Известные имена

Сухорукова В. Н.


SuharukovaСухорукова Вера Николаевна (1951-2020 жж.) - ҚР Мәжіліс депутаты, Өскемен қаласының бұрынғы әкімі

Вера Сухорукова 1951 жылы 10 тамызда Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы Выдриха селосында туған.
1968-1973 жж. Өскемен құрылыс-жол институтында оқыған. Мамандығы –инженер-экономист.
1989 ж. КОКП ОК жанындағы қоғамдық ғылымдар Академиясын бітірген. Ғылыми коммунизм пәнінің оқытушысы.
1973-1977жж. Жезқазған облыстық коммуналды шаруашылық басқармасының жоспарлау бөлімінің бастығы, аға экономисі.
1977-1984жж. – Жезқазған қалалық Компартиясының бөлім меңгерушісі, инструктор.
Қалалық халықтық бақылау комитетінің төрағасы, облыстық атқару комитетінің орынбасары, бірінші орынбасары, Әкімшілік басшысының бірінші орынбасары, Жезқазған облысының әкімі (09.1984-04.1996).
04.1996-09. 1999 жж. –Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, ШҚО экономика басқармасының бастығы, «АБС Шығыс» ЖШС-нің директоры.
09.1999.-01.2003жж. – Өскемен қаласының әкімі.
2003-2004 жж. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты (19.09. 2004-20.06.2007), Экономикалық қайта құру, өңірлік даму Комитетінің төрағасы.
ҚР Парламенті «Еңбек» депутаттық тобының мүшесі. «Нұр-Отан» халықтық демократиялық партиясының мүшесі.
«Құрмет» (2001, «Барыс» (2001) ордендерімен, үш медальмен (1992,2005, 2006) марапатталған. Өскемен қаласының Құрметті Азаматы.

Сухорукова В.Н. туралы әдебиет

Литература о В. Н. Сухоруковой


Сухорукова В.Н. Өркенді өзгерістер ордасы [Мәтін] : [Қала әкімі Вера Николаевна Сухоруковамен сұхбат] / Сухорукова В.Н. // Егемен Қазақстан. - 2000. - 26 тамыз.- Б.2.

Тоқпатаев У. Патша көңіл, мәрт мінез, сырлы сезім [Мәтін] : [Өскемен қаласының әкімі Вера Сухорукова жайлы бір үзік сыр ] / Тоқпатаев У. // Дидар. - 2001. - 7 тамыз.- Б.2