Менің өлкем. - 2023. - 9 ақпан. - Б. 9. ; 16 ақпан. - Б. 20.
Бұрқанбаева, Кенжегүл. Күркебай батыр кітабының тұсаукесері өтті [Күршім ауданының құрметті азаматы, Мәдениет қайраткері, Үздік мәдениет қызметкері Қ Тұраровтың кітабына арналған мәдени шара] / К. Бұрқанбаева // Рауан -Заря. - 2023. - 15 қыркүйек. - Б. 12
Ғали-Асқар, А. Күркебай батыр жарық көрді:[ Тұраров Қабдолда туралы] / А. Ғали-Асқар // Дидар. - 2023. - 26 қыркүйек. - Б. 4. 
Қайыров, Нұрсовет. Өнердің өрісін кеңейткен еді : [ақын-сазгер Қабдолда Тұраров туралы] / Н. Қайыров // Дидар. - 2024. - 16 мамыр (N18). - Б. 14.
  
***
  
Жантыкеев, Рысбек. Служил культуре беззаветно: [в селе Курчум состоялось открытие памятника Кабдолде Турарову, внесшему значительный вклад в развитие культуры района] / Р. Жантыкеев // Рудный Алтай. - 2021. - 29 июня. - С. 4. - https://rudnyi-altai.kz/sluzhil-kulture-bezzavetno/