Известные имена

Есімдер

Как правильно класть плитку. Как класть плитку на стену быстро. Класть плитку своими руками. Как выбрать ламинат для квартиры. Какой лучше выбрать ламинат сегодня. Какого цвета выбрать ламинат. Как правильно клеить обои. Как клеить обои на потолок вертикально. Как правильно клеить углы обоями. Интересные самоделки своими руками. Качественные самоделки своими руками фото. Самоделки для дома своими руками. Как сделать потолок в доме. Чем лучше утеплить потолок дома на сегодняшний день. Утепление потолка дома своими руками. Бизнес идеи с минимальными вложениями. Успешные идеи малого бизнеса с нуля. Прибыльные бизнес идеи. Как сделать мебель своими руками. Сделать деревянная мебель своими руками. Сделать мебель своими руками видео. Опалубка для фундамента. Как сделать опалубку для фундамента быстро. Опалубка для фундамента купить.

Жолдыбалинов Н.Н.

Нұржан Жолдыбалинов – IT-маман, кітапханашы, ақпараттық жүйелер бойынша маркетологНұржан Жолдыбалинов (1986 ж.) – IT-маман, кітапханашы, ақпараттық жүйелер бойынша маркетолог

Нұржан Нұрланұлы – Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасы басшысының ақпараттық ресурстар бойынша жетекшісінің орынбасары, Қазақстандық Ұлттық электронды кітапхананы әзірлеуге қатысқан ең жас IT мамандардың бірі.

1986 жылы 17 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы Шар қаласында дүниеге келген. 2001 жылы Семей электротехникалық колледжіне «станция бойынша кезекші» мамандығы бойынша оқуға түсті. 2004 жылы осы колледжде «есептеу техникалары мен автоматтандырылған жүйелерді бағадарламалық қамтамасыз ету» мамандығы бойынша оқуын жалғастырады. 2010 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «»Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету» мамандығымен бітіреді.

Еңбек жолын Қазақстанның бас кітапханасы – Астана қаласындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасында бастайды. Өткен жылдан бері Ақпараттық ресурстар бойынша жетекшінің орынбасары болып қызмет істейді. Қазіргі таңда Нұрлан Нұржанұлы Қазақстандық ұлттық электронды кітапханасы бірыңғай технологиялық форматында Қазақстан кітапханаларының біртұтас каталогін «ҚазҰЭК бірыңғай автоматтандырылған кітапханалық ақпараттық жүйесі» жұмыс үстелін құрумен айналысуда. Мұның нәтижесі Бірыңғай онлайн-каталог, Бірыңғай электронды толықмәтінді мәліметтер базасы, құжаттарды электронды жеткізу, корпоративті виртуалды анықтама қызметі және басқалардың жасалуы болып табылады.

Нұржан Нұрланұлы – IT маман, кітапханашы, ақпараттық жүйелер бойынша маркетолог. 2016 жылы Ресей мемлекеттік кітапханасының жоғары оқу орнынан кейінгі және қосымша кәсіби білім беретін оқу орталығында Жоғары кітапханалық курстан өтті.

Еңбек жолында, ақпараттық технология саласында да, кітапхана ісі бойынша да әрқашан өзінің жетістіктерімен және шығармашылық бастамаларымен көзге түсті, осы еңбектері үшін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі мен мәдениет, спорт және ақпарат қызметкерлері кәсіподақтарының алғыс хаттарымен марапатталды. «Кітапхана саласыынң үздігі» төсбелгісінің иегері. Жас та, болашағы жарқын IT- маманның, кітапханашының, біздің баршаға құрметті әріптесіміз Нұржан Нұрланұлы өз арманын өз еліме, Қазақстаныма не берсем деген оймен байланыстырған.

 

Н. Н. Жолдыбалиновтың жарияланымдар

Публикации Жолдыбалинова Н. Н. 

 

Жолдыбалинов, Н. Н. Қашықтықтағы пайдаланушыларға қызмет көрсету [Мәтін] : Ұлттық академиялық кiтапханасының тәжiрибесiнен / Н. Н. Жолдыбалинов // "Қазақстан кiтапханалары Тәуелсiздiк жылдарында : жетiстiктерi және даму бағыттары" атты республикалық конференцияның мақалалар жинағы: Қызылорда, 26-27 қазан 2011 ж.. - Астана, 2012. - Б. 60-62.

 

Н. Н. Жолдыбалинов туралы әдебиет

Литература о Жолдыбалинове Н. Н.

 

Иманғали, М. Мен жұрттың кітапханашы туралы көзқарасын өзгерткім келеді [Мәтін] / М. Иманғали // Дидар. - 2017. - 23 желтоқсан. - Б. 8.

 

Интернет-сілтемелер

Интерент-ссылки

 

Моя история: Нуржан Жолдыбалинов [Электронный ресурс] // 100esim.el.kz : сайт. - Режим доступа:http://100esim.el.kz/ru/bio/nurzhan_zholdibalinov_ (31.01.2018)

Нуржан Жолдыбалинов. От «Корвета» до единого каталога библиотек Казахстана [Электронный ресурс] // yk-news.kz : сайт. - Режим доступа: http://www.yk-news.kz/news/%D0%BD%D1%83%D1%80%D0%B6%D0%B0%D0%BD-%D0%B6%D0%BE%D0%BB%D0%B4%D1%8B%D0%B1%D0%B0%D0%BB%D0%B8%D0%BD%D0%BE%D0%B2-%D0%BE%D1%82-%C2%AB%D0%BA%D0%BE%D1%80%D0%B2%D0%B5%D1%82%D0%B0%C2%BB-%D0%B4%D0%BE-%D0%B5%D0%B4%D0%B8%D0%BD%D0%BE%D0%B3%D0%BE-%D0%BA%D0%B0%D1%82%D0%B0%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B0-%D0%B1%D0%B8%D0%B1%D0%BB%D0%B8%D0%BE%D1%82%D0%B5%D0%BA-%D0%BA%D0%B0%D0%B7%D0%B0%D1%85%D1%81%D1%82%D0%B0%D0%BD%D0%B0 (31.01.2018)

Save