Известные имена

Сейітов А. Ж.

Сейітов Асылбек Жұманұлы – Алаш қозғалысының белді мүшесі, қоғам қайраткері, дәрігерСейітов Асылбек Жұманұлы (1894 - 1937) – Алаш қозғалысының белді мүшесі, қоғам қайраткері, дәрігер.

Асылбек Сейітов 1894 жылы 22 қаңтарда Омбы қ. Батыс Сібір генерал-губернатор кеңсесінің аудармашысы отбасында дүниеге келген. Ол үш сатылы білім алды: алдымен шіркеу-приход мектебі, соңынан Омбы классикалық ерлер гимназиясында (1905-1913). 1913-1917 жж. Томск мемлекеттік университетінің медицина факультетінде оқыды. 

Жоғары оқу орнын бітірген соң, 1917-1920 жж. Ақмола уезінің Алексеевск дәрігерлік бөлімшесінде дәрігер, Ақмола облысы санитарлық бюро дәрігерінің көмекшісі, Баянауыл дәрігерлік бөлімінде дәрігер қызметін атқарды. Ол «Алаш» партиясының қызметіне белсенді түрде қатысты. Газет-журналдарға мақалалар жариялады. 1916 жылы Дала өлкелік ауылшарушылық санағына қатысты.  1917 жылы Орынборда өткен  Жалпықазақ сьезіне қатысып, М. Дулатовпен бірге сьезд Президиумына сайланды. 1921 ж. Орынборда өткен дәрігерлердің бірінші сьезінің делегаты. 1922 ж. – КАССР Советтері сьезінің делегаты. Совет өкіметі кезеңінде денсаулық сақтау ісіне ат салысты. Баянауылда бас дәрігер болды, кейін 15 жыл бойы Семей денсаулық сақтау бөлімінің басшысы қызметін атқарды.

Тиф, малярия, холера, түберкулез індеті және тағы басқа жұқпалы аурулар жайлаған жерлерде жұмыс істеді. Оның бастамасымен және тікелей қатысуымен «Ауыл» және «Березовка» шипажайлары құрылды.

А.Сейітов медицина ісімен қатар қоғамдық-саяси қызметпен айналысқан. Ай сайын шығатын қоғамдық-саяси және әдеби-өлкетану «Таң» журналына мақалалар жариялап тұрған.

Сейітов 1922 ж. Семей губерндік денсаулық сақтау басқармасының басшысы болып тағайындалады. 1937 ж. ҚазССР-і денсаулық сақтау ісі Ұлттық комиссариатының жоспар-қаржылық бөлімін басқарады. Алматыдағы №5 аурухананы ұйымдастырушының бірі.

1937 жылы 1 желтоқсанда қамауға алынып, хат-хабар алмасу құқынсыз 10 жылға сотталды, 8 қаңтарда ату жазасына кесілді. 1957 жылы 8 шілдеде ақталды.

 

А. Сейітов туралы әдебиеттері

Литература о Сеитове А.

 

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. - 544 б. – Сейітов Асылбек Жуманұлы: б. 286-287.

Кабульдинов, З. Служил родной земле [Текст] / З. Кабульдинов // Казахстанская правда. - 2006. - 9 июня. - С. 8.

Казахи в России[Текст]: биографический сборник в 2-х томах. Т.2. - М.: ВеГа, 2007. -Сеитов Асылбек Жуманович:с.239-240.

История Казахстана[Текст]: энциклопедический справочник. Алматы: Аруна, 2010. -Сейитов Асылбек Жуманович:с. 508-509.

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

СЕИТОВ Асылбек Жуманович [Текст]: [биографическая справка] // centrasia.ru : сайт. – Режим доступа : http://www.centrasia.ru/person2.php?&st=1258369801 (10.02.2017)