Известные имена

Сабильянов Н. С.

 

Сабильянов Нұртай Салихұлы – қоғам қайраткері, Парламент Сенатының депутаты999

1962 жылы 1 маусымда Семей облысы (қазіргі Шығыс Қазақстан облысы) Аягөз ауданы, Шыңқожа ауылында дүниеге келген.

Әкесі - Сабильянов Салих, ҰОС және еңбек ардагері, Ленинград блокадасына қатысқан. Анасы -Сабильянова Қасенхан тоғыз баланы дүниеге әкеліп, тәрбиелеп, өсірген ана.

Алматы халық шаруашылық институтының экономикалық есептеу факультетін үздік дипломмен (1988) экономист мамандығы бойынша; Қазақ заң университетінің кәсіпкерлік-құқық факультетін (1999) қуқықтанушы мамандығы бойынша бітірген. Мамандандырылған екі куәлігі бар - аудитор (1994) және бағалы қағаздар нарығының маманы (1997).

Еңбек жолын 1979 жылғы шілде айында Аягөз ауданының «Нарын» кеңшарындағы «Орбита» комсомол-жастар бригадасында бастады. 1980-1982 жылдары Кеңес Армиясы қатарында борышын өтеді. 1983 жылғы қаңтар-қараша аралығында «Нарын» кеңшарында құрылыс учаскесінің жұмысшысы болды. 1988-1990 жылдары Алматы электротехникалық зауытында экономист болып жұмыс істеді. 1990-2004 жылдары «Сарыарқа» акционерлік қоғамында («Сарыарқа-Алуан» ЖШС) бас бухгалтер, ал 1996 жылдан бастап қаржы жөніндегі вице президент-бас бухгалтер, басқарма мүшесі болды. 2004-2007 жылдары үшінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, ШҚО (Аягөз, Жарма, Үржар аудандары) № 25 сайлау округі бойынша сайланды. 2007-2011 жылдары- төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық тізімі бойынша сайланды. 2012 жылғы қаңтардан бастап – бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» ХДП-ның партиялық тізімі бойынша сайланды.

Қайырымдылық ісіне белсене араласады. Шынқожа ауылындағы Мәдениет үйінің құрылысын өз қаражатына жүргізді (2003), Аягөз қаласы мешіт құрылысын қаржыландырған (2004). Алматы қаласының және ШҚО көптеген азаматтарына, орта мектептерге, балалар бақшасына, кітапханаларға және басқа да мекемелерге демеушілік көмек көрсеткен.

«Құрмет» орденімен (2008), «Шапағат» (2003), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентіне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. ШҚО Аягөз ауданының Құрметті азаматы. Білім беру саласының меценаты (2008). ТМД Парламентаралық Ассамблеясының «Содружество» орденімен марапатталған.

Нұртай Сабильянов туралы жазылған кітаптар: «Намыс найзағайы» (1996), «Нұртай» (2001), «Шапағат» (2004), «Парыз» (2008), «Ел аманаты» (2008), деректі фильмдер түсірілген, көптеген жарияланымдар мен оның сұхбаттары мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген.

Жұбайы - Оразбаева Нұрсәуле Кекежанқызы. Ұлдары – Әкежан, Нұрлан, қыздары – Сара, Аягүл.

 

Н. Сабильяновтың мерзімді басылым беттеріндегі жарияланымдары

Публикации Н. Сабильянова в периодической печати

 

Сабильянов, Н. Қазақтың қолдаушысы-қазақ [Мәтін] /Н. Сабильянов // Жас алаш http://www.zhasalash.kz. - 2000. - 13 желтоқсан. - Б.3

Сабильянов, Н. "Ал шенеуніктерімізге ел мен жерді көбірек ойлауды тілеймін" [Мәтін]: [Семейлік Қазақстан Республикасының аудиторы Нұртай Сабильянов туралы бір үзік сыр] / Н. Сабильянов // Дидар. - 2001. - №50. - Б.4

Сабильянов, Н. Балалар, сендерді бақыт іздеп келе жатыр... [Мәтін] / Н. Сабильянов // Ақ желкен. - 2002. - №12.- Б.2-4

Сабильянов, Н. Ерназар мен Ер Төстік [Мәтін] / Н. Сабильянов // Жас алаш. - 2003. -   4 наурыз.- Б.3

Сабильянов, Н. Мұғалім мәртебесі биік болуы тиіс [Мәтін] / Н. Сабильянов // Қазақстан мектебі. - 2006. - №1.- Б.3-6

Сабильяно, Н. Қазақтар инвестициясын қайда салады? [Мәтін] / Н. Сабильянов // Семей таңы. - 2007. - 18 қаңтар. - Б.5.

Сабильянов, Н. "Менің сайлаушылар алдында арым таза, сенімім нық, атқарып жатқан халыққа еңбегім адал" [Мәтін] / Н. Сабильянов // Семей таңы. - 2007. - 15 наурыз.- Б.2.

Сабильянов, Н. Үлгілі, көпбалалы отбасыларды насихаттауымыз керек. [Мәтін] / Н. Сабильянов // Дидар. - 2012. - 26 шілде. - Б.8.

 

Н.Сабильянов туралы әдебиеттер

Литература о. Сабильянове Н.

Кітаптар – Книги

 

Нұртай [Мәтін]: деректі хикаят / құраст.: Ә. Қайырбеков. - Алматы: Өлке, 2001. - 392 б. (Введено оглавление)

Қайырбеков, Ә. Саға [Мәтін]: Эссе, әдеби сын-зерттеу, ой-толғам / Ә. Қайырбеков - Астана: Фолиант, 2003. - 296 б.

Елубай, О. Аялайық Алтайды [Мәтін]: (Деректі әңгіме, жолжазба, очерк,толғау, мақалалар) / О. Елубай - Өскемен, 2004. - 227 б.

Қайырбеков, Ә. Ардакүрең [Мәтін]: эссе, әдеби сын -зерттеу, сыр-сұхбат, ой-толғам / Ә. Қайырбекова. - Алматы: Дәуір, 2008. - 480 б.

Адырбек, К. Тәуелсіздікке талпыныс [Мәтін] / К. Адырбек. - Алматы: Айғаным, 2016. - 380 б. (Введено оглавление)

От Советского информбюро... /Управление архивов и документации Восточно-Казахстанской области, ГУ "Государственный архив Восточно-Казахстанской области»; под ред. А. Аубакирова. - Усть-Каменогорск: Б. и., 2010. - 284 с.

 

Мақалалар – Статьи

 

Қаңтарбаев, Ә. "... Көкала мұз алаңды көрген сайын, көз алдымда желтоқсан жаңғырады." [Мәтін]: [Жүрегін жалау, намысын алау еткен желтоқсан куәгері Нұртай Сабильянов туралы] / Ә. Қаңтарбаев // Дидар. - 2002. - 14желтоқсан. - Б.5

Көпен, Әмір-Бек Ел ішіндегі емен [Мәтін] / Көпен Әмір-Бек // Қазақ әдебиеті. - 2002. - 20 желтоқсан. - Б.4-5

Елубай, О. Аякөздің атымтай жомарты [Мәтін] / Елубай О., Д. Сейсенұлы // Егемен Қазақстан. - 2003. - 7 барыша. - Б.3

Саматұлы, Н. Экономикада да, саясатта да айтарым бар [Мәтін] / Н. Саматұлы // Ана тілі. - 2003. - 4 желтоқсан. - Б.8-9

Елубай, О. Алмас қылышты атымтай жомарт [Мәтін] / О. Елубай // Егемен Қазақстан. - 2004. - 16 наурыз. - Б.6

Шөмшеков, С. Алау - азамат [Мәтін]: Келбетнама / С. Шөмшеков // Дидар. - 2004. - 15 мамыр. - Б.4

Әділбаев, Ж. Тапқанына мастанбайды, шашқанына мақтанбайды [Мәтін] / Ж. Әділбаев // Дидар. - 2004. - 17 шілде. - Б.3

Малдыбаев, Б. Өмір жолы өнеге [Мәтін]: [Ұлы Отан соғысының ардагері, аягөздік С. Сабильяновтың өмір жолы] / Б. Малдыбаев // Аягөз жаңалықтары. - 2010. - 6 ақпан.- Б.8.

Ұлы Жеңістің 65 жылдығы құрметіне [Мәтін]: [аягөздік соғыс және еңбек ардагерлері] // Аягөз жаңалықтары. - 2010. - 1 мамыр - Б.2.

Рәш, М. Алтын жүректі азаматқа ода [Мәтін]: әзіл өлең / М. Рәш// Қазақстан - ZAMAN. - 2010.- 4 қараша. – Б. 20

Қайырбеков, Ә. Қайырымдылық қағидасы немесе қоғам қайраткері Парламент Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов туралы ой- толғам [Мәтін] / Ә.Қайырбеков// Егемен Қазақстан. - 2012.- 1 маусым. – Б. 9

Кәріпбаев, С. Марғасқа [мәтін] / С. Кәріпбаев // Семей таңы. - 2012. - 1 маусым. Б.7

Әнуарбекқызы, Б. Халық қалаулысы Абай еліндегі сайлаушыларымен жүздесті [Мәтін] / Б. Әнуарбекқызы // Семей таңы . - 2012. - 4 желтоқсан. Б.3

Абай елінен келген оқушылар Астанамен танысты [Мәтін]: Парламент мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильяновтың арнайы шқыруымен Шығыс Қазақстан облысы Абй ауданының бір топ оқушысы саяхаттап келді // Егемен Қазақстан. - 2013. - 26 қаңтар.- Б.4.

Тайжігіт, Б. Тұрғындар ұсынысы назарда тұр [мәтін] / Б. Тайжігіт // Семей таңы. - 2014. - 18 ақпан.- Б.3

Байбатыров, Ғ. Нұртайдың нұры [Мәтін] : қоғам қайраткері Нұртай Сабильянов туралы / Ғ. Байбатыров // Дидар. - 2004. - 25 қыркүйек.- Б.6.

Тұрапбайұлы, А. Қаржы жұмсауда тиянақтылық қажет [Мәтін] / А. Тұрапбайұлы // Егемен Қазақстан . - 2015.- 17 ақпан . - Б. 5

Дәуле,т А ҚР Парламент Мәжілісі депутаты Н.Сабильянов Зайсанда [мәтін] : кездесу / А Дәулет // Достық. - 2017. - 11ақпан. - б2

                                                                          ***

Шимыбраева Г. "Парень из нашего аула», - говорят о нем с гордостью земляки [Текст] : [О щедром меценате из Аягуза Н.Сабильянове] / Шимыбраева Г. // Казахстанская правда. - 2000. - 12 авг. - С. 7.

Эналеев С. Фортуна любит настойчивых и трудолюбивых [Текст] / Эналеев С. // Казахстанская правда. - 2012. - 8 июня. - С. 20

Встречи с избирателями [Текст] / Мажилис Парламента, Пресс-служба // Вести Семей. - 2013. - 23 июля. - С. 2

Тишкамбаев Е. Задачи высокой отдачи [Текст] / Тишкамбаев Е. // Казахстанская правда. - 2014. - 10 сентября. - С. 3

Встречи с избирателями [Текст] / Мажилис Парламента, Пресс-служба // Вести Семей. - 2015. - 1 сентября. - С. 2

Цой, Г. Время для встреч [Текст] : [о визите в Восточный Казахстан депутатов Мажилиса Парламента РК Б. Ертаева, Е. Козлова и Н. Сабильянова, чтобы познакомиться с проблемами региона] / Г. Цой // Рудный Алтай. - 2016. - 23 июля. - С. 3