Құнанбаев (Абайұлы) Тұрағұл (1875-1934) – әдебиеттанушы, ақын, аудармашы, Абай биографы, қоғам қайраткері.
1875 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Абай ауданында дүни еге келген.
Тұрағұл Құнанбаев жан-жақты білім алған, орыс, араб тілдерін меңгерген. Жастайынан Абай әндері тыңдап, өлеңдерімен сусындап өскен.
Алаш қайраткерлері Ә. Бөкейханов, М. Дулатов, Ж. Аймауытовпен жақын таныс болып, араласқан. Тұрағұл 1909 жылы немере ағасы Кәкітай Ысқақұлымен бірлесіп Санкт-Петербургте Абайдың тұңғыш өлеңдер жинағын шығарды. Ол Абай еңбектерін жинақтап сақтау, ақын өмірбаянын жазуға баға жетпес үлесін қосты. 1922 жылдан біржола шығармашылық жолға бет бұрды. ған Тұрағұлдың әдеби мұраларының ішіндегі ең құнды еңбегі – М. Әуезовтың өтінішімен жазылған «Әкем Абай туралы» деп аталатын естелігі.
Әдеби мұраларының ішіндегі ең құнды еңбегі – М. Әуезовтың өтінішімен жазылған «Әкем Абай туралы» деп аталатын естелігі. Тұрағұл Абайдың өмірі мен шығармашылығын туралы толық сипаттап жазды. Тұрағұл ақын ретінде «Алладан мен қапа боп тілеген күн», «Хат», «Әбішке», «Жауап хат» т.б. өлеңдер жазып қалдырған. Шығармаларының негізін көркем аудармалар құрайды. М. Горькийдің "Челкаш" әңгімесін тұңғыш рет қазақ тіліне аударып, 1924 жылы "Таң" журналына бастырады. А. С. Неверовтың "Мен өмірге жерікпін" кітабы Тұрағұл аудармасымен 1927 жылы Мәскеуде жарық көрген. Ол Джек Лондонның «Мартин Иден» (қолжазба сақталмаған), «Эскимос Киш», Б. Прустың «Антек» шығармаларын аударған. «Әкем Абай туралы» естелігі 1993 жылы Б. Байғалиевтің құрастыруымен жеке кітапша болып шықты.
20 ж. соңында Тұрағұлдың отбасы Сырдария өлкесіне жер аударылып, ал баласы халық жауы ретінде ату жазасына бұйырылады. Тұрағұлдың өзі ауыр азапты өмір кешіп, Шымкентте ауыр науқастан өмірден өтеді. Өкінішке орай, Тұрағұлдың бейіті сақталмаған: ескі қорым аумағына Шымкент химфарм зауыты құрылысы орналасқан.
Т. Құнанбайұлы (Абайұлы) туралы әдебиеттері
Литература о Кунанбаеве (Абайулы) Т.
Кітаптар - Книги
Шығыс жұлдыздары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : Сөз зергерлері. Мәдениет майталмандары. - Астана : Фолиант, 2011. - [Тұрағұл туралы]:б. 15-16.
Ердембеков, Б. Кәкітай [Мәтін] : [Тұрағұл туралы] / Б. Ердембеков // Семей таңы. - 2009. - 22 қазан. - Б. 3.
Еспенбетов, А. Тұңғыш жинақ Абайтанудың алғашқы қарлығашы [Мәтін] : [Тұрағұл туралы] / А. Еспембетов // Абай.- 2009. - №3. - Б. 6-10.
Қайратұлы, Б. Абайдың алғашқы кітабы [Мәтін] : [Тұрағұл туралы] / Б. Қайратұлы // Дидар.- 2009.- 1 мамыр. - Б. 3.
Омаров, А. Асыл мұраның жүзжылдық салтанаты [Мәтін] : [Тұрағұл туралы] / А. Омаров // Абай. - 2009. - №3. - Б. 14-18.
Қадырова, Л. Тұрағұлдың тәркілеуге түскенін айғақтайтын құжаттар табылып отыр [Мәтін] / Л. Қадырова // Дидар. - 2010. - 29 мамыр. - Б. 5.
***
Казахская ССР[Текст] : краткая энциклопедия / гл. ред. Р. Н. Нургалиев. - Алма-Ата: гл. ред. Казахской советской энциклопедии, 1991. - Т. 4: Язык. Литература. Фольклор. Искусство. Архитектура. – Абайулы Турагул: с. 367.
Гайнуллина, Ф. А. Литература Семипалатинского Прииртышья [Текст] : учебное пособие / Ф. А. Гайнуллина. - Семипалатинск, 2002. – Абайулы (Кунанбаев) Турагул: с. 136.
Мақалалар-Статьи
Бегалин, К. В составе империи [Текст] : детская энциклопедия Казахстана / К. Бегалин. – Алматы : Аруна, 2011. – Абайулы (Кунанбаев) Турагул: с. 46.
Шыбынтаева, М. Внучка Абая – почетный гражданин Семипалатинска [Текст] : [о дочери Абайулы Турагула] / М. Шыбынтаева // Иртыш. - 1994. - 18 октября.
Топорков, В. Хозяин своей судьбы [Текст] : [об Абайулы Т.] / В. Топорков // Рудный Алтай. - 2005. - 7 июня. - С. 6.
Сатканова, С. Сыну Абая посвящается [Текст] :[о Турагуле Абайулы] / С. Сатканова // Панорама Шымкента. – 2006. – 23 июня. – С. 2.
Интернет-сілтемелер
Интернет-ссылки
ТҰРАҒҰЛ ҚҰНАНБАЕВ: ӘКЕМ АБАЙ ТУРАЛЫ [Электрондық ресурс] : [Абай туралы] // Абай әлемі : сайт. – Режим доступа : http://abaialemi.kz/kz/post/view?id=113 (07.02.2017)
Абай мұрасынан мол мағлумат беретін көрме [Электрондық ресурс] // Алматы ақшамы : сайт. – Режим доступа : http://almaty-akshamy.kz/2015/10/05/%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d0%b9-%d0%bc%d2%b1%d1%80%d0%b0%d1%81%d1%8b%d0%bd%d0%b0%d0%bd-%d0%bc%d0%be%d0%bb-%d0%bc%d0%b0%d2%93%d0%bb%d2%b1%d0%bc%d0%b0%d1%82-%d0%b1%d0%b5%d1%80%d0%b5%d1%82%d1%96%d0%bd-%d0%ba/ (07.02.2017)
ҰЛЫЛЫҚ ҚОЛТАҢБАСЫ Алматыда Абайдың қолжазбасы алғаш рет қалың қауымға ұсынылды [Электрондық ресурс] // Алматы ақшамы : сайт. – Режим доступа : http://almaty-akshamy.kz/2011/11/29/%d2%b1%d0%bb%d1%8b%d0%bb%d1%8b%d2%9b-%d2%9b%d0%be%d0%bb%d1%82%d0%b0%d2%a3%d0%b1%d0%b0%d1%81%d1%8b-%d0%b0%d0%bb%d0%bc%d0%b0%d1%82%d1%8b%d0%b4%d0%b0-%d0%b0%d0%b1%d0%b0%d0%b9%d0%b4%d1%8b%d2%a3-%d2%9b/ (07.02.2017)
Абайулы Турагул (1875-1934) [Электронный ресурс] : [биография] // ЦБС г. Семей : сайт. – Режим доступа : http://www.cbssemey.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=422&Itemid=62&lang=ru (07.02.2017)
ТҰРАҒҰЛ АБАЙҰЛЫ ЖӘНЕ АЛАШОРДА ҮКІМЕТІ [Электрондық ресурс] // Қазақ үні : сайт. – Режим доступа : http://www.qazaquni.kz/2014/01/21/20733.html (07.02.2017)
100 фактов об Абае [Электронный ресурс] // yvision.kz : сайт. – Ркжим доступа : http://yvision.kz/post/275757 (07.02.2017)
Ибрагимов Турагул [Электронный ресурс] : [биография] // Областная универсальная научная библиотека им. А. С. Пушкина : Энциклопедия ЮКО : сайт. – Режим доступа : http://data.pushkinlibuko.kz/index.php?mod=enco&q=%D0%98&id=19 (07.02.2017)
В Шымкенте открыт памятник Турагулу Кунанбаеву [Электронный ресурс] // Караван : сайт. – Режим доступа : https://www.caravan.kz/news/v-shymkente-otkryt-pamyatnik-turagulu-kunanbaevu-213798/ (07.02.2017)
Абая Кунанбаева Халиолла Оскенкенбаев, учившийся в Омском кадетском корпусе (1859-1867), затем в Петербургском военном училище (1867-1868) любил вечерами рассказ [Электронный ресурс] : [о Турагуле Кунанбаеве] // refdb.ru : сайт. – Режим доступа : https://refdb.ru/look/2883017.html (07.02.2017)