Известные имена

Омарханов Е.

Омарханов Е.

Омарханов Ержан (1981 ж.) – грек-рим күресінен жаттықтырушы

Ержан Омарханов 1981 жылы Абай облысының Семей қаласында дүниеге келген. Ол мектепті бітіргеннен кейін спортпен шұғылдана бастаған, грек-рим күресінен спорт шебері атағын алады. Ержан - төрт баланың әкесі. Ол кәсіпкерлікпен айналысады және сонымен бірге балаларды грек-рим күресінен ақысыз жаттықтырады.

«Мен балаларды тегін жаттықтырамын. Сондай-ақ, тапқан ақшамды шәкірттеріме саламын. Біреудің жарысқа баруға мүмкіндігі жоқ, біреуге үйіне көмір керек, ал біреуге киім керек», - дейді ол өзінің жаттықтырушылық қызметі туралы.

2018 жылы Ержанның өмірі түбегейлі өзгерді. Ол 48 адамды, оның ішінде 12 баланы жанып жатқан автобустан құтқарып, үлкен ерлік жасады. Қайғылы оқиға 4 тамызда Семей қаласынан Новосибирск қаласына бағытталған рейс кезінде болды. Автобуста өрт басталған. Ержан түтінді бірінші болып байқап, дереу жүргізушіге хабарлайды, бірақ ол бірден тоқтатпай, автобусты тым кеш тоқтатады. Жалын тез тарап, көптеген жолаушылар тоқтағанға дейін есінен танып қалады. Ержан автобустың есігін күшпен ашып, бірінші кезекте балаларды құтқара бастайды. Өрт сөндірушілер 10 минуттан кейін келеді. Ержан оған дейін барлық жолаушыларды шығарып үлгереді.

Өрт шыққан кезде барлық жолаушылар ұйықтап жатқан. Құжат пен ақшаның жоғалуына қарамастан, Ержанның батылдығының арқасында барлық адам аман қалған.      

Интернет сілтемелер
Интернет-ссылки

 

Пастухова О. Не будет чемпионом, зато будет человеком [Электронды ресурс]: / Тengrinews: сайт. - Пайдалану режімі:  https://tengrinews.kz/article/ne-chempionom-zato-chelovekom-jivet-kazahstanets-spasshiy-48-1193/
Омарханов Ержан [Электронды ресурс]: /Абай атындағы облыстық әмбебап кітавпханасы: сайт. - Пайдалану режімі: https://semeylib.kz/?page_id=19109