Известные имена

Ткач В. М.

Вячеслав Михайлович Ткач

Ткач Вячеслав Михайлович (1961 ж. т.) – Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі. «Құрмет» орденінің иегері. Өскемен қаласының Құрметті азаматы.

Вячеслав Ткач 1961 жылы 2 қаңтарда Солтүстік Қазақстан облысы Спасовка ауылында дүниеге келген. 1978 жылы Петропавл музыкалық училищесіне оқуға түседі. Музыкалық училищенің дипломдық курсының студенті бола жүріп, 1984 жылы жас орындаушылардың республикалық байқауында I орын алып, «Жас орындаушылар байқауының лауреаты» атағына ие болды. Консерваторияда оқыған жылдары (1984–1989) концерттік қызметпен белсенді айналысты. 1988 жылы Қазақстанның шығармашыл жастарының «Жігер» республикалық фестивалінің жеңімпазы атанып, II дәрежелі дипломмен және осы байқаудың лауреаты атағымен марапатталды. Консерваториядағы оқуын Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында хор және қосалқы құрам әртісі ретінде жұмыспен ұштастырып, театрдың гастрольдік сапарларына қатысып, Германияның Лейпциг, Дрезден, Берлин қалаларында өнер көрсетті. Консерваторияның соңғы курсында опера театрында артист-вокалист (солист) мамандығы бойынша тағылымдамадан өтіп, Евгений Онегин партиясын дайындады. 1989 жылы Өскемен қаласындағы музыкалық училищеде «Жеке ән айту» бөлімінде оқытушы-иллюстратор ретінде еңбек етті.

1991 жылы В. М. Ткач қазақтың халық әнін үздік орындағаны үшін Дипломмен марапатталып, «Глинка атындағы Халықаралық вокалистер байқауының» дипломанты атағына ие болды. 1992 жылы Калининград қаласында өткен «Янтарный соловей» халықаралық вокалистер байқауына қатысып, қатысқаны үшін грамота иеленген. Вячеслав Ткач Қазақстан Композиторлар одағының Ертіс өңірлік бөлімшесінің III Пленумына белсенді қатысқаны үшін Құрмет грамотасымен марапатталды. 1992 жылы В. М. Ткач Қазақстан халықтары форумына қатысып, грамотамен марапатталды. 1992 жылы Қазақстанның Музыкалық қайраткерлері одағына қабылданды. Вячеслав Михайлович педагогикалық қызметін концерттік қызметпен ұштастырып келеді. Гастрольдік сапармен Шығыс Қазақстан облысының барлық қалалары мен аудандарын, сондай-ақ Қазақстанның көптеген қалаларын аралады. Ресейде өткен Қазақстан жылы аясында Барнаул, Новосибирск, Бийск, Рубцовск қалаларында өткен концерттерге қатысты. Вячеслав Михайловичтің көптеген шәкірттері Қазақстан Республикасының, Ресейдің және алыс шетелдердің консерваториялары мен жоғары оқу орындарында білімдерін жалғастырып, қалалық, облыстық, республикалық және өзге де байқаулар мен фестивальдердің лауреаттары атанған. Қазақстанның Музыкалық қайраткерлері одағының мүшесі (1992), Өскемен қаласының Құрметті азаматы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі (1998).

В. М. Ткач туралы әдебиеттер
Литература о В. М. Ткаче 

Мақалалар-Статьи

За заслуги перед государством : [за плодотвор. деятельность в сферах общ. жизни награждены восточноказахстанцы: В. М. Ткач, Т. К. Раисов, Б. В. Александров, М. И. Чистяков, М. Б. Корабаева, В. Ф. Поротников] // Рудный Алтай. - 1998. - 28 марта.
Михеева, Н. Заздравная в прозе : [о солисте областной филармонии, преподавателе усть-каменогорского колледжа искусств В. Ткаче] / Н. Михеева // Рудный Алтай. - 1998. - 11 апр.
Михеева, Н. Браво, маэстро! : [о сольном концерте засл. арт. РК, преп. усть-каменогор. колледжа искусств В. Ткаче] /Н. Михеева // Рудный Алтай. - 1999. - 4 марта
Ткач, В. М. Сердца жар и страсть души : [беседа с преп. колледжа искусств, засл. арт. РК В. М. Ткачом] // Рудный Алтай. - 1999. - 20 февр.
Поломошнова, Л. Вернулись дипломантами : [из Астаны, где прошел 22-й Республиканский конкурс молодых исполнителей, трое учащихся Восточно-Казахстанского колледжа искусств вернулись дипломантами] / Л. Поломошнова // Рудный Алтай. - 2001. - 14 апр. - С. 10
Лазарева, В. Узнаваем и любим : [о несравненном усть-каменогорском баритоне Вячеславе Ткаче] / В. Лазарева // Деловой Усть-Каменогорск. - 2002. - №2. - С. 34-35
Двадцать лет на сцене [об усть-каменогорском баритоне Вячеславе Ткаче] // Рудный Алтай. - 2004. - 6 марта. - С. 8
Мельникова, Н. Признание в любви : [о творческом вечере заслуженного артиста РК В. Ткача] / Н. Мельникова // Рудный Алтай. - 2009. - 8 дек. - С. 6.
Шимолина, Н. Вячеслав Ткач: "Мне везет со зрителем" / Н. Шимолина // Өскемен. - 2010. - 16 дек. - С. 28.
Григорьева, С. В. Юбилейный год Вячеслава Ткач / С. В. Григорьева // Мәдениет жаршысы / Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасы=Управление культуры Восточно-Казахстанской области. - Өскемен, 2011. - N 5. - С. 33-34.
Асипова, Г. Баритон высокой пробы : [об Андрее Шагидевиче, дипломанте Международного конкурса музыки им. С. Рахманинова (Санкт-Петербург), ученике В. М. Ткача] / Г. Асипова // Рудный Алтай. - 2017. - 24 января. - С. 6.

Утеулинова, Аяужан. Победа в каждой ноте : [известный в Восточном Казахстане вокалист, солист КГКП "Ертіс концерт" Дарын Бисаринов занял первое место в номинации "Мужской вокал" на XV Республиканской предметной студенческой олимпиаде] / А. Утеулинова // Рудный Алтай. - 2023. - 6 апреля.- С.9.
Седых, Е. Вячеслав Ткач - золотой голос Алтая / Е. Седых // Рудный Алтай. - 2025. - 25 декабря (№52).- С.11.