Күдерин Жұмахан Маусымбайұлы (1891 (1893) - 1938) – ағартушы, ғалым-энциклопедист, географ, этнограф, биолог, Алаш қозғалысының белсенді мүшесі.
Жұмахан Маусымбайұлы Жетісудың Ортааягөз болысында бай отбасында дүниеге келген. Күдері әулеті Жетісуда байырғы және аса құрметті әулет еді. Күдері – атасы Жұмақанның атындағы жер атауы, қазақ тілінен аударғанда «замша, мягкая кожа».
Бұл әулеттің ер-азаматтары сауатты болды, олардың бірнеше ұрпағы би, сот қызметтеріне сайланды. Жұмаханға аға ұрпақтың ізімен жүру мүмкіндігі болмады. Жұт кезінде отбасы кедейшілікке ұшырап, ол он жасында батрақ болып жалданды. Соңынан Сергиопольде мұсылман мектебінде, Уфадағы «Ғалия» медресесіне ұқсас құрылған «Мамания» жеке мектебінде, Көксу ауылшаруашылығы мектебінде оқыды.
1917 ж. Қапалдағы ауылшаруашылығы мектебін бітірген. Алаш зиялыларымен бірге азамат соғысы кезінде қатты күйзелген қазақ ауылдарына азық-түлік таратқан. М. Тынышбаев, М. Төлеубаев, С. Аманжолов және т. б. бірге Алашорда үкіметінің тапсырмаларын орындаған.
1918 жылы РКП(б) мүшесі болып, жер органдарында қызмет етті. 1920 ж. «Черкасск қорғанына» қатысушыларға, Колчак әскеріне қарсы тұрған Жетісудың 13 ауылының тұрғындарына қатысты ЧК-ның негізсіз репрессияларына қарсылық ретінде партия қатарынан шықты.
1924-30 жж. САГУ ауылшаруашылығы факультетінде оқып, курстар, ликбездерде сабақ берді, табиғат ресурстары мен Түркістан үш аумағын зерттеу жөніндегі үш ғылыми-зерттеу экспедицияға қатысты.
Күдерин «Қазақтардың қытайдан оралуы жөніндегі» комиссияда жұмыс істеді, оның қатысуымен 6000 отбасы отанына оралды. Ол Түркістан өлкесі бойынша экспедицияларға қатысты. 1928 жылы ҚазАССР-і жер комитеті қызметін атқарды. Күдерин 44 жасында 44 кітап жазды. Ол қазақ тіліндегі «Букварь» (1919) оқулығы, жаратылыстану ғылымдары бойынша бірқатар оқулықтардың авторы, қазақтар туралы этнографиялық еңбектер («Қытайдағы босқындар өмірі», «Қазақтардың ата-тегі туралы материалдар») және биологиялық зерттеулер («Кендір», «Қой мен оның жүні», «Қант қызылшасы», «Орта Азиядағы жыландар түрі») жариялады.
Күдерин ғалым-биолог ретінде көп еңбек етті. Ол 1930 жылы бір талшықты кендір шығарды. Ол кезде оны талшық пен май өндіру үшін егетін. Бірақ ол еңбегінің нәтижесін көре алмады. Көп ұзамай қамауға алынып, еңбектері тәркіленді, мақалаларын тек жекелеген түрде жариялады. Жұмахан Күдерин 1930 жылы 1 қыркүйекте Ортазия Мемлекеттік университетін бітірген соң Ташкент маңындағы іс-тәжірибе жүргізетін агростанцияда қамауға алынды. 1930 ж. «Алаш» мүшесі ретінде қыркүйекте тұтқындалып. Осыған дейінгі жарты жылда әкесі және олардың әулетінің барлық ер азаматтары қамалды (кейіннен ағалары Шыңжан өлкесін паналады). Күдерин Алматыға тергеуге айдалып, жеке камераға қамалды. Оған басқа да қазақ ғалымдары және ағартушылармен бірге «ұлтшыл буржуазияшыл» деген айып тағылды. Тергеу екі жыл жүргізілді. Бұл кезеңде күдіктілер жеке камераларда отырды.
«Ұлтшыл буржуазияшылдар» іс-әрекеті дәлелденбей, іс Мәскеуге жіберілді, онда да орынды дәлелдер табылмады. Ендігі кезекте оларды үйлеріне тарату жөнінде ұсыныс болды, бірақ, Қазақстандағы ОГПУ-дің Өкілетті Өкілдігі олар ОГПУ-дің беделін түсіреді деген оймен, бәрін Ресейге жер аударуға шешім қабылдайды. 1932 жылы Күдерин 5 жылға сотталды. Әкімшілік жер аударылған жері Орталық қара топырақты облыс болды. Жұмахан бастапқы кезде Львовта, соңынан сырқатына қарай Воронеждегі дәрігерлердің қарауына жіберіліп, жер аудару мерзімі 1 жылға қысқарды. Жер аударылған жерінде Жұмахан Күдерин агроном болып қызмет етті.
1935 жылы ол отбасымен бірге Алматыға оралып, Қазақ малшаруашылығы ғылыми-зерттеу институтында аға ғылыми қызметкер жұмысын атқарды. 1936 жылы сотталған адам ретінде қызметтен босатылады. Осы кезеңде Күдерин орыс ақыны, әдебиетші және журналист Ю.Домбровскимен танысып, достасады, сондай-ақ, қайта қамауға алынғанға дейін орыс-латын-қазақ сөздігін жазумен айналысты .
Күдерин 1937 жылы 21 мамырда қайта қамауға алынды. Ол «антисоветтік ұлтшыл террорлық және диверсиялық-шпиондық ұйым жетекшісі» ретінде түрмеге жабылды. Оған жеке іс ашылды. Тергеуді Алматы облысы УНКВД жедел уәкілі В. Я. Якупов жүргізді, қамаудағылар «өлім періштесі» атап кеткен ол тек ату жазасын бұйыратын. Жұмахан Күдерин 1938 жылы 7 наурызда сотталып, ату жазасына кесілді және сол күні атылды.
Жұмахан Күдерин 1958 және 1990 жж. ақталды. Күдериннің қызы Лариса Жумахановна Кудерина (1938 ж. т.) Мәскеудің Подсосенск көшесіндегі көне тұрғын үйде репрессияға ұшыраған ғалымдарға арнап «Дети-родителям» мұражайын ашты. Шағын экспозициядан фотосуреттер, құжаттар, кітаптар, картиналар орын алған.
Ж. М. Күдериннің еңбектері
Труды Кудерина Ж. М.
Кудерин, Ж. М. Қант қызылшасы [Мәтін] / Ж. М. Кудерин. - Алматы, 1936. - 68 б.
Кудерин, Ж. М. Өсiмдiк тану [Мәтін] : оқу құралы / Ж. М. Кудерин. - Қызыл-Орда : Қазақстан, 1930. - 89 б.
Кудерин, Ж. М. Өсiмдiк тану[Мәтін] : оқу құралы / Ж. М. Кудерин. - Алматы, 1930. – 111б.
Күдері, Ж. М. (Кудерин Ж.М.) Қуғын-сүргінде аман қалған еңбектер [Мәтін] / Ж. М. Күдері; [ред. Қ. Қайым]. - Алматы : Демеу, 1995. - 351 б.
Ж. М. Күдерин туралы әдебиеттер
Литература о Ж. М. Кудерине
Кітаптар - Книги
Алаш. Алашорда [Мәтін] : энциклопедия / құраст.: Ғ. Әнес, С. Смағұлова. – Алматы : Арыс баспасы, 2009. - 544 б. - Кудерин М. Ж.: б. 204-205.
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы [Мәтін] . Т. 5. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2003.- Кудерин Жұмақан Маусымбайұлы: б.107.
Қазақстан ғалымдары [Мәтін] : энциклопедиялық анықтамалық. Т. 1 : А-К / бас редакторы Б. Ө. Жақып. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2012. - Күдерин Жұмақан Маусымбайұлы: б. 61.
Шығыс Қазақстан облысы [Мәтін] : энциклопедия. - Алматы : Қазақ энциклопедиясы, 2014. - Күдерин Жұмақан Маусымбайұлы: б. 413-414.
***
Мақалалар - Статьи
Құрманбайұлы, Ш. Алаш және терминтану [Мәтін] : монография / Ш. Құрманбайұлы. - Алматы : Ел-шежіре, 2008. - 240 б. - Кудерин М. Ж. туралы ақпараты бар.
Қалымов, Д. Жұмахан Күдерин [Мәтін] / Д. Қалымов // Семей таңы. - 1991. - 12 ақпан. - Б. 4.
Сексенбаев, Б. Шайқалған Шаңырақтар [Мәтін] : [Кудерин М. Ж. туралы] / Б. Сексенбаев // Семей таңы. - 1991. - 24 сәуір. - Б. 5.
Мұхаметжанова, Т. Күдерин мұраларының маңызы зор [Мәтін] / Т. Мұхаметжанова // Қазақстан мектебі. - 2012. - № 8. - Б. 28-29.
Мұхаметжанова, Т. Күдериннің дүниетанымдық көзқарастары [Мәтін] / Т. Мұхаметжанова // Қазақ тарихы. - 2013. - № 1. - Б. 12.
***
Кудерина, Л. Геноцид в Казахстане[Текст] : исторический очерк : [о судьбе каз. интеллигенции первого (предреволюцион.) поколения и ее истреблении в годы сталинщины] / Л. Кудерина.- М., 1994. - 63с. - Есть информация о Кудерине Ж. М.
Кудерина-Насонова, Т. Г. Недалекое прошлое [Текст] / Т. Г. Кудерина-Насонова. – М. : Феникс, 1994. - 296 с.
Шака, А. Нелегкая судьба ЖумаханаКудерина[Текст] / А. Шака // Рудный Алтай.-2002.-14 сентября.- С.10.
Сілтемелер – Ссылки
Құат, Д. ЖҰМАХАН КҮДЕРИН [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] / Д. Құат // Abai.kz : ақпарттық портал. - Пайдалану орны : http://abai.kz/post/view?id=1799 (01.02.2017)
Жұмақан Маусымбайұлы Күдерин [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] // Уикипедия – ашық энциклопедиясы : сайт. - Пайдалану орны : https://kk.wikipedia.org/wiki/Жұмақан_Маусымбайұлы_Күдерин (01.02.2017)
Жұртбай, Т. Қара дәптердің иесі (жалғасы). ЖҰМАХАН КҮДЕРИН (Қара дәптердің иесі) [Электрондық ресурс] : [өмірбаян] / Т. Жұртбай // iNews.kz последние новости в Казахстане : сайт. - Пайдалану орны : https://i-news.kz/news/2012/10/08/6657753-tyrsyn_zhyrtbai_kara_dapterdin_iesi_zhal.html (01.02.2017)
Кудерин Жумахан Маусумбаевич (1891 (или 1893) - 1938 [Электронный ресурс] : [биография] // Восточно-Казахстанская областная библиотека им. Абая : сайт. - Режим доступа : http://semeylib.kz/?page_id=2880&lang=ru (01.02.2017)
Нелегкая судьба Жумахана Кудерина [Электронный ресурс] : [биография] // el.kz: сайт. - Режим доступа : http://el.kz/blogs/entry/content-3678 (01.02.2017)
КУДЕРИН Жумахан Маусумбаевич (1891 (или 1893) - 1938) [Электронный ресурс] : [биография] // Люди и судьбы : биобиблиографический словарь востоковедов – жертв политического террора в советский период : сайт. - Режим доступа : http://memory.pvost.org/pages/kuderin.html(01.02.2017)