Көшербаев Ермек Беделбайұлы – Қазақстанның мемлекет қайраткері, Шығыс Қазақстан облысының әкімі (2023-2025)
1965 жылы 2 мамырда Алматы қаласында дүниеге келген. 1988 жылы С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) «Тарих»-ты шет тілінде оқыту мамандығы бойынша, 1993 жылы КСРО СІМ Дипломатиялық Академиясын «Халықаралық қатынастар және сыртқы саясат» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1988 жылы Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінің аға инспекторы болып бастаған.
1989-1994 жылдары аталған министрлікте түрлі лауазымдарда еңбек еткен. 1994-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің кеңесшісі, Президенттің хаттамалық қызметінің басшысы болады.
1996-1997 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы елшілігінің бірінші хатшысы, Сыртқы істер министрлігінің Көпжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы қызметтерін атқарды. 1997-1999 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің көмекшісі болған.
2000-2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық лауазымдарда жұмыс істеді. 2010-2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болды.
2014-2018 жылдары ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жауапты хатшысы қызметтерін атқарды.
2018-2020 жылдары Сыртқы істер министрлігінің Жауапты хатшысы, Сыртқы істер министрінің орынбасары қызметтерін атқарған.
2020 жылдың қаңтарынан - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.
2023-2025 жылдары Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметін атқарды.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 14 ақпандағы №786 жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары болып тағайындалды
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Төтенше және Өкілетті Елшінің дипломатиялық дәрежесі бар.
Үйленген, екі баласы бар.
Е. Б. Көшербаев туралы әдебиет
Литература о Кошербаеве Е. Б.
Қазақстан Республикасы Президентінің жарлығы Е. Б. Көшербаев туралы : [Ермек Беделбайұлы Көшербаевты Шығыс Қазақстан облысының әкімі етіп тағайындау туралы] // Егемен Қазақстан. - 2023. - 19 маусым. - Б. 1
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ермек Беделбайұлы Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды // Тәңіртау. - 2023. - № 3. - Б . 3-4
Мұхамадиев, Т. Көпір, экология және ұлттық спорт : [ШҚО-ны басқарған Ермек Көшербаев несімен есте қалды?] / Т. Мұхамадиев // Менің өлкем. - 2025. - 20 ақпан. - Б. 5.
Шығыс Қазақстан: өзгерістер мен өрлеу кезеңі : [ШҚО-ны басқарған Ермек Көшербаев несімен есте қалды?] // Дидар. - 2025. - 20 ақпан (N8). - Б. 10-11.
***
Бахтиярова, Меруерт. Назначен новый аким области : [о назначении акимом Восточно-Казахстанской области Ермека Кошербаева] / М. Бахтиярова // Рудный Алтай. - 2023. - 17 июня (№ 71). - С. 1 : фот. цв.
Токаев, Касым-Жомарт (Президент Республики Казахстан). О Кошербаеве Е. Б. : Указ Президента Республики Казахстан : [о назначении акимом Восточно-Казахстанской области] / К.-Ж. Токаев. - Текст (визуальный) : непосредственный // Казахстанская правда. - 2023. - 19 июня (№ 114). - С. 1 : фот.