
Колесников ВладимирАлексеевич (1924-2003) –Кеңес Одағының Батыры
Колесников Владимир Алексеевич –өздігінен жүретінартиллериялық СУ -76 қондырғысының командирі , Новобуг полкі (45 атқыштар корпусы, 5-армия, 3- Белорус майданы) кіші лейтенант.
Владимир Алексеевия Колесников 1924 жылы 13 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы Юбилейная станциясында (қазір жоқ) туған. Орыс, білімі - 7 кластық. Колхода тракторшы, кейін Қарағандыда шахтада істеген.
Армияға 1942 жылы тамыз айында Семей облысы Үржар әскери комиссариатынан шақырылған. 1944 жылы Самарқанд (Өзбекстан) қаласына көшірілген 2-Харковь танк училищесін бітірген.
1944 жылы мамыр айынан майданда. 3-Белорус, 2-Украина майдандарында шайқасқан. Екі рет жараланған. 1944 жылы тамыз айында Литва аумағында болған Каунас операциясы кезінде айрықша көзге түскен. 1944 жылы 16 тамызда Жвиргждайчяй (Шакяй ауданы Литва, Шакяй елді мекенінен 28 км) елді мекені үшін ұрыста жеңілөздігінен жүретінартиллериялық қондырғысымен жаудың 10 танкісін, 2 шаубылшы қаруын, 7 бронетранспортерін, 370-тей жау әскері мен офицерін құртып, 1944 жылдың 17 тамызы күні алғашқылардың бірі болып, Кеңестер Одағының Шығыс Пруссиямен мемлекеттік шекарасына жетіп, Қызыл Туды қадаған.
1945 жылығы 24 наурыздағы КСРО Жоғарғы Кеңесінің Жарлығы бойынша Литваны жаудан босату кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Колесников Владимир Алексеевичке Кеңес одағының Батыры атағы беріліп, Ленин ордені мен «Алтын Жұлдыз» медалі қоса тапсырылды.
Соғыстан кейін В.А. Колесников Совет Армиясы қатарындағы қызметін жалғастырды. 1946 жылы Ленинград облысы Ораниенбаум (қазіргі Ломоносов) қаласындағы өздігінен жүретінартиллериялық қондырғы офицерлер курсын бітірді. 1946 жылы ақпан айында курс казармасы жанында тікелей оның ұсынысымен және белсенділігімен өздігінен жүретінартиллериялық СУ-85 қондырғысына ескерткіш орнатылды. Колесников В.А. 1974 жылы подполковник шенінде запасқа шықты. Ломомносов қаласында тұрып, қоғамдық жұмыстарға белсене араласты. 20 жылдан артық Біріктірілген Ардагерлер Кеңесін басқарды. Қаланың әлеуметтік мәселелерін шешуге, жастар тәрбиесіне ат салысты. Ломоносов қаласының Құрметті азаматы.
2003 жылы 28 қыркүйекте қайтыс болды, Ломоносов қаласындағы Батырлар аллеясында
жерленген.
Ленин (24.03.1945), екі мәрте 1 дәрежелі Отан соғысы (12.05.1945; 11.03.1985), Қызыл Жұлдыз (6.07.1944) ордендерімен, медалдармен марапатталған.
В.А.Колесников түралы әдебиеттер
Литература о В. А. Колесникове
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы [Мәтін] : Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. - 132 б.
Отан батырларын мадақтайды. [Мәтін] : Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 б.
Азалы кітап [Мәтін] : Ауған жеріндегі әскери қимылдар барысында қаза тапқан шығысқазақстандық жауынгерлер (1979-1989 жж.) / "Ауғанстандағы соғыс ардагерлерінің Өскемен ұйымы" қоғамдық бірлестігі ; "Ауған соғысы және Семей қаласындағы жергілікті соғыстардың соғыс ардагерлері мен соғыс мүгедектері" қоғамдық бірлестігі ; А. С. Пушкин атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы ; Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық кітапханасы. - Өскемен : 2014. - 208 б.
***
Герои Советского Союза - семипалатинцы [Текст]. - Семипалатинск : [б. и.], 2004. - 56 с.
Андреев С.А. Совершенное ими бессмертно [Текст] : Книга 2-я / С.А. Андреев. - М. : Высшая школа , 1986. - 511 с.
Мақалалар-Статьи
Халепа В. Подвиг героя [Текст] / Халепа В. // Путь Ильича. - 1981. - 9 мая. - С. 4.
Шака А. Три самых горьких майских дня [Текст] / Шака А. // Рудный Алтай. - 2005. - 3 февр. - С. 2
Интернет-ресурстар
Интернет-ресурсы
Колесников В. А. [Электронный ресурс][биография] : сайт, - Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=14969 (20.12.2018)
Колесников В. А. [Электронный ресурс][биография] : сайт, - Режим доступа : http://www.oranienbaum.org/lomonosov/personality-and-life-lomonosov/kolesnikov-vladimir-alekseevich/ (20.12.2018)