Сейітов Мұсылманбек Жұманұлы (1887-1937) – Алаш қозғалысының қайраткері, экономист.
1887 жылы Омбы қаласында Батыс Сібір генерал-губернаторы кеңсесінің аудармашысы отбасында дүниеге келген. Омбы мұғалімдер семинариясын бітірген. «Бірлік» («Единство») ұйымының белсенді мүшесі болды, «Балапан» («Цыпленок») журналын шығаруға қатысты. 1917 жылы Ақпан төңкерісінен кейін Омбы облыстық қазақ комитетінің мүшесі ретінде саяси қызметін бастады. Омбы облысының тұңғыш Жалпықазақ съезінде Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа кандидат болып ұсынылды. Алаш партиясының мүшесі. Совет өкіметі орнағаннан кейін Омбыда мұғалім, кейіннен Павлодар облысында экономист қызметтерін атқарды. 1937 жылы саяси репрессия құрбаны болды.
М. Сейітов туралы әдебиеттері
Литература о Сеитове М.
Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2009. - 544 б. – Сейітов Мұсылманбек Жуманұлы: б. 287-288.
Садвакасов, С. Избранное [Текст] / С. Садвакасов. - Алматы, 1994.
Қойгелдиев, М. Алаш қозғалысы [Мәтін] / М. Қойгелдиев. - Алматы, 1995.
Нұрпейісов, К. Алаш һәм Алашорда [Мәтін] / К. Нұрпейісов. - Алматы, 1995.