Чавкина Ольга (1990) - суретші, «Perfomance» арт-студиясының жетекшісі
1990 жылы 28 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласында дүниеге келген. Сурет өнеріне өте ерте кезінен құмар болған және суретші болуды армандаған. Жас кезінен бастап ол өзінің сурет галереясын, өнер студиясын жоспарлап, оны жүзеге асыру жолында тек алға ұмтылған. Алдымен өзінің қызметін қала саябақтарында сурет салудан бастаған ол, ірі заманауи экспозицияларды ұйымдастырып, өткізіп, қажырлы еңбек, белсенді позиция, мемлекет қолдауы, сондай-ақ жақындары мен достарының қолдауымен осындай жарқын белеске жеткен. Ольга түрлі республикалық, облыстық және қалалық шығармашылық конкурстардың қатысушысы және жеңімпазы: 2018 жылы – «Алтай – Қазақстанның інжуі» ҚР Жеке меншік шаруашылығы республикалық пленэрінің ең жас қатысушысы, 2018 жылы «Zhas Project» Халықаралық әлеуметтік жобасында грант жеңіп алған.
Ольга Ержановна 2016 жылдан бастап Қазақстанның ең әдемі жерлерінде, Катонқарағай қорығында, Мұзтаудың етегінде, сондай-ақ Ресей (Алтай өлкесі), Түркия (Стамбул, Каппадокия) елдерінде жыл сайын көшпелі шеберлік сабақтарын өткізеді. Оның картиналары халықаралық деңгейде танымал, олар Қазақстанда және шетелде (Германия, Түркия, Сальвадор, Израиль, БАӘ, Ресей және т.б.) жеке коллекцияларда орналасқан.
2019 жылы Арт-студия Семей қаласындағы Невзоровтар отбасы атындағы Шығыс Қазақстан облыстық бейнелеу өнері мұражайында суреттердің экспозициясын өткізген. Көрме ШҚО жастар ресурстық орталығының қолдауымен «Рухты Шығыс» Art-фестивалі және жастар жылы аясында ұйымдастырылды.Ольга Ержановна өте белсенді және өз кәсібіне толықтай берілген. 2017 жылы Өскемен қаласының Жастар мәслихатының депутаттығына сайланады. 2018 жылы Шығыс Қазақстан облысынан Республикалық патриоттар форумының делегаты болған. 2018 және 2019 жылдары қаланың мәдени дамуына қосқан үлесі үшін облыс және қала әкімінен алғыс хаттар алды. Ал 2019 жылы Шығыс Қазақстан облысының ауыл әйелдері форумының делегаты болды, жастар көшбасшысы санатында Табыс тарихының лауреаты. 2012 - 2014 жж. аралығында Николай Павлович Аштеманың көркемсурет студиясында оқыды. 2014-2017 жылдар аралығында колледждің студенттік комитетінің төрағасы болды, Құмаш Нұрғалиев атындағы колледжді қызыл дипломмен бітіреді. Алғашқы жеке көрмесі 2012 жылы Орталық қалалық кітапхананың көрме залында өткен. 2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық тарихи-өлкетану музейінің көрме залында суреттер көрмесі мен мастер-класс өткізді.
Интернет ресуртар
Интернет-ресурсы
Чавкина Ольга [Электронный ресурс] //Официальный сайт проекта «100 новых лиц Казахстана» - Режим доступа: https://100janaesim.ruh.kz/ru/participants/2019/olga-savkina.html
Ветлугин В., Пыхтин Д. Творческое волонтёрство развивает художница из Усть-Каменогорска [Электронды ресурс] //«Хабар» агенттігінің жаңалықтар порталы. – Режим доступа:
https://24.kz/ru/news/culture/item/368310-tvorcheskoe-volontjorstvo-razvivaet-khudozhnitsa-iz-ust-kamenogorska