Засядко (Засядько) Владимир Алексеевич (1919-1943) – Кеңес Одағының Батыры.
Владимир Алексеевич Засядко - 7-ші гвардиялық армия дала майданының 73-ші гвардиялық Сталинград атқыштар дивизиясының 209-ші гвардиялық атқыштар полкінің артиллерия бастығы, гвардия аға лейтенанты.
1919 жылы 24 сәуірде Харьков қаласында шаруа отбасында дүниеге келген. 1932 жылы туыстарымен Қазақстанға қоныс аударған. 1935 жылдан Алматы қаласында тұрып, тау-кен институтын бітірген.
В.А.Засядько Қазақстанда жасақталған 73-гвардиялық Сталинград атқыштар дивизиясының құрамында майдан жолынан өтті. Сталинградты қорғауға, Украинаны азат етуге қатысты.
1943 жылы қыркүйек айының кешінде гвардия лейтенанты Засядько басқаратын артиллерия полкі Днепр жағалауына жетті. Өзеннен өтетін көпір туралы тек армандауға ғана болатын. Засядько бірнеше балықшы қайығын тауып алады. Оған жалғастырылған тақтайларға пушкаларды орналастырып түн қараңғылығымен арғы жағаға бет алады. Өзенге жау снарядының оғы жауып, миналар жарылып жатты. Қайық үнсіз жылжып жағаға жетті. Адам шамасы жетпейтін өте ауыр жұмыс - зеңбіректерді тасып жағаға шығару еді. Алайда Засядьконың ұйымдастыруымен зеңбіректер жағаға шығып, орналастырылды да бірнеше күнге созылған кескілескен шайқас басталды. Засядьконың зеңбіректері жау қорғанысының түкпіріндегі жаяу әскерлер мен танктеріне соққы берді. 1943 жылдың 26-27 қыркүйегінде немістер айрылып қалған жерлерін қайтарып алу үшін жанталасты. Біздің әскерлерді Днепрдің шығыс жағалауына тықсырып, алға жылжытпау үшін фашистер сегіз мәрте шабуылға шықты. Қорғаныс мықты болғандықтан жау өткелден жауынгерлердің өтуіне кедергі жасай алмады. В.А. Засядьконың басқаруымен 2 рота жаяуәскер, қару-жарақ тиелген 5 автокөлік, алты стволды 2 миномет, 6 пулемет ошақтарының көзі жойылды. 1943 жылдың 10 қазаны күні барлық күшін жинап қайта шабуылға шыққан жау әскерлерінің әрекеті сәтсіздікке ұшырады. 16 қазан күні полк шабуылға шықты. Засядько алдын ала ойластырылған жоспар бойынша шабуылдаушы жаяуәскерлерге көмек көрсетті. Нәтижесінде полк Бородаевка (Днепропетровск облысы) селосының шығысын басып алып, көптеген қару –жараққа ие болды.
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен 1943 жылғы 26 қазандағы неміс-фашистік басқыншылармен күрес майданында қолбасшылықтың жауынгерлік тапсырмаларын үлгілі орындағаны және сонымен қатар көрсеткен ерлігі мен батырлығы үшін гвардияның аға лейтенанты Владимир Алексеевич Засядкоға Ленин орденін және "Алтын Жұлдыз" медалімен (№ 1364) бірге Кеңес Одағының Батыры атағы беріледі. Қызыл Ту және 1-ші дәрежелі Отан соғысы ордендерімен марапатталған.
Семей қаласындағы № 1 мектеп, Петрово қала үлгісіндегі кентте көше мен мектеп, Семей қаласындағы көше батырдың атымен аталды; осы қалада батыр оқыған мектеп ғимаратында мемориалдық тақта орнатылды, мектепте мұражай құрылды.
Қызыл Жұлдыз, 2-дәрежелі Отан даңқы ордендерімен марапатталған.
Владимир Алексеевич Засядько Кировоград облысында неміс шебін бұзу кезінде қаза тапты. Батыр Водяна селосына жерленген.
В. А. Засядко туралы әдебиет
Литература о В. А. Засядько
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.42.
Отан батырларын мадақтайды: шығысқазақстандықтар – Кеңес Одағының батырлары: фотоальбом = Родина награждает отважных: восточноказахстанцы – Герои Советского Союза: фотоальбом. – Өскемен: Медиа-Альянс, 2010. – 288 б.
***
Герои Советского Союза казахстанцы: Сборник документов и материалов: В 2 т. - Алма-Ата : Казахстан, 1968. - Т.1. - С. 279-278.
Герои Советского Союза: краткий автобиографический словарь. В 2-х т. - М.: Воениздат, 1987. - Т. 1. - С. 513.
Мақалалар - Статьи
Семипалатинцы - Герои Советского Союза// Семипалатинские вести. - 2004. - 10, 24 дек.
Иванченко, Яна. Чтобы помнили/ Я. Иванченко // Наше дело. - 2012. - 26 апр. - С. 7
Интернет– ресурстар
Интернет – ресурсы
Герои страны
Рeople.Su