Кәлетаев Дархан Аманұлы (1972) – мемлекет және қоғам қайраткері
1972 жылы 14 қазанда Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданының Приозерное кентінде дүниеге келген.
Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін «тарих» мамандығы бойынша, Мемлекеттік басқару ұлттық жоғары мектебін «мемлекеттік басқару менеджері» мамандығы бойынша тәмамдаған. Саяси ғылымдарының докторы.
Еңбек жолын 1995 жылы ҚР Министрлер Кабинеті Тілдер комитетінің маманы ретінде бастаған. Әр жылдары Білім және мәдениет; ақпарат және қоғамдық келісім министрліктерінің құрылымында қызмет атқарды.
1997-2001 жылдары – Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ішкі саясат департаменті Жастар саясаты бөлімінің бастығы, Астана қ. (қазіргі Нұр-Сұлтан қ.);
2001-2002 жылдары – Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ішкі саясат департаменті директорының орынбасары, Астана қаласы ( қазіргі Нұр-Сұлтан); Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім Министрлігінің жастар саясаты департаментінің директоры, Астана қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан);
2002-2004 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің сектор меңгерушісі, ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан);
2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі Ішкі саясат басқармасы Әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан);
2005-2006 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-саяси бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан);
2006-2007 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің меңгерушісі, Астана қаласы (қазіргі Нұр-Сұлтан);
2007-2008 жылдары – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары;
2008-2009 жылдары – «Нұр Отан» ХДП төрағасының орынбасары;
2009-2016 жылдары – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ Басқарушы директоры;
2018 жылы – Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі;
2018-2019 жылдары-Қазақстан Республикасының қоғамдық даму министрі.
2019 жылғы 1 наурыздан бастап 2019 жылғы 25 наурызға дейін – ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы.
2019 жылғы 25 наурыздан бастап – ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының бірінші орынбасары.
Өзге де лауазымдар: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық кеңестің хатшысы, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары (ақпараттық саясат) жөніндегі Қоғамдық кеңестің хатшысы (2004-2005); Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі (17.04.2017 жылдан бастап); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты (10.2016, 09.2017 жылдан бастап қайта тағайындалды), Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі (14.09.2017-04.2018 «"Нұр Отан» ХДП Саяси кеңесі (15.05.2009); «Нұр Отан» Халықтық-Демократиялық партиясы төрағасының орынбасары (13.10.2008-19.11.2009). Қазақстан Республикасының Украинадағы, Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (02.2020 бастап);
Марапаттары: «Құрмет» ордені (2005); медальдар, оның ішінде «Астанаға 10 жыл» мерейтойлық медалі (01.07.2008).
Ғылыми, әдеби еңбектері мен жарияланымдары: «Молодёжь Казахстана на пороге 21 века» (2000, бірлескен), «Возьмёмся за руки друзья!» (2001, бірлескен), «Государственная молодежная политика Республики Казахстан (2001, бірлескен), «Молодёжь и военно-патриотическое воспитание» (2001, бірлескен), «Организация работы центров молодёжных инициатив во внутренних войсках МВД РК» (2003, бірлескен), «Молодёжь Казахстана в условиях демократизации общественных и демократических отношений» (2004, бірлескен), «Формирование единства казахстанского народа как важнейшая проблема политической науки» (2007), «Социально-политическая консолидация казахстанского народа: особенности и проблемы» (2007), «Казахстан-страна, устремлённая в будущее. Фактор национального лидера» (2009), «Модернизация на постсоветском пространстве: фактор национального лидерства» (2010) |
|