Известные имена

Әскери қызметкерлер

Қалматаев М.

Қалматаев МұратҚалматаев Мұрат, генерал (1936-2016)

Қалматаев Мұрат 1936 жылы 8 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Мариновка ауылында дүниеге келген.
1959 жылы ҚАЗМУ-ді, 1967 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген.
1959-1965 жылдары Семей облысы Көкпекті ауданында комсомол комитетінің бірінші хатшысы, «Жұлдыз» газетінің редакторы болды.
1967-1975 жылдары Семей облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, 1967-1975 жылдары партиялық ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1975-1980 жылдары Қазақстан КП ОК-нің инспекторы, 1980-1983 жылдары Орал облыстық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.
1983 жылы республикалық IIМ –нің жаңадан ұйымдастырылған саяси бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
Мұрат Қалматаевтың азаматтық тұлғасы 1986 жылы Кеңес Одағының әміршіл-әкімшіл басқару жүйесін, отаршыл империяның шаңырағын шайқалтқан оқиғалар кезінде айқын көрінді.
Ол көтерілісші жастарға ашық пейіл танытып, жазалаушы отрядтардың қимылдарын тежеуге, жарақат алған қыздар мен жігіттерге медициналық көмек ұйымдастыруға барша күш салды. Республика Бас прокурорына Қазақстан КП ОК-нің екінші хатшысына кіріп, алаңда заңсыздыққа жол беріліп жатқанын айтып, бұл тағылықты тоқтатуды талап етті.
Әділдік жолындағы осы заңды әрекеттері үшін «өз қызметіне лайықсыз адам» ретінде дереу Ауғанстан соғысына жөнелтілді. 1988-1989 жылдары Ауғанстан соғысында бірнеше жауапты операцияларға қатысып, басшылық етті.
Майданнан аман-есен елге оралып, 1989-1994 жылдары Семей облыстық ішкі-істер басқармасын басқарды.
1995 жылы ҚР IIМ-нің кеңесшісі болып тағайындалды.
12,13 сайланған қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, Құқықтық реформа және заңдылық жөніндегі комитеттің төрағасы болды.
1986 жылғы қарашада генерал-майор атағы берілді.
«Құрмет белгісі», «Қызыл Жұлдыз», «Халықтар достығы», «Отан күзетінде» ордендерімен, КСРО және шетел медальдарымен марапатталған.

2016 жылы маусымда қайтыс болды.

 

Қалматаев Мұрат туралы :

Генералы Казахстана [Текст] : биографический справочник. - Алматы : Арыс, 2006. - 400 с.
Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б.

Интернет ресурстар

Уикипедия ашық энциклопедиясы- http://kk.wikipedia.org/wiki
Халық сөзі газетінің сайты - http://www.halyksozi.kz/news/view/id/1418
Асар жаршысы - http://www.aymak.kz/vestnik/produkt_8_9/doclib/007.aspx
Айқын республикалық саяси газетінің сайты- http://www.aikyn.kz/articles/view/27451

Қайдаров Р.

Қайдаров РүстемҚайдаров Рүстем, генерал (1940 - 2019гг.) -

Қайдаров Рүстем 1940 жылы 18 мамырда бұрынғы Семей облысы Бесқарағай ауданының Сосновка ауылында дүниеге келген.
1970 жылы ҚАЗМУ-дің заң факультетін бітірген. 1966 жылдан Семей және Жезқазған облыстары ішкі істер бөлімдернің жедел басқарушылық қызметтерінде істеді.
1992 жылдан ҚР ішкі істер министрінің орынбасары, 1995 жылдан ҚР МТК төрағасының бірінші орынбасары болды.
1996 жылдан МТК Жоғары тергеушілік мектебінде және Қазақ мемлекеттік Заң университетінде кафедраларды басқарды.
1997 жылдан Республикалық қылмысқа және құқық бұзушылыққа қарсы күресті қолдау қорының президенті болған.
1999 жылдан қазіргі уақытқа дейін «Қорғау» жинақтаушы зейнетақы қоры АҚ президенті.
Қазақ КСР, ҚР заңдық актілерін және ТМД Парламентаралық Ассамблеясында (Санкт Петербург) қылмыстық процессуальдық , қылмыстық атқарушылық кодекстерді жасап шығуға қатысқан.
20-дан аса мақалалардың авторы. Әділет генерал-майоры.
1998 жылдан Қазақ мемлекеттік заң университетінің профессоры, Ресей жаратылыстану академиясының корреспондент мүшесі (2000 жылдан), БҰҰ Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі (2002).
«Генералдар кеңесі» коғамдық бірлестігі Төралқасының төрағасы. Бірнеше медальдармен марапатталған. КСРО IIМ-нің еңбегі сіңген қызметтері.

Р.Е. Кайдаровтуралы әдебиеттер

Литература о Кайдарове Р. Е.

 

Генералы Казахстана [Текст] : биографический справочник. - Алматы : Арыс, 2006. - 400 с.

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б.

Интернет ресурстар

Интернет-ресурсы

 

Кайдаров Рустем Есимханович. Электронный ресурс] [биография] // Официальный интернет-ресурс Республиканского общественного обьединения «Совет генералов» : сайт. - Режим доступа : https://sovetgen.kz/kajdarov

Ильященко Г. Г.

Ильященко Геннадий Григорьевич

Ильященко Геннадий Григорьевич (1931-2001) - прокуратура генералы

1931 жылы 1 қаңтарда Шығыс Қазақстан облысы, Таврия ауданы, Донское ауылында дүниеге келген. 1954 жылы Алматы мемлекеттік заң институтын бітірген.

1955-1962 жылдары Өскемен Мемлекеттік педагогикалық институтында сырттай оқыды.

Г. Г. Ильященко прокуратурада жұмысын 1954 жылдың тамыз айынан бастап, Алматы мемлекеттік заң институтын бітіргеннен кейін Өскемен қаласы прокуратурасының халық тергеушісі лауазымына тағайындалған кезден бастады. Ильященконың тапсырылған жұмыс учаскесі үшін адалдық, кәсібилік және жауапкершілігі Шығыс Қазақстан облысының ең күрделі өңірлерінде сұранысқа ие болды.

Одан кейінгі жылдары ол облыстық прокуратураның аға тергеушісі, облыс прокурорының криминалистика жөніндегі көмекшісі, облыстық прокуратураның тергеу бөлімінің бастығы болып жұмыс істеді. 1980 жылы Г.Г. Ильященко облыс прокурорының орынбасары болып тағайындалды. Осы лауазымда 3 жылдан сәл артық жұмыс істеп, 1983 жылғы 21 шілдедегі №564-Л КСР Одағы прокурорының бұйрығымен Г.Г. Ильященко Семей облысының прокуроры болып тағайындалды, онда 1991 жылғы 25 сәуірге дейін жұмыс істеді және зейнеткерлікке шығуына байланысты босатылды.

2001 жылдың 3 қаңтарында Геннадий Григорьевич кенеттен қайтыс болды.

 

Г. Г. Ильященко туралы әдебиет

Литература о Г. Г. Ильяшенко

Генералы Казахстана. Биографический справочник .- Алматы : Арыс.-2006.-400 с.

Исабаев С. М.

Исабаев Слям Мухамеджанович

Исабаев Сіләм Мұхамеджанұлы (1937) - милиция генерал-майоры

1937 жылы 18 наурызда Шығыс қазақстан облысы, Үлкен Нарын (Қазіргі Катонқарағай) ауданы Мало-Красноярка ауылында шаруа отбасында дүниеге келген.

1955 жылы Үлкен Нарын орта мектебін бітіргеннен кейін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультетіне оқуға түседі. Оны 1960 жылы заңгер-құқықтанушы мамандығы бойынша бітірген.

Университетті бітіргеннен кейін екі жыл (1960-1962) Қазақстан Әділет министрлігінің Қазақ сот сараптамасы Ғылыми-зерттеу институтында сарапшы-криминалист болып жұмыс істеді.

1962 жылдың қарашасынан 1994 жылдың қарашасына дейін ішкі істер органдары жүйесінде қатардағы сарапшы-криминалист пен тергеушіден ҚР ІІМ Тергеу басқармасы бастығының орынбасарына дейін еңбек еткен. 1983 жылы КСРО және Қазақ КСР ІІМ басшылығы Талдықорған облысы ІІБ бастығының орынбасары лауазымына ұсынды, онда 1985 жылға дейін жұмыс істеді.

1985-1990 жылдары Алматы облысы ІІБ бастығы болып жұмыс істеді. 1990 жылдың маусым айында Алматы қ. ІІББ бастығы болып тағайындалды (бір мезгілде – ҚР ІІМ Министрінің орынбасары). Милиция генерал-майоры атағын 1988 жылдың қазан айында алды. 11 медальмен және ҚР Жоғарғы Кеңесінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

 

С. М. Исабаев туралы әдебиет

Литература о С. М. Исабаеве

Генералы Казахстана. Биографический справочник .-Алматы : Арыс.-2006.-400 с.

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

Министерство внутренних дел РК

Зәкиев Б.

Болат Сейтқазыұлы Закиевтің Зәкиев Болат (1950) - генерал, Қазақстан Республикасы Шекара қызметінің директоры.

Зәкиев Болат 1950 жылы 25 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданының Қаратал ауылында дүниеге келген.
1971 жылы КСРО МҚК Ф. Э. Дзержинский атындағы Жоғары шекаралық командалық училищесін, 1981 жыллы КСРО МҚК Қызыл Ту институтын бітірген.
1967 жылдан КСРО МҚК Жоғары шекаралық командалық училищесінің курсанты (Алматы), 1971-1978 жылдары КСРО МҚК Шығыс шекаралық отрядының офицері, аға офицері, 1981 жылдан КСРО МҚК Шығыс шекаралық отрядында бөлім бастығының орынбасары, 1984 жылдан КСРО МҚК Ауғанстандағы Өкілдігінің аға оперативтік қызметкері, 1988 жылдан КСРО МҚК Шығыс шекаралық округі бөлімінің аға офицері, 1991 жылдан Шығыс шекаралық округі бөлім бастығының орынбасары (Алматы), 1992 жылдан шекаралық округ әскерлері қолбасшысының орынбасары, Шығыс шекаралық бөлімінің бастығы.
ҚР ҰҚБ төрағасының орынбасары, Шекара қызметінің директоры қызметтерін атқарды.
Қызыл Жұлдыз (1987), 2-дәрежелі Даңқ (2001) ордендерімен, көптеген медальдармен және жоғары дәрежелі Құрмет грамоталарымен марапатталған.

Зәкиев Болат туралы

Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б.

Интернет ресурстар

Генералы Казахстана [Текст] : биографический справочник. - Алматы : Арыс, 2006. - 400 с.
Параграф информационные системы- http://online.zakon.kz/Document/?doc_id=30100609