Сейітқұлұлы Мұхамедхан (1870-1937) - Алаш қайраткері, белгілі меценат
Мұхамедхан Сейітқұлов – ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы қазақтың рухани элитасының бетке ұстары болған адам.
Мұхамедхан Сейітқұлұлы – көзі ашық, мұсылманша да орысша да сауатты, ауқатты адам болған. Белгілі абайтанушы ғалым Қайым Мұхамедхановтың әкесі.
Бойына біткен кісілігінің арқасы шығар, ертеден ұлы Абай төңірегімен аралас-құралас болған. Сейітқұлов Семейдегі Тыныбай мешітінде Ислам негіздерінен сабақ берген. Ахмет Риза медресесінде имам қызметін атқарып жүріп ұстаздық еткен. Араб, татар тілдерін жетік білген. Ол «Сарыарқа» газеті (редакторы Жүсіпбек Аймауытұлы) мен «Абай» журналына (Мұхтар Омарханұлы), Алаш партиясына қаржылай көмек көрсетіп отырған. Абайдың шәкірттері Шәкерім, Көкбай, баласы Тұрағұлдар келіп-кетіп жүрген.
Шәкәрімнің бүгінде көпшілікке танымал фотосуреті 1912 жылы Сейітқұловтардың үйіне келген кезде түсірілген екен. Оны ұзақ жылдар Қайым Мұхамедханов көздің қарашығындай сақтаған.
Сейітқұловтың үйіне Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Міржакып Дулатов, Мұхтар Ауэзов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхамеджан Тынышпаев, Халел Ғаббасов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Ыдырыс Мұстамбаев, Сәбит Дөнентаев, Мәннен Тұрғанбаев, Әміре Қашаубаев, Әлмағамбет Қапсәлемов, Иса Байзақов, Исаин Жаңбырбаев сияқты қазақ зиялылары, әдебиет пен өнер қайраткерлері жиі ат басын бұрған. Мұхтар Әуезов жас кезінен Мұхамедханның үйіне жолдастарымен емін-еркін түсетін болған.
Қайымның әкесі орыс, қазақ, татар тілдеріндегі көптеген газет –журналдарды, оның ішінде тұңғыш қазақ журналы «Айқап», «Қазақ» газеті, татар газеті «Уақыт», «Шура», «Сарыарқа» журналдарын жаздырып алатын еді. 1917-18 жылдары Семейде қазақ меценаттарының демеушілігімен жарық көрген «Абай» журналы да осы үйден табылатын. Сейтқұловтың жеке кітапхана үнемі жаңарып, толықтырылып отыратын. Халық ауыз әдебиеті, әлем, орыс классиктерінің шығармалары, 1909 жылы Петербургте басылып шыққан Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағы, 1912 жылы Семейде жарық көрген Шәкәрімнің «Қалқаман – Мамыр», «Еңлік -Кебек», «Қазақ айнасы» т.б. шығармаларымен толыға отырып, біртіндеп Сейтқұлдың ұлы Қайымның оқитын кітаптарына айналды. Кітапханада «Россия. Полное географическое описание нашего отечества» (редакторы Семенов-Тян-Шанский, 1903 жылы басылып шыққан) атты көптомдықтың «Қырғыз өлкесі» деп аталатын 18 томы қазақ тарихына арналған. Осы басылым авторларының бірі «Алаш» партиясының болашақ көсемі, «Алаш-Орда» үкіметінің басшысы Әлихан Бөкейханов болатын. Ә. Бөкейхановтың еңбектері арқылы Мұхамедханның балалары өз халқының нақты тарихымен, мәдениетімен таныса алды.
М. Әуезов алғашқы жазған пьесаларын сахнаға даярлау жұмысын да осы үйде өткізген. 1920 жылы «Еңлік-Кебек», «Ел ағасы», «Бәйбіше-тоқал» пьесаларының репетициялары осы үйде дайындалған. Үй иесінің өте бай жеке кітапханасын да емін-еркін пайдаланған.
1924 жылы Семейде Луначарский атындағы театр үйінде Абайдың қайтыс болуына 20 жыл толуына арналған еске алу кешіне Мұхтар Әуезов Мұхамедхан Сейітқұловты арнайы шақыртып, Абайдың ақындығы жайлы баяндама жасайды, соңынан Көкбай ақын, Халел Ғаббасов бәрі қонақ болады. 1928 жылы тәркілеу науқаны басталған кезде Мұхамедханның отбасы түгелдей қуғын –сүргінге ұшырайды. М. Сейтқұлов 1930 жылы түрмеге қамалады. 1937 жылы екінші қайтара түрмеге жабылып, «мұсылман дінбасыларының Семейде болған Кеңес өкіметіне қарсы тобына белсене араласқан» деген жаламен сол жылы 2 желтоқсанда нақақтан атылады. М.Әуезов Мұхамедхан отбасынан қарым-қатынасын үзбей, оның баласы Қайымға қамқор аға, ұстаз болады. Ұлы жазушы 1940 жылы Семейге келген сапарында бір айдай сол үйде болады. Алматыда қазақ драма театрында сахнаға әзірленіп жатқанда «Абай» пьесасына қажет киімдер үлгісі ретінде Мұхамедханның әйелі Мақып пен келіні Фархинұрды бұрыннан қалған сәнді киімдерін кидіртіп, өзімен бірге ертіп келген режиссер А. Тоқпанов пен театр суретшісіне көрсетеді де «...әр елдің өзіне тән киім үлгісі болады. Абайдың бәйбішесі, ол елдің қыздары осылай киінеді. Сахнаға осының бәрі өз қалпында дәл көрсетілуі керек.» - деген екен. Театр суретшісі жазушының кеңесін құп алып, екі әйелді сол киімдерімен суретке түсіріп алады, кейін сол киім үлгілерін «Абай пьесасының қойылымына пайдаланып отырған. Қазақ зиялыларының қалыптасуына ықпал етіп, қамқорлық жасап, оларға рухани мәдени моральдық жағынан қолдау көрсетіп отырған. (М. Әуезов, Б. Тұрлыханов т.б.)
Мұхамедхан Сейітқұловтың өмірі мен қайраткерлігі туралы әдебиеттер
Литература о жизни и деятельности Сейткулова Мухамедхана
Мұхтар Әуезов энциклопедиясы [Мәтін]. – Алматы : Атамұра, 2011. – Сейітқұлов М.: б. 440-441.
Мұхамедхан, Д. Әке жолымен [Мәтін] : [Сейітқұлов Мұхамедхан, абайтанушы, ғалым Қ. Мұхамедханов туралы] / Д. Мұхамедхан ; сұхбат: Б. Тұрсынбайұлы // Қазақ әдебиеті . - 2014. - 27 маусым. - Б. 3.
***
Белякина, А. Бывший город Алаш [Текст] : [об истории города Семей] / А. Белякина // Караван. - 2012. - 14 дек.
Мухамедхан, Д. "Бывали хуже времена. Но не было подлей"[Текст]/ Д. Мухамедхан // Казахстанская правда. - 2013. - 31 мая. - С. 13.
Мухамедханова, Д. Источник доброты и чистоты [Текст] / Д. Мухамедханова // Вести Семей. - 2016. - 4 марта. - С. 5
Достойный след в культуре [Текст] : о С. Мұхамедхан / ОФ Центр образования и культуры им. К. Мухамедханова // Вести Семей. - 2016. - 18 марта. - С. 5.
Интернет-ресурстар
Интернет-ресурсы
Сталиндік репрессия құрбаны - Мұхамедхан Сейітқұлұлы [Электрондық ресурс] : [ақпарат] // Битан Азаматтың жеке блогы : сайт. – Режим доступа : bitanazamat.kz›?p=956(03.02.2017)
Қайым Мұхаметхановтың әкесі жайлы деректер [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // shyn.kz : сайт. – Режим доступа : http://shyn.kz/article/view?id=1489(03.02.2017)
Қайым МҰХАМЕДХАНОВ : «Алаш арыстары аңсаған асыл арманыңыз осы» [Электрондық ресурс] : [Сейітқұлов М. туралы] // old.abai.kz : сайт. – Режим доступа : http://old.abai.kz/node/13249 (03.02.2017)
Қайым МҰХАМЕДХАНОВ: «Алаш арыстары аңсаған асыл арманыңыз осы [Электрондық ресурс] : [Сейітқұлов М. туралы] // i-news.kz Последние новости Казахстана : сайт. – Режим доступа : https://i-news.kz/news/2012/04/17/6383793-kaiym_myhamedhanov_alash_arystary_ansaga.html (03.02.2017)
Қаралы заман қайталанбасын! [Электрондық ресурс] : [Сейітқұлов М. туралы] // Жас Алаш. Республикалық газеті : сайт. – Режим доступа : http://www.zhasalash.kz/kogam/7250.html (03.02.2017)
Аңыз адам- ақиқат тұлға[Электрондық ресурс] : [Сейітқұлов М. туралы] // abai.kz : сайт. – Режим доступа : http://old.abai.kz/node/14322 (03.02.2017)
Память о достойных предках [Электронный ресурс] : [о Сейткулове М.] // Вечерняя Астана : сайт. – Режим доступа : http://vechastana.kz/sotsium/1001956-pamyat-o-dostoynykh-predkakh/ (03.02.2017)
ӘКЕ ЖОЛЫ [Электрондық ресурс] : [Сейітқұлов М. туралы] // Қазақ әдебиеті : сайт. – Режим доступа : http://writers.kz/journals/?ID=10&NUM=291&CURENT=&ARTICLE=7797 (04.02.2017)
"Это наша память и наш долг": Имена К.Мухамедханова и М.Сейткулова должны быть увековечены - директор общественного фонда Д.Мухамедханова[Электронный ресурс] : [о Сейткулове М.] // kazinform- Халықаралық ақпарат агенттігі : сайт. – Режим доступа : http://www.inform.kz/kaz/article/2273536 (04.02.2017)
Репрессии XX века уничтожали в людях духовно-нравственные ценности - профессор Д.Мухамедхан[Электронный ресурс] : [о Сейткулове М.] // kazinform – Международное информационное агенство : сайт. – Режим доступа : http://inform.kz/rus/article/2663721 (04.02.2017)
Не отрываться от корней [Электронный ресурс] : [о Сейткулове М.] // kazpravda.kz : сайт. – Ржим доступа : http://www.kazpravda.kz/news/view/9860 (04.02.2017)
Бывший город Алаш [Электронный ресурс] : [о Сейткулове М.] // Караван : сайт. – Режим доступа : http://www.caravan.kz/article/55103 (04.02.2017)
Д. Мұхамедханқызының жеке мұрағатынан
Из личного архива Д. Мухамедхан