Известные имена

Мәрсеков Р. М.

Мәрсеков Райымжан Мәрсекұлы Мәрсеков Райымжан Мәрсекұлы (1877-1937) –көрнекті мемлекеттік және саяси қайраткер, Алаш қозғалысына қатысушы, заңгер, публицист.

Райымжан Мәрсеков 1879 жылы Семей губерниясының Өскемен уезі Айыртау болысында дүниеге келген. Өскемен қ. уездік орыс-қазақ мектебін, Омбы классикалық гимназиясын бітірді. 1897-1902  жж. Санкт-Петербург Император университетінің заң факультетінде оқыды. Студенттік жылдары Райымжан Мәрсеков саяси-қоғамдық өмірге белсенді қатысып, соңынан 1899 жылы жандармерия қадағалауына алынады. Оқыған жылдары Мәрсеков өз мақалаларын «Дала уалаяты»  (1899-1900) газетінде жиі жариялап тұрды. Ал, университетті бітірген соң, саяси оқиғалардың бел ортасында жүрді.

1917 жылғы төңкеріске дейін  Райымжан Мәрсеков Семей округтік сотында (1902-1908), Омбының сот палатасында қызмет етті. Ол 1092-1911 жж. Орыс Географиялық қоғамы Батыс-Сібір бөлімінің 1902 ж. 13 сәуірде ашылған Семей бөлімшесінің белсенді мүшесі болды.

1917 ж. «Алаш» партиясы қатарына кірді. Семей облыстық қазақ комитетінің төрағасы болып сайланып, Уақытша үкіметтің облыстық атқару комитетінің мүшесі болып сайланды.  Райымжан Мәрсеков Семей облыстық қазақ сьезін (1917 ж. сәуір-мамыр) ұйымдастырушының бірі, ол «Алаш» партиясы атынан Бүкілресейлік құрылтай жиналысына делегат болып сайланды.  

Райымжан Мәрсеков «Қазақ» (1914-1916), «Сарыарқа» (1917-1919), «Алаш» (1917)  және «Айқап» журналдарына  (1911-1913)  мақалалар жариялап,  ХХ ғ. қазақ интеллигенциясы өкілдерінің озық ой-пікірін  білдірді. Мәрсеков Семей қаласында «Сарыарқа» газетін ұйымдастыруға қатысып, оның алғашқы редакторының бірі болды (1917-1919) .

1919 жылдың 14 сәуірінен Семей облыстық Земство басқармасы төрағасы қызметін атқарды. 

Азамат соғысының алғашқы жылдары Мәрсеков Жетісуда большевиктердің халыққа қауіптілігін дәлелдеу мақсатында,  оларға тойтарыс беруді ұйымдастыратын ұлттық полктар құруға белсенді қатысады.  Алашорда үкіметі таратылып, Қазақ автономиясы жарияланған соң, 1920 - 1922 жж. ол Семей губерндік атқару комитетінде ақпараттық-ұйымдастыру нұсқаушысы болып жұмыс істеді.  Дегенмен, осы кезден бастап, ол қоғамдық-саяси өмірден аласталып, қуғын-сүргінге ұшырады.

1922 ж. ол Қытайға кетуге мәжбүр болды. Бірақ, Қытайда қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысына қатысқаны үшін қуғындалады. Мәрсековтың қайтыс болған жылы белгісіз. Естеліктер бойынша ол 1937 жылы қамауға алынған.

 

Р. Мәрсековтің  еңбектері

Труды Р. Мәрсекова

 

 

Мәрсеков, Р. Қазақ қайда бара жатыр?[Мәтін] / Р. Мәрсеков; [жауап. ред. Х. М. Әбжанов; құраст.: С. О. Смағұлова, А. М. Жұмабаева]. - Алматы : Елтаным, 2013. - 302 б.

Мәрсеков, Р. Қазақ қайда бара жатыр? = Что ожидает казахов? [Мәтін] / Р. Мәрсеков, [жауап. ред. Х. М. Әбжанов ; құраст.: С. О. Смағұлова, А. М. Жұмабаева] - 2-бас. - Алматы : Центр Азии, 2014. - 367 б.

Мәрсеков, Р. Көлбайдың сөзiнен шындық табылар ма екен [Мәтін] / Р. Мәрсеков // Қазақ. - 1915. - 21 июнь (№ 137).

Мәрсеков, Р. Қазақ әдебиеті жайынан [Мәтін] / Р. Мәрсеков // Шәкәрiм әлемi. - 2007. - № 4. - Б. 14-17.

 

 

Р. Мәрсеков  туралы әдебиеттер

Литература о Р. Марсекове

 

Өзбекұлы, С. ХVІІ ғасырдың соңы- XX ғасырдың бас кезеңінде Қазақстандағы саяси- құқықтық ой-пікірдің тарихы және қайраткерлері [Мәтін] : автореферат / С. Өзбекұлы. - Алматы, 1997. - 52 б.

Өзбекұлы, С. Арыстары Алаштың [Мәтін] : тарихи очерктер / С. Өзбекұлы. - Алматы : Жеті жарғы, 1998. - 192 б.

Қазыбек, Н. Тасада қалған тарландар [Мәтін] : танымдық мақалалар / Н. Қазыбек. - Алматы : Білім, 2003. - 76 б.

Қазақстан [Мәтін] : ұлттық энциклопедия. 6 том. - Алматы, 2004. - 427 б. - Мәрсеков Р.

Қамзабекұлы, Д. Алаштың рухани тұғыры [Мәтін] : ғылыми зерттеу / Д. Қамзабекұлы. - Алматы : Ел шежіре, 2008. - 357 б.

Қапанов, Б. Нәрін, дарын, бәрін берген - туған жер [Мәтін] : очерктер / Б. Қапанов. - Өскемен : Рекламный Дайджест, 2008. - 703 б.

Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Арыс, 2009. - 544 б. - Мәрсеков Райымжан: б. 239.

Қазыбекұлы, Н. Ағалардан қалған із [Мәтін] / Н. Қазыбекұлы. - Алматы : Қазығұрт, 2011. - 376 б.

Дулатбеков, Н. Алаш ардақтылары : Санкт -Петербург іздері [Мәтін] / Н. Дулатбеков. - Қарағанды : Болашақ-баспа, 2012. - 188 б.

Дулатбеков, Н. Алаш ардақтылары : Санкт-Петербург іздері [Мәтін] / Н. Дулатбеков. - Алматы : Таймас, 2013. - 238 б.

Сыдықов, М. Қ. Терістаңбалы шежіресі [Мәтін] : тоғыз таңбалы найман / М. Қ. Сыдықов. - Павлодар : Сытин, 2013. - 694 б.

Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Мәрсеков Райымжан: б. 526.

Әлина, Р. Райымжан Мәрсеков – алыстағы жылдардың қасіретті тағдыры : (адвокат) [Мәтін] / Р. Әлина // Дидар. - 1999. - 10 шілде. - Б. 2.

***

Кашляк, В. Семипалатинск  [Текст] : их именами названы… / В. Кашляк. -Семипалатинск, 2006. -  Марсеков Р.: с. 307-308.

История Казахстана [Текст] : энциклопедический справочник. - Алматы : Аруна, 2010. - 630 с.

 

Интернет-сілтемелер

Интернет-ссылки

 

Ұлт жанашыры Райымжан Мәрсеков хақында  [Электронды ресурс] : [өмірбаян] // Ана тілі. Ұлт газеті : сайт. – Режим доступа :http://anatili.kazgazeta.kz/?p=8050(02.02.2017)

ШЫҒЫС ТҮРКІСТАН ҺӘМ «АЛАШ ҚОЗҒАЛЫСЫ» ИДЕЯСЫ [Электронды ресурс] : [Р. Мәрсеков туралы] // e-history.kz : сайт. – Режим доступа :  http://e-history.kz/kz/publications/view/1549(02.02.2017)

Райымжан Мәрсеков [Электронды ресурс] : [өмірбаян] : [видео] // e-history.kz : сайт. – Режим доступа :  http://e-history.kz/ru/video/view/270(02.02.2017)

Райымжан Мәрсекұлы Мәрсеков [Электронды ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия — ашық энциклопедиясы : сайт. – Режим доступа : 
https://kk.wikipedia.org/wiki/Райымжан_Мәрсекұлы_Мәрсеков(02.02.2017)

Райымжан Мәрсеков [Электронды ресурс] : [өмірбаян] // el.kz : сайт. – Режим доступа : http://el.kz/m/articles/view/content-18978 (02.02.2017)

Шығыс Түркістан һәм «Алаш қозғалысы» идеясы [Электронды ресурс] : [Р. Мәрсеков туралы] // qasym.kz әдеби-танымдық портал : сайт. – Режим доступа : http://qasym.kz/shygys-turkistan-am-alash-kozgalysy-ideyasy/ (02.02.2017)