Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Вахонин Н. Г.

Вахонин Н. Г. партизанВахонин Николай Григорьевич (1912-17.11.1958) - Ұлы Отан соғысының қатысушы, партизан.

1912 жылы Семей облысы (қазір Шығыс Қазақстан облысы) Бесқарағай ауданының Малая Владимировка ауылында дүниеге келген. Жетіжылдық мектепті бітірген соң колхозда, кейін қант зауыты құрылысында ағаш шебері болып жұмыс істеген, осы жерден мерзімді әскери қызметке шақырылады. Әскерден оралған соң, аудандық тұтынушылар одағында ағаш шебері болады.

Гроднен облысы Дятлов ауданының Каменка ауылы жанындағы шегініс кезінде қатты жараланып, жергілікті жерде емделеді. 1942 ж. наурыз айынан бастап әскерилер мен жергілікті тұрғындардан құралған партизандар тобында болады. Бұл топ Щучинскі ауданында бірнеше әскери операция жасап, ағаш кесетін жер мен Неман өзенінен өтетін көпірді өртейді. 1942 ж. мамырында отряд жиынында ««Орлянский» партизан тобы құрылып, Н. Г. Вахонин 1942 ж. шілдесінен 1943 ж. наурызына дейін отряд командирі болды. Лениндік партизан бригадасының құрылуына байланысты отряд «Борьба» деп аталды. Н. Г. Вахонин 1943 ж. тамыз-қыркүйегінде комиссар, 1943 ж. қыркүйегінен 1944 ж. ақпан айына дейін командир, 1944 ж. ақпан айынан бастап Барановичи облысыН. Г. Вахонин атындағы көше мемориалдық тақта К. Ворошилов атындағы бригадасының М.И. Калинин атындағы барлау отряды командирінің орынбасары болып қызмет етті. Соғыста жараланып, кейін барлау ісі жөніндегі отряд командирінің орынбасары міндетін атқарды.

Соғыстан кейін, Барановичи облысының Дятлов ауданында өмір сүріп, еңбек етті. Барановичи қ. облыстық құрылыс тресі шаруашылығының меңгерушісі болып жұмыс істеді. 1947 ж. наурызынан 1957 ж. дейін – Пореченск спирт зауыты жанындағы шаруашылықта меңгеруші болды. 1958 ж. науқастанып, 17 қарашада операциядан кейін қайтыс болды.

Дятлово қ. көшелері Н. Г. Вахонин есімімен аталады; Дятлов қ. даңқ мұражайында арнайы стенд ресімделген.

 

 

Деректер

Источники

Вахонин Николай Григорьевич (1912-17.11.1958) [Электронный ресурс] : [биография] // will-remember.ru : сайт. – Режим доступа : http://will-remember.ru/familii_na_v/vahonin_nikolai_grigorevich.htm (12.04.2017)

Личный состав отряда "Борьба" [Электронный ресурс] : [о Вахонине Н. Г.] // 213 стрелковый полк 56 Московской стрелковой дивизии : сайт. – Режим доступа :

http://213sp56sd.ucoz.ru/load/partizanskoe_dvizhenie/otrjady_djatlovskogo_rajona/partizanskij_otrjad_borba/57-1-0-134 (12.04.2017)

Улица Вахонина [Электронный ресурс] // Дятловщина – информационный портал Дятловского района : сайт. – Режим доступа : http://www.dyatlovo.info/content/ulitsa-vakhonina (12.04.2017)