Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Қалматаев М.

Қалматаев МұратҚалматаев Мұрат, генерал (1936-2016)

Қалматаев Мұрат 1936 жылы 8 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданының Мариновка ауылында дүниеге келген.
1959 жылы ҚАЗМУ-ді, 1967 жылы Алматы Жоғары партия мектебін бітірген.
1959-1965 жылдары Семей облысы Көкпекті ауданында комсомол комитетінің бірінші хатшысы, «Жұлдыз» газетінің редакторы болды.
1967-1975 жылдары Семей облыстық партия комитетінің нұсқаушысы, 1967-1975 жылдары партиялық ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1975-1980 жылдары Қазақстан КП ОК-нің инспекторы, 1980-1983 жылдары Орал облыстық партия комитетінің хатшысы қызметтерін атқарды.
1983 жылы республикалық IIМ –нің жаңадан ұйымдастырылған саяси бөлімінің бастығы болып тағайындалды.
Мұрат Қалматаевтың азаматтық тұлғасы 1986 жылы Кеңес Одағының әміршіл-әкімшіл басқару жүйесін, отаршыл империяның шаңырағын шайқалтқан оқиғалар кезінде айқын көрінді.
Ол көтерілісші жастарға ашық пейіл танытып, жазалаушы отрядтардың қимылдарын тежеуге, жарақат алған қыздар мен жігіттерге медициналық көмек ұйымдастыруға барша күш салды. Республика Бас прокурорына Қазақстан КП ОК-нің екінші хатшысына кіріп, алаңда заңсыздыққа жол беріліп жатқанын айтып, бұл тағылықты тоқтатуды талап етті.
Әділдік жолындағы осы заңды әрекеттері үшін «өз қызметіне лайықсыз адам» ретінде дереу Ауғанстан соғысына жөнелтілді. 1988-1989 жылдары Ауғанстан соғысында бірнеше жауапты операцияларға қатысып, басшылық етті.
Майданнан аман-есен елге оралып, 1989-1994 жылдары Семей облыстық ішкі-істер басқармасын басқарды.
1995 жылы ҚР IIМ-нің кеңесшісі болып тағайындалды.
12,13 сайланған қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланып, Құқықтық реформа және заңдылық жөніндегі комитеттің төрағасы болды.
1986 жылғы қарашада генерал-майор атағы берілді.
«Құрмет белгісі», «Қызыл Жұлдыз», «Халықтар достығы», «Отан күзетінде» ордендерімен, КСРО және шетел медальдарымен марапатталған.

2016 жылы маусымда қайтыс болды.

 

Қалматаев Мұрат туралы :

Генералы Казахстана [Текст] : биографический справочник. - Алматы : Арыс, 2006. - 400 с.
Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 2. - Астана : Фолиант, 2011. - 304 б.

Интернет ресурстар

Уикипедия ашық энциклопедиясы- http://kk.wikipedia.org/wiki
Халық сөзі газетінің сайты - http://www.halyksozi.kz/news/view/id/1418
Асар жаршысы - http://www.aymak.kz/vestnik/produkt_8_9/doclib/007.aspx
Айқын республикалық саяси газетінің сайты- http://www.aikyn.kz/articles/view/27451