Известные имена

Құрметті оқырмандар!

2004 жылдан бастап "Шығыс Қазақстан танымал есімдер" дерекқорын толықтыру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның мақсаты – Шығыс Қазақстан өңірінің барлық танымал тұлғалары туралы барынша толық ақпарат жинау. Бүгінгі таңда бұл ақпараттық ресурста біздің жерлес ақын-жазушылар, ғалымдар мен ағартушылар, Ұлы Отан соғысына қатысушылар, Алаш қайраткерлері және басқа да бөлімдер ұсынылған. Бұл – отандастарымыздың тұлға мен тағдырларында біздің бірегей өлкеміздің ортақ портретін жасауға көмектеседі.
Библиография 2018 жылға дейін жинақталғанын хабарлаймыз. Кейінірек түскен әдебиеттерді кітапхана сайтының электрондық каталогынан табуға болады: http://pushkinlibrary.kz немесе бізге мына поштаға хабарласа аласыз: spravka@pushkinlibrary.kz
Дерекқорды толықтыру жұмыстары жалғасуда және Сіз де жаңа есім немесе жаңа өмірбаяндық деректерді ұсына аласыз.  Бұл біздің ортақ жұмысымыз әрі біздің ортақ Үйімізді даңққа бөлеген азаматтар алдындағы борышымыз.

abai r pushkin r kray r  

Вербицкий Т.С.

VerbizkyTimSergВербицкий Тимофей Сергеевич (1909-1944) – Кеңес Одағының Батыры.

Тимофей Сергеевич Вербицкий - 759 атқыштар полкінің бөлім командирі (1-Украина майданы, 38-Армия 163-Ромнен атқыштар дивизиясы), кіші сержант.

1909 жылы  Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының Камышинка ауылында шаруа отбасында туған. Білімі – бастауыш. Колхозда жұмыс істеген. 1932-1934 жылдары әскери борышын өтеген. Ұлы Отан соғысы алдында Шемонаиха аудандық жер бөлімінде есепші болып істеген. 1941 жылы армияға қайта шақырылған.

1943 жылдың тамыз айынан – майданда, Воронеж (1944 жылдың 20 қазанынан 1-Украина) майданында шайқасқа түскен.

163-атқыштар дивизиясының құрамында Белгород-Харьков (3-23 тамыз 1943 ж.) шабуыл операциясына, Курск шайқасына, Сумы-Прилук (26 тамыз-30 қыркүйек, 1943 ж.)  Киев (3-13 қараша 1943 ж.), Житомир-Бердичев (24 желтоқсан 1943 ж.) шабуыл операцияларына, Днепрден өту шайқастарына қатысқан.  

Әсіресе Днепрден өту кезіндегі шайқаста ерекше көзге түсті (Лютеж плацдармы,1943 ж). Киев облысының Гута –Межигорск  (Вышгород ауданы) мен Мощун (Киев-Святош ауданы) селоларын азат ету үшін шайқаста жараланып қалған командирдің міндетін өзіне алып, дұрыс шешімдер қабылдап батальонның әскери тапсырманы орындауына ықпалын тигізді. Жаудың бірнеше шабуылын қайтару кезінде ержүректілік пен  жігерлілік танытып, өзі жеке жаудың бір пулеметі мен 25 солдат-офицерінің көзін құртты.

1944 жылғы 10 қаңтардағы КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының Жарлығымен Днепрден өту кезіндегі көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін Вербицкий Тимофей Сергеевичке  Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Жоғарғы марапат батыр қолына тимеді. 1944 жылы 12 қаңтарда ауыр жараланып, медсанбатқа одан әрі госпитальға  жіберілді. Одан арғы тағдыры белгісіз. («Мемориал» сайтының мәліметі бойынша 1943 жылы желтоқсан айында хабарсыз кеткен.)

Гут-Межигорская ауылында жерленген (Украина, Киев облысы, Вышгород ауданы)

Шемонаиха қаласының бір көшесіне батыр есімі берілген.

 

Т. С. Вербицкий туралы әдебиет

Литература о Т. С. Вербицком

 

Кеңес Одағының батырлары - шығысқазақстандықтар = Герои Советского Союза - восточноказахстанцы: Мағлұматнама. - Өскемен : ШҚМУ, 2005. – с.28.

Отан батырларын мадақтайды.: Шығысқазақстандықтар - Кеңес Одағының Батырлары : фотоальбом / Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, Шығыс Қазақстан облыстық сәулет-этнографиялық және табиғи ландшафтық мұражай-қорығы = Родина награждает отважных : Восточноказахстанцы - Герои Советского Союза : фотоальбом / Акимат Восточно-Казахстанской области, Восточно-Казахстанский областной архитектурно-этнографический и природно-ландшафтный музей-заповедник ; сост. Н. В. Крутова. - Өскемен : Медиа-Альянс, 2010. - 290 с.

Шығыс Қазақстан Облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - 848 б. - Т. С. Вербицкий : Б. 298 - 299.

***

Герои Советского Союза казахстанцы : Сборник документов и материалов: В 1 т. - Алма-Ата : КазОгиз, 1945. – С. 175 - 176.

Герои Советского Союза: историко-статистический очерк / Д. Н. Артамонов и др.; ред. И. Н. Шкадов. - М. : Воениздат, 1984. - С. 257 – Т.1

Мақалалар – Статьи

 

Еремин, С. Жизнь продолжается/ Еремин С. // Знамя коммунизма. - 1964. - 10 января.

Шмунк, Г. Смелость и находчивость простого бухгалтера/ Г. Шмунк // Рудный Алтай. - 2009. - 8 мая. - С. 2 - 3.

Владимиров В. Загадка Тимофея Вербицкого: [о Герое Советского Союза из Шемонаихи] // Рудный Алтай. - 2010. - 31 мая. - С. 3.

Интернет ресурстар

Интернет ресурсы

 

Вербицкий, Т. С. [Электронный ресурс] : [биография] // Память норода : сайт. – Режим доступа : https://pamyat-naroda.ru/ (23.01.2019)

Вербицкий, Т. С. [Электронный ресурс] : [биография] // Герои страны : сайт. – Режим доступа : http://www.warheroes.ru/hero/hero.asp?Hero_id=15125 (23.01.2019)

Вербицкий, Т. С. [Электронный ресурс] : [биография] // Управление культуры, архивов и документации : сайт. – Режим доступа : http://cultura-arhiv.vko.gov.kz/ru/65let_3.htm?mobile=on (23.01.2019)