Бекметев (Бекметов) Мұхамед-Мақсұт Хамидоллаұлы (1883-1912) – қоғам қайраткері, публицист, Алаш қозғалысына қатысушы.
1883 жылы Семей облысы Қарқаралы уезінде әулетті отбасында дүниеге келген.
Ол бастауыш білімді Қарқаралыда, соңынан Омбы мен Петербургте алды. Бос уақытында білім көтерумен айналысып, орыс және шетел жазушыларының әдеби мұрасын, тыйым салынған саяси әдебиеттерді оқыды, жасырын үйірмелерге қатысты. Бірқатар газеттерге мақалаларын жариялап тұрды, соның ішінде, «Киргизская степная газета» (Омбы) басылымына патша өктемдігі, шенеуніктердің пара алу оқиғаларын жазып, халықты патша өкіметінің отарлық саясатына қарсы күреске шақырды. 1900-1906 жж. ол Омбы пошта-телеграфында қызмет етті. Бұл жерде ол үлкен революция мектебінен өтті, митингі, маевка, жиындарда сөз сөйлеп, демонстрацияларға қатысты. Қазақтар арасында үгіт-насихат жүргізіп, саяси листовкалар мен телеграф арқылы үн қағаздар таратты, революциялық үндеулер жіберіп, патша өкіметінің нұсқауларын таратуға кедергі жасады. Бекметев саяси сенімсіз адам ретінде үнемі полицияның қадағалауында болды.
Мұхаммед-Мақсұт Бекметев - 1905 жылы Қоянды жәрмеңкесінде 14500 адам қол қойған Қарқаралы петициясы авторларының бірі.
1905 жылы қарашада М. Бекметев Омбы пошта-телеграф конторы жұмысшыларының ереуілін ұйымдастыруға қатысты. 1906 жылы пошта-телеграф қызметі жұмысшыларының ереуіліне қатысқаны, императорға тіл тигізгені, өкіметке қарсы үгіт-насихат жүргізгені үшін тұтқынға алынып, каторгаға жіберілді.
Қамау мерзімі біткен соң М. Бекметев генерал-губернатордың бұйрығымен Дала өлкесінен жырақ жерге жіберіледі. Бекметов Қазан қаласын таңдап, оған 1906 жылы 22 маусымда жетеді. Ол полицияның қатаң қадағалауында болады. Дегенмен, тұрғылықты халық арасында патша өкіметіне қарсы үгіт-насихат жұмыстарын жүргізе береді. Газетке әлеуметтік-саяси, мәдени-танымдық мақалалар жазады. Бекметовтың іс-әрекетін бақылаған патша күзеті оны Орынбор өлкесіне мәңгілікке жер аударады. 1909 жылы «Речь» (Петербург) газетіне А. Байтұрсыновты Семей түрмесінен босатуға талап мақала жариялайды. Осы жылы Бекметовтың «Қазақ өлендерi» («Казахские стихотворения», Казань) жинағы жарыққа шығады. Каторгада жүргенде сырқатқа ұшыраған Бекметевтың денсаулығы күн өткен сайын нашарлай түседі. «Айқап» (№ 2 1912 ж.) журналында Бекметев 1912 ж. 9 ақпанда Орынбор қаласында көкірек ауруынан қайтыс болды деп хабарланған.
М.-М. Бекметев (Бекметов) еңбектері
Труды Бекметева (Бекметова) М.-М.
Бекметев, М.-М. Киргизский поэт [Текст] / М.-М. Бекметев // Оренбургский край. - 1909. - № 394.
М.-М. Бекметев (Бекметов) туралы әдебиеттері
Литература о Бекметеве (Бекметове) М.-М.
Бекметов, Мухаммед-Максут Хамидоллаулы // Казахстан. Национальная энциклопедия. Т. 1. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2004.
Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Арыс, 2009. - 544 б. - Бекметев Мұхамед-Мақсұт: б. 100.
Мүнәқыб [Мәтін] : [Бекметев Мұхамед-Мақсұт туралы] // Айқап. - 1912. - № 2.
***
Темиргалиева, К. Многое сделал, но успел не все [Электронный ресурс] : [О Бекметеве М.-М.] / К. Темиргалиева // Индустриальная Караганда. - 1999. - 1 декабря. С. 12.
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
Бекметьева, Ж. Бір ғимараттың тарихы немесе Бекметевтер әулеті [Электрондық ресурс] : [Бекметевтер туралы] / Ж. Бекметьева // Алаш айнасы : сайт. – Пайдалану орны : http://alashainasy.kz/userdata/editions/pdf/0f486f9266a661c8744e9156883d63a2.pdf (08.02.2017)
Бекметов, Мухаммед-Максут Хамидоллаулы [Электронный ресурс] : [биография] // Википедия – открытая энциклопедия : сайт. – Режим доступа : https://ru.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%B5%D0%BA%D0%BC%D0%B5%D1%82%D0%BE%D0%B2,_%D0%9C%D1%83%D1%85%D0%B0%D0%BC%D0%BC%D0%B5%D0%B4-%D0%9C%D0%B0%D0%BA%D1%81%D1%83%D1%82_%D0%A5%D0%B0%D0%BC%D0%B8%D0%B4%D0%BE%D0%BB%D0%BB%D0%B0%D1%83%D0%BB%D1%8B (08.02.2017)
Сардабек, К. Легенды и правда о руднике Гулшат [Электронный ресурс] : [о Бекметевых] / К. Сардабек // Балхашский работник : сайт. – Режим доступа : http://brgazeta.kz/-2013-/97-29-190713/1354-2013-08-01-09-01-21.html (08.02.2017)
Темиргалиева, К. Многое сделал, но успел не все [Электронный ресурс] : [О Бекметеве М.-М.] / К. Темиргалиева // Карагандинская областная универсальная научная библиотека им. Н. В. Гоголя : сайт. – Режим доступа : http://catalog.karlib.kz/irbis64r_01/Kraeved/Istoriya_Karkaraly/Mnogo_sdelal_no_uspel_ne_vse.pdf (08.02.2017)
Шарангина, Н. Обратная связь[Электронный ресурс] : [о Бекметеве М.-М.] / Н. Шарангина // Гасырлар авазы=Эхо веков : сайт. – Режим доступа : http://www.archive.gov.tatarstan.ru/magazine/go/anonymous/main/?path=mg:/numbers/1996_3_4/08_/01/ (08.02.2017)
БЕКМЕТОВ МУХАММЕД-МАКСУТ ХАМИДОЛЛАУЛЫ [Электронный ресурс] : [биография] // kazinform - Международное информационное агенство : сайт. – Режим доступа : http://lenta.inform.kz/ru/bekmetov-muhammed-maksut-hamidollauly_a2373406(08.02.2017)