Смағұлов Бақытжан (1965) - кеңестік, қазақстандық, ресейлік балет солисі; Қазақстан мен Татарстанның Халық әртісі.
1965 жылы 4 қарашада Семей (қазіргі Шығыс Қазақстан) облысының Шар қаласында дүниеге келген.
1984 жылы А.Я. Ваганов атындағы Ленинград академиялық хореографиялық училищесін Юрий Умрихин сыныбы бойынша бітірді. 1984-1994 жылдары – Абай атындағы Қазақ академиялық опера және балет театрының балет солисі (Алма-Аты). Бір мезгілде 1989 жылдан 1994 жылға дейін келісім-шарт бойынша АҚШ пен Жапонияның балет труппаларында жұмыс істеді. 1994-2008 жылдары – Жәлел атын.Татар академиялық опера және балет театрының балет солисі. 1999 жылдан осы театрдың педагог-репетиторы.
Мәскеу, Варна, Парижде өткен халықаралық конкурстардың лауреаты (1988); Хельсинкиде өткен халықаралық конкурстың лауреаты (1991); Осакада өткен Халықаралық конкурстың лауреаты (1991). Татарстан мен Қазақстанның Халық әртісі Бақытжан Смағұлов би мансабының 22 жылында әлемнің барлық басты сахналарында өнер көрсетіп үлгерді, бірнеше рет Парижде, Осакада, Хельсинкиде, Мәскеуде балет әртістерінің халықаралық конкурстарының лауреаты болды.
Қазақстанның Халық әртісі (1993).
ТР халық әртісі (2003).
Марапаттары.
Бүкілодақтық байқаудың қола медалі (Мәскеу, 1988)
Халықаралық байқаудың күміс медалі (Варна, 1988)
Халықаралық байқаудың күміс медалі (Париж, 1988)
Халықаралық байқаудың күміс медалі (Хельсинки, 1991)
Халықаралық байқаудың қола медалі (Осака, 1991)
Интернет-ссылки
Смагулов Бахытжан Жумашканович - Казанский театральный музей (kzntm.ru) [Электронный ресурс]: [Биография. Творчество]. – сайт. – Режим доступа:
http://www.kzntm.ru/narodnye-artisty/211-smagulov-bakhytzhan-zhumashkanovich
Елена Щеглова и Бахытжан Смагулов: быть педагогом — это когда танцуют твои ученики, а на следующий день ноги болят у тебя [Электронный ресурс]: [Интервью]. -сайт.-Режим доступа: http://zvzda.ru/interviews/1fc6dcb4f4ae
Аюханов Болат Ғазизұлы (1938-2022) - биші, балетмейстер, педагог
1938 жылы 13 қыркүйекте Семей қаласында дүниеге келген. Алматы хореографиялық училищесін А.Селезневтің класы бойынша, Санкт-Петербордағы А.Ваганова атындағы би академиясын, ГИТИС-тің балетмейстерлік бөлімін тәмамдаған. Биші, педагог, балетмейстер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.
1957-1959 жылдары Қазақ опера және балет театрының бишісі болған. 1964 жылы Алматы хореография училищесінің басшылығына тағайындалды. Үш жылдан соң «Алматының жас балеті» ұжымын құрды, бұл - қазіргі Мемлекеттік академиялық би театры. Сол жылдан бастап осы ансамбльде билер мен хореографиялық миниатюраларды, композицияларды («Аққу», «Айтыс», «Аңшылар биі», «Жайдарман»), бір, екі актылы балеттерді (М.Равельдің «Болеросы», В.Булгаровскийдің «Қазақ сувенирі», А.Исакованың «Гамлет», «Жарыс», «Батырлары», Т.Қажығалиевтің «Керуені», Н.Закировтың «Мәңгүрті», Бизе-Щедриннің «Кармен-сюитасы») сахнаға қойды. Сондай-ақ Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» (Ш.Жиенқұловамен бірге), Д.Шостаковичтің 4-ші симфониясы бойынша «Қылмыс пен жаза», П.Чайковский мен М.Плетневтің «Евгений Онегин», Ф.Шопеннің «Шопениана», «Пахита» балеті негізінде қойылған гран па (жеке өзінің хореографиялық болжамдары) тәрізді жұмыстары қазақ балетінің ғана емес, дүние жүзілік балет тарихына енген жаңалықтар болды. 1997-1998 жылдары А.Мелоди-Кузьминнің музыкасына «Әлі ымырт емес», француз композиторларының әуендеріне «Эдит Пиаф - Францияның рухы», А.Бестібаевтың «Азия дауысы» балеттерін жұртшылық назарына ұсынды. Әсіресе, «Эдит Пиаф - Француз рухы» спектаклі сыншылардың, мамандардың жоғары бағасына ие болды. Хореографиялық шешімі аса сәтті бұл спектакль ансамбльдің жоғары кәсіптік деңгейін көрсетті. «Алматының жас балетінің» шын мәнінде Мемлекеттік академиялық классикалық би ансамбліне айналып, репертуарының бай, шеберліктерінің жоғары болуында Аюхановтың үлесі ерекше. Оның қолтаңбасына ізденіс, музыкалық биік мәдениет, классикалық көркем би тәсілдерінің таусылмайтын қазынасын меңгеруге ұмтылыс, жаңалыққа құштарлық тән. Отыз жылдан астам Аюханов жетекшілік етіп келе жатқан ансамбль дүние жүзіне кеңінен танымал болып, хореографиялық өнерді игеруі жөнінен әлемдік балет ұжымдарының ең үздігі саналатын алғашқы ондығына енген. Оның «Менің балетім», «Сезімдер өмірбаяны» атты кітаптары бар. Еуропа мәдениетінің ХХ ғасырдағы 60 жарық жұлдызы туралы шығатын 25 кітаптың біреуі Аюхановтың өмірі мен өнеріне арналған (авторы австралиялық өнер зерттеушісі Юри Рюнтю). Ол отандық балет әртістерін тәрбиелеп шығаруға да көп үлес қосты. Аюханов арнайы шақырумен Түркияда «Махаббат аңызы», Ташкентте «Алдар Көсе» балеттерін қойған.
«Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған.
Аюханов Болат туралы:
Бөкей О. Өнерге өлердей-ақ ғашық едім. [Мәтін] : Очерктер, көсемсөздер, эсселер / Бөкей О. - Алматы : Санат, 1995. - 304 б.
Ізім Т. Өркені өскен би өнері [Мәтін] : оқу құралы / Т. Ізім. - Астана : Фолиант, 2009. - 136 б.
Қазбалинов, Тоқтарбай. Би өнерінің Болаты [Мәтін] / Т. Қазбалинов // Ертіс өңірі. - 2009. - 18 наурыз.- Б.13.
Аюханов, Болат. Балетке барын берген [Мәтін] / Б. Аюханов // Семей таңы. - 2009. - 17 қыркүйек.- Б.9.
Аюханов Б. Қатыгез адам билей алмайды [Мәтін] / Аюханов Б. // Ақ желкен. - 2002. - №7.- Б.228-229
Садақбайұлы О. Аққулар аспанда емес [Мәтін] : [би өнерінің жұлдызы Б. Аюханов туралы] / О. Садақбайұлы // Лениншіл жас. - 1972. - 21 июнь
Бөкеев, Оралхан. Қазақ сувенирі [Мәтін] : [би өнерінің жұлдызы Б. Аюханов туралы] / О. Бөкеев // Лениншіл жас. - 1972. - 19 январь
Интернет- ресурстар:
1964 жылы Алматы хореография училищесінің басшылығына тағайындалды. Үш жылдан соң «Алматының жас балеті» ұжымын құрды, бұл - қазіргі Мемлекеттік академиялық би театры.