Омарханов Ержан (1981 ж.) – грек-рим күресінің жаттықтырушысы
1981 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласында дүниеге келіп, мектепті бітіргеннен кейін спортпен шұғылданған. Грек-рим күресінен спорт шебері. Ержан төрт баласы бар үлкен жанұяның отағасы. Кәсіпкерлікпен айналысады, сонымен қатар балаларды грек-рим күресінен жаттықтырады. «Мен балаларды тегін жаттықтырамын. Тапқан ақшамды өз оқушыларыма да саламын. Біреудің жарысқа баруға қаражаты жоқ, біреуге үйіне көмір қажет, үшіншісіне киім керек», - деді жоба жеңімпазы өзінің бапкерлік қызметі туралы.
2018 жылы Ержанның өмірі түбегейлі өзгерді. Ол жанып жатқан автобустан 48 адамды құтқарып, (олардың ішінде 12 бала болды) батырлық жасады. 4 тамызда «Семей – Новосибирск» рейсі 48 адам өмірін қиып кете жаздады. Бұл автобустың жолаушылары салонда өздерімен бірге Ержан Омархановтың келе жатқаны арқасында тірі қалды. Автобустағы түтінді дер кезінде байқаған ол бұл туралы жүргізушіге хабарлаған. Алайда жүргізуші оған бірден мән бермей, автобусты тым кеш тоқтатқан. Ержанның автобус есігін күшпен ашуына тура келеді. Жалын қатты да тез болғандықтан, кейбір жолаушылар автобус тоқтағанша естерінен танып қалған. Ержан ең алдымен балаларды құтқара бастайды. Өрт сөндірушілер өрт басталғаннан кейін 10 минуттан соң келген. Бұл кезде Ержан барлық жолаушыны тысқа шығарып үлгерген еді. Айта кету керек, өрт кезінде барлық жолаушылар ұйқыда болған. Өрт кезінде көптеген адамдар құжаттары мен ақшаларын жоғалтқан. Алайда Ержанның батырлығы арқасында адам шығыны болған жоқ.
Интернет сілтемелер
Интернет-ссылки
Омарханов Ержан [Электронды ресурс] //«Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының ресми сайты – Пайдалану режімі: https://100janaesim.ruh.kz/ru/participants/2019/yerzhan-amirkhanov.html
Гузеева М. Конверт для героя [Электронды ресурс] //«Время» қоғамдық-саяси газетінің ресми сайты - Пайдалану режімі: https://time.kz/articles/zloba/2020/01/08/geroya-teper-znayut-v-litso
Пастухова О. Не будет чемпионом, зато будет человеком. [Электронды ресурс]: сайт. - Пайдалану режімі: https://tengrinews.kz/article/ne-chempionom-zato-chelovekom-jivet-kazahstanets-spasshiy-48-1193/