Известные имена

Есімдер

Как лечить гастрит быстро. Как лечить гастрит желудка дома. Как лечить гастрит народными средствами. Лечение и профилактика кариеса. Быстрая профилактика кариеса зубов. Профилактика кариеса у взрослых. Питание во время беременности. Какое правильное питание во время беременности. Режим питания во время беременности. Почки симптомы болезни. Главные признаки болезни почек. Питание при болезни почек. Как доставить удовольствие девушке. Как доставить девушке больше удовольствия днем. Как доставить максимум удовольствия девушке. Грудные мышцы в домашних условиях. Быстрые домашние упражнения для грудных мышц. Тренировка грудных мышц. Йога для начинающих видео. Качественная йога для беременных. Уроки йоги для начинающих. Народное лечение простата. Главные средства лечения аденомы простаты. Лечение простатита и аденомы простаты.

Көшкінбаева А.

KoshkinbaevaКөшкінбаева Айғыз (1876-1918) - азамат соғысының қаһарманы

1876 жылы Семей облысы, Аягөз ауданы, Сарыбұйрат ауылында шаруа жанұясында дүниеге келген. Айғыз бала күнінен әлеуметтік теңсіздіктің, патша отаршыларының зорлық-зомбылықтарының куәсі болды. Тұрмысқа шыққан соң 19 жасында Аякөз қаласына көшіп келеді. Жас кезінен өжет,алғыр, еңбексүйгіш болған. Ауыл азаматтары егін егіп, суару үшін арық                                                                   қазғанда азаматтармен бірге болып, сол арықтың уақытылы бітуіне үлес қосқан.                                                                   Еңбегіне сүйсінген ел ұзындығы 4-5 шақырымға созылатын сол арықты “Айқыз арығы” деп атаған.

Айғыз қазақ қыздарының арасынан шыққан азамат соғысының ардагері, әрі қаһарманы. Болашаққа үміт артқан жас қыз отаршылдықдың азабынан құтыламыз деген үмітпен Қазан төңкерісіне үлкен сенім артады. Аякөз өңіріндегі ақ пен қызыл шайқасы кезінде Мамырсудағы қазақ эскадронын қарусыздандыруға, Сергиопольдегі қорғаныс күндері Айғыз окопқа, шай, тамақ тасып, жаралыларды емдейтін пункт ашқан.

1918 жылы 11 наурызда жұмысшы-шаруалармен бірігіп, қаладағы Уақытша үкіметтің жергілікті органын (приставты) құлатуға қатысты. Аякөзде Совет өкіметін жариялаған митингіде комиссар С. Ғаббасовтан кейін Айғыз сөйлейді.

Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында және «Туған елге тағзым» акциясы аясында ауылымызда 2017 жылдың 23 қыркүйек күні мектепте Айқыз Көшкімбаева ескерткішінің ашылуы   аудан көлемінде өткізілді.

Колчак әскерлері қаланы уақытша басып алған кезде, жендеттер Айғызды азаптап өлтірді. Аягөз қаласында бір көшенің аты, жалпы орта білім беретін мектеп, Айғыз Көшкінбаеваның есімімен аталады. Қазақтың қаһарман қызы Айғыз туралы қазақтың белгілі жазушысы Қалмақан Исабаев «Айқыз» атты роман жазды.

 

А. Көшкімбаева туралы әдебиет

Литература о Кошкинбаева А.

Кітаптар - Книги

 

Қазақ Совет энциклопедиясы (Мәтін) Т. 6 : Көз-Қосүйтас.-Алматы: Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакциясы, 1975.-640 б. - Көшкімбаева Айғыз: б. 54.

Аягөз [Мәтін] : Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданының энциклопедиясы.

Т. 1 / суретші: Б. Серікбай, И. Серікбаева. - Алматы : Көркем, 2010. - 676 б.: Көшкімбаева Айғыз: б. 308.

Шығыс Қазақстан облысы. Энциклопедия. /бас ред. Б.Ө. Жақып.-Алматы: Қазақ энциклопедиясы,2014. -848 б.- Айғыз Көшкімбайқызы: б. 138.