Болтаев Георгий Семенович (1914-1986) – Кеңес Одағының Батыры.
172-ші гвардиялық Қызылтулы Гнезнен Суворов орденді атқыштар полкінің автоматшылар ротасының командирі, (1-Белорус майданы, 8- гвардиялық армия, 4-гвардиялық атқыштар корпусы, Суворов пен Богден Хмельницкий орденді 57-Новобуг атқыштар дивизиясы), гвардия капитаны.
1914 жылы Қостанай қаласында (қазіргі Қостанай облысы, Қостанай қ.) шаруа отбасында дүниеге келген. Мектеп бітірген соң Семей қаласындағы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Семей қ.) «Главпарфюмерия» бірлестігінде бухгалтер болып істеген. 1936-1938 жылдарда Қызыл Әскер қатарында әскери борышын өтеген. 1939 жылы әскерге қайта шақырылып, 1940 жылы әскер қатарынан босатылған. Абакан қаласында тұрып, хакас облыстық Қызыл Крест қоғамында бухгалтер болып істеген, одан кейін Красноярск қаласына өлкелі Қызыл Крест қоғамы қаржы-жоспарлау бөлімінің бастығы болып ауысқан. Үшінші рет әскер қатарына 1942 жылдың мамыр айында шақырылып, Тамбов жаяу әскер училищесіне оқуға жіберілген. 1944 жылы мамыр айында училищені бітірген соң майданға аттанады. 3-Украина, 1-Белорус майдандарында соғысып, взвод, ротаны басқарған. Люблин-Брест, Варшава-Познань шабуыл операцияларына қатысқан. Әсіресе Берлинге шабуыл кезінде ерекше көзге түскен. 1945 жылы 16 сәуірде гвардия капитаны Г.С. Болтаев ротасы жау оғының астынан алға ұмтылып, жаудың бекінген траншеясына басып кіреді. 2 шабуыл қаруының, 5 зеңбіректің, ротаға таяу жау әскерінің көзін жойып, артиллерия батареясын тартып алды. Ротаның сәтті әрекеті полктің Зеловкий биіктігіне шығып, жау қорғанысының жойылуына ықпал етті. Г.С. Болтаев басқарған рота Зелов қаласына (қазіргі Меркиш-Одерланд ауданы, Бранденбург, Германия) басып кіріп, қаланың орталық көшелерін тартып алды. Ұрыс кезінде 50-дей жау әскерін жойып, 15 солдатын тұтқынға алған.
1945 жылдың 31 мамырындағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен неміс басқыншыларына қарсы күресте көрсеткен батылдығы мен ержүректілігі үшін Болтаев Георгий Семеновичке Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.
1946 жылдан запаста. Абакан қаласында тұрып еңбек еткен. 1970 жылдан Шешен-Ингуш АССР-нің (қазіргі Шешен республикасы) Грозный қаласында тұрған. 1986 жылы 13 тамызда қайтыс болып, Грозный орталық зиратына жерленген. Ленин (31.05.1945), Александр Невский (27.02.1945), 1-және 2-дәрежелі Отан соғысы (11.03.1985), (15.05.1945) Қызыл Ту (14.09.1944) ордендерімен, медальдармен марапатталған.
Г. С. Болтаев туралы әдебиеттер
Литература о Г. С. Болтаеве
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. – : Болтаев Георгий Семенович. - б. 276.
Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.13.
Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.
***
Герои Советского Союза - казахстанцы: В 2 т. - Алма-Ата : Казахстан, 1968. – с.135.
Герои Советского Союза : историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др.; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - с. 182.
Интернет ресурстар
Интернет ресурстар
Болтаев Г. С. [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны Костанай и костанайцы. – Режим доступа http://pavelskaz.ru/74.html: (09.01.2018)
Болтаев Г. С. [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны . – Режим доступа http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=19016(09.01.2018)